Сәлима. Қой! Неге?
Сәлім. Білемін, сіздер, идеологтар: аралас отбасы-ұлттар достастығының айқын көрінісі дедіңіздер. Далбаса. Итті иесімен қинасын. Иттің иесі – адам. Адамның иесі – халық. Ерлі-зайыптылар ешқашан ұрыспай-таласпай тұра алмайды. Сондайда әйелің басқа ұлт өкілі екен, пәле қозды дей бергін. Жәй үй-ішілік бықы-тықы әңгіме демнің арасында ұлтаралық жанжалға айналып шыға келеді. Менің көрген күнім сол болды. Қит етсе, әйелім қазақтың, мен орыстың жер-жебіріне жетуге кірісіп кеп кететінбіз. Құрысын, қатынды кісі жеңген бе, оның үстіне ол – ұлы орыс халқының өкілі болса.
Достарыңызбен бөлісу: |