Әлдихан Қалдыбаев


Әкім. Әбиірбек Рахымович, осының бәрін білесіңдер, бірақ құртпайсыңдар. Оны айтам, сол жаман әдеттің бәріне өздерің бой алдырасыңдар. Өкінішті. Генерал



бет255/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   340
Әкім. Әбиірбек Рахымович, осының бәрін білесіңдер, бірақ құртпайсыңдар. Оны айтам, сол жаман әдеттің бәріне өздерің бой алдырасыңдар. Өкінішті.
Генерал. Біз де өкінеміз. Бұл індеттермен күндіз-түні күресеміз. Ештеңе өндіре алмаймыз.
Прокурор. Неге? Бұл сұрақтың жауабы оңай әрі қиын. Оңай дейтінім, онымен Президентіміз бас болып, барша мемлекеттік құрылым күресуде. Ендеше, оң нәтиже болуға тиіс. Қиын дейтінім, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық бұрынғы қоғамдық құрылымдардың, тас дәуірін қайдам, басқасының бәрінде болған, қазір де бәрінде бар. Дүниеде тірі пенде қырылып қалып, үш адам аман қалса, болды, сыбайластық пен парақорлық болады. Екі адам сыбайласып, үшіншісін сорлатады. Күштіге әлсіз әуелі жалынып-жалбарынып, жауыққанын жазалатады. Күшті бірте-бірте кергитінді шығарады. Әлсіз қалай да ойға алғанын орындауы керек. Ол үшін не істеуге болады, әлбетте, күштінің құлқынына бірдеңе тығу керек. Оның аты – пара. Күштінің жұдырығы – тауары. Енді ол сол тауарын сатуға, әлсіз барын, яғни пара беріп сатып алуға үйренеді, тұтынушы болады, сөйтіп бұл құбылыс өзіндік бір бизнеске айналады. Қоғамдық құрылыс жетілген сайын бизнес гүлдемей ме, гүлдейді. Сол тәрізді сыбайластық пен парақорлық та гүлдейді. Сыбайластардың күшті жағының аранының өлшеусіз ашылуына байланысты оған жемқор деген атақ жамалған. Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық енді өмірге ендеп те, бойлап та еніп кетіп отыр. Олардың тамырына балта шабу мүмкін емес. Бұл әлемде өмір барда олар бар.
Әкім (таңданып). Прокурор мырза,сен құқық қорғаушыға емес, қоғамның өсу заңын білмейтін, қағаз кеміруді ғана білетін философқа ұқсайсың. Қоғам өз өмір сүру заңын өзі анықтап, адамдардың құқықтарын белгілеп, соларды орындаудың тетіктерін тауып, іске қосып, жүзеге асырады. Бұл істе шешуші рөл атқаруға тиісті сендер өстіп кері кетіп отырғанда, қалайша оңамыз біз? Сыбайлас жемқорды тауар иесі, пара берушіні – сол тауарды сатып алушы, яғни тұтынушы деген сұмдықгы естіп отырғаным осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет