Әлдихан Қалдыбаев


Прокурор. Құттықтау хат. Генерал



бет222/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   340
Прокурор. Құттықтау хат.
Генерал. Менікі де сол.
Әкім. Қатырасыңдар. Мейлі...


Әкім артқы жақтағы демалыс бөлмесіне кіріп кетеді.


Прокурор. Бұл қандай әкім?!
Генерал. Әлі пісе қоймапты, айтқанға сеніп, көне береді.
Прокурор. Мен оның тілалғыштығын емес, басқа жағын айтып тұрмын. Көресіз әлі-ақ, бұл – сауысқаннан сақ болатын адам, кесіп алса, қан шықпайтынның дәл өзі болады. Соның басы – осы.
Генерал. Дұрыс айтасыз. Не деген қатыгездік!
Прокурор. Менің де ішім қан жылап тұр. Осыны қойсақ қайтеді?
Генерал. Қоя алмаймыз.
Прокурор. Неге?
Генерал. Әбиірбек Рахымович, оны сіз менен жақсы білесіз.
Прокурор. Генерал. Нұреке...
Генерал. Прокурор... Әбеке...
Прокурор. Бұл істі біз атқармасақ, кім атқарады?
Генерал. Ешкім.


Бесінші көрініс


Қалың ойға берілген әкім отыр кабинетінде.
Хатшы қыз кесеге шай құйып тұр. Соңына ақпарат жетекшісі
Қасым Хасенович ерген Ерік Көбенович Мұсылманқұлов кіріп келеді. Әсия шайнек пен кесені қоя салып, шығып кетеді.


Әкім (орнынан ұшып тұрып, қарсы жүріп барып амандасады). Сәлеметсіз, Ерік Көбенович. Қалай тез келіп қалғансыз?
Мұсылманқұлов. Сәлемет! Сөз-ақ! Қалай тез келіп қалғансыз?! (Қасым Хасеновичке). Сен бара бер. (Аппарат жетекшісі зып беріп шығып кетеді). Сен мұнда жер-әлемді бүлдіріп жатқанда мен онда қалай шыдап отырмақпын?!
Әкім (орындықты нұсқап). Ерік Көбенович, алдымен жайғасып отырыңыз. Бүлінген ештеңе жоқ. Аудан әкімдеріне жаныңыз ашып келсеңіз, айтайын, олар өз қылықтарынан тауып отыр.
Мұсылманқұлов (жақтырмай). Ол қандай қылық? Жазықтары – сені сыйлағандары ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет