Әлдихан Қалдыбаев


Оспан. Сен Берікті әлі сүйеді екенсің. Тәттігүл



бет125/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   340
Оспан. Сен Берікті әлі сүйеді екенсің.
Тәттігүл. Жоқ, мен сені сүйемін. Екеуіміздің махаббатымызға шаң жуымасын дегенім ғой – бұл.
Оспан. Ал, өзің келіп балалардың махаббатына жармасасың.
Тәттігүл. Иә, сөйттім...


Зәуре келеді.


Зәуре (әке-шешесінің қас-қабағынан әңгіме райын байқап). Мама, мені әлі саудаға салып жатырсыз ба?
Тәттігүл. Не қылған сауда? Сенің, бәріміздің тағдырымыз туралы әңгіме – бұл.
Зәуре. Мен – өз тағдырыма өзім қожамын.
Тәттігүл. Қожа!.. Ата-ананың тілін алмайтын не қылған қожа ол?! Әбден бетіңмен кеткен екенсің сен, қызым.
Зәуре. Мама, мен енді сізбен сөйлеспеймін. Папа, сіз кешіріңіз, мен бақытымды таптым, Ерлан екеуіміз қосылайық деп ұйғардық. Оның әке-шешесі де келісіп отыр. Сіз маған рұқсатыңызды беріңіз! Осы қазір кетем, далада Ерлан күтіп тұр.
Оспан. Зәуре, рұқсат айналайын! Тек Ерланды шақырып келші, айтатын жалғыз ауыз сөзім бар.


Зәуре барып, Ерланды ертіп кіреді.
Ерлан ұялып, аузы жыбырлап қана амандасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет