Мұсылманқұлов. Жігіттер, не, іштерің пысты ма?
Генерал. Жоқ. Пысқан жоқ.
Прокурор. Біз Сізді бір сағат емес, бір күн күтіп тұруға дайынбыз.
Мұсылманқұлов. Әрқашан дайын болыңдар!
Генерал (пионер құсап қолын маңдайына тигізіп). Әрқашан дайынбыз!
Прокурор. Дайынбыз!
Қордабаев (аярланып). Қасқабай болмаса, бұл жігіттер қамшы салдырмайды.
Мұсылманқұлов (маңғаз). Қойыңдаршы сол Қасқабайды! Менің алдымды орайтын кім ол?
Қордабаев (Мұсылманқұловтың сөзін іліп әкетіп). Бәсе, кім ол, ешкім де емес. Сіздің қолбалаңыз. Осы тұрған бәріміз – сіздің қолбалаңызбыз.
Генерал. Иә, солай, қолбалаңызбыз!
Прокурор. Сізге қызмет етеміз!
Мүсылманқүлов. Рахмет, жігіттер!
Мұсылманқұлов масайрап, Сансызбаев пен Ахметов жүдеп, Қордабаев
шат-шадыман болып тұр.
Ш Ы М Ы Л Д Ы Қ
САУЫТБЕК ПЕН АҚБӨПЕ
(Екі бөлімді сазды драма)
Достарыңызбен бөлісу: |