Әлдихан Қалдыбаев


Прокурор. Босата алмаймыз, олар заңды бұзған. Генерал



бет230/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   340
Прокурор. Босата алмаймыз, олар заңды бұзған.
Генерал. Олар – сіздің әкімдеріңіз, жаныңыз ашиды. Ал, біздің әкімге олардың қажеті жоқ.
Прокурор. Біздің әкімнің ешкімге жаны ашымайды екен. Арғы жағын айтпай-ақ қояйын, өзіңіз түсінерсіз.
Мұсылманқұлов. Түсіндім. Сол үшін ғой, менің құстай ұшып жеткенім. Сендер менің айтқанымды екі етіп көрмеген жігіттер едіңдер ғой, босатыңдар!
Генерал. Ол кезде сіз – біздің әкіміміз болатынсыз.
Прокурор. Сіз айтпайтынсыз, бұйыратынсыз.
Мұсылманқұлов. Мен енді сендердің қазіргі әкімдерің болмағанмен, бұрынғы әкімдеріңмін. Сондағы сыйластығымыз қайда?
Прокурор. Шенеуніктерде сыйластық, адамгершілік деген болмайды. Олардың шені үлкені – бұйырады, кішісі орындайды. Сіз мұны сыйластық деп біледі екенсіз ғой, жоқ, бұл – бар болғаны қызметтік әдеп деп аталатын иек қағу, бас шұлғу.
Генерал. Жақсы айттыңыз, Әбиірбек Рахымович. (Мұсылманқұловқа). Менің де сөзім – осы. (Генералдың министрмен сөйлесетін телефоны шылдырайды). Мен сізді тыңдап тұрмын, генерал-полковник мырза... Ия, тергеу изоляторында... Жоқ, босатпаймыз. Әлбетте, міндетті түрде сотқа жеткіземіз... Мақұл-мақұл, генерал-полковник мырза! (Телефон трубкасын қойып, Мұсылманқұловқа қарап). Естідіңіз ғой, әңгіме министрге жетіпті. Министр: «Босатпа. Сотқа жеткіз!» деген команда берді. Мен министрдің бұйрығын орындаймын. Кешіріңіз, Ерік Көбенович, мен енді ештеңе істей алмаймын.
Прокурор (орнынан тұрып). Қой, кетейін, Бас прокурор іздеп жатқан шығар мені.
Мұсылманқүлов. Тоқтаңдар! Үрейленіп сонша! Түсіндім, бұл мәселенің тізгіні сендердің қолдарыңда емес екен. Олар – сендерге әкім, министр, Бас прокурор, ал маған... Көреміз оларды әлі. Сендерге бір тілек – бәрін демей-ақ қояйын, біреуін – Құрман Қарғабаевты алдырыңдаршы осында. Ең болмаса, сонымен сөйлесіп, мән-жайды айтып кетейін.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет