Оспан. Ешкімім де емес.
Тәттігүл. Ойбай-ау, мен Берікке тигенде, Ерлан менің балам болатын еді ғой. Оған Зәурені калай береміз?
Оспан (ашуланып). Тәттігүл, сенің осыдан басқа ісің құрып қалды ма? Демалып-демалып алып кірісесің келіп. Бүйтерің бар, басында неге тимедің, сол Берігіңе?
Тәттігүл.Сені сүйдім.
Оспан. Енді не қыл дейсің? Зәуре де Ерланды сүйеді.
Тәттігүл. Сүйсін. Бірақ мен Берікпен құда бола алмаймын. Өлім ғой бұл, құдай-ау, өлім. Ешкімге керек емес екенмін мен!
Оспан.Адам бол, керексің бәрімізге.
Тәттігүл. Адам болу – Зәурені Беріктің баласына беру ме сонда?
Оспан. Адам болу – өмірдің басты мәнін ұғу.
Тәттігүл. Ол не сонда?
Оспан. Ол – дұрысты дұрыс, бұрысты бұрыс деп білу.
Тәттігүл. Рас айтасың. Сонда да екеуінің бас қосып, қатар тұрғанын көруге дәтім шыдамайды менің?
Оспан. Неге?
Тәттігүл. Білмеймін.