Әлдихан Қалдыбаев


Прокурор. Істетеміз. Генерал



бет252/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   340
Прокурор. Істетеміз.
Генерал. Заңмен әрекет етеміз.
Әкім. Заңнан саңылау іздеудің қажеті жоқ. Заң – талай-талай білгір адамның ақыл-ойының жемісі. Заңда бәрі ойластырылып пішіліп, кесілген. Заңның бір бабымен қылмыскерді ату жазасына кесуге де, босатып жіберуге де болады. Мәселе заңда емес, заңгердің біліктілігінде. Заңгер қара қылды қақ жарған әділ болса, ешкім жазықсыз жапа шекпейді, жасаған қылмысына қарай жазасын алады. Алайда, қандай да бір заңгерді ала-қол қылатын жалғыз әзәзіл бар, оның аты – пара. Ол араласқан тірлік оңбайды.
Генерал (сергектеніп). Айтқаныңыздың бәрі – шындық. Оны бүгінгі мына тірлігіміз де дәлелдеп отыр емес пе.
Прокурор (дереу қоштап). Генерал мырза, сіз – шұғыл қимылдың адамысыз және тауып сөйлейсіз, шынында да, біздің басымызды дәл қазір бір жерге қосып тұрған күш – біреу. Бәріміз Ерік Көбеновичтің көңілін аулайық деп келіп тұрмыз. Қалтасына бірдеңе түспей, ол кісінің беті бері қарамайды.
Әкім (кекесінмен). Прокурор мырза, жаңа ғана параны сыйлаудың белгісі деп едің, енді келіп көңілін аулауға апарып телисің, мұның қайсысына сенеміз сонда?
Генерал. Пара деген жалғыз сөзге сеніңіз. Параны берудің мың түрлі сүйкімді сөзі бар. Оның бәрі – бергенше және алғанша айтылатын сөздер. Сыйлағанның белгісі, көңіл аулау, тағы басқа толып жатқан сылтаулар пара берген соң айтылудан қалады, пара деген жемір бәрін жұтып, жоқ қылады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет