Әлдихан Қалдыбаев


Прокурор. Дегенсіз. Генерал



бет249/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   340
Прокурор. Дегенсіз.
Генерал. Алмай қойғансыз.
Әкім. Ендеше, мыналарың нелерің?
Прокурор. Бұл – Сізді сыйлағанымыздың белгісі. Иә, бұл сыйлық емес, сыйлаудың белгісі. Сыйлық – пара, сыйлау – адамгершілік.
Әкім (иығын қиқаң еткізіп). Түсінсем бұйырмасын. Қайткенде де андағының ішіндегі доллар емес пе?
Генерал. Доллар.
Әкім. Онда не қыл дейсіңдер? Доллардың жүрген жері – пара, доллар – долы қатын, аулақ жүрген жақсы.
Прокурор. Нұрқат Асылович екеуміз мұны сыйлық емес, сыйлаудың белгісі деп ұйғардық. Сіз білесіз бе, қылмыстық кодексте сыйлық та пара деп көрсетілген, ал, сыйлауға тыйым салынбаған. Ондай бап жоқ. Сыйлау моральдық кодекске жатады.
Генерал (кекетіп). Коммунизм құрылысшыларының моральдық кодексіне жатады.
Әкім (кейіп). Сендер сол кодекске жүгініп тәрбиеленбеп пе едіңдер, енді келіп кекетесіңдер. Керек болса, айтайын, сол моральдық кодекс кіл адамгершілікке үндейтін. Оның әрбір тұжырымы Құранның сүрелерімен үндесетін. Алдама, ұрлық жасама, парақор, зинақор болма, кісі өлтірме, ешкімге қиянат жасама, арақ ішпе. Осылардың біреуінің адам тәрбиесінде күн тәртібінен түскенін көрдіңдер ме, айтыңдаршы (прокурор мен генерал ештеңе дей алмай, үнсіз келісіп тұр). Әне, көрген жоқсыңдар. Мына дүниеде адам барда бірге болатын құжат ол – моральдық кодекс. Сендер сол кодексті аттағандарды бас салып, май шелпекке айналдырасыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет