Әлдихан Қалдыбаев


Генерал. Иә, кішігірім заңды білмесе де болады. Әкім



бет251/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   340
Генерал. Иә, кішігірім заңды білмесе де болады.
Әкім. Жоқ, бұларың дұрыс емес. Кез келген заңға майда-шүйде деп қарауға болмайды. Адам өміріне қатысты мәселеде ұсақ-түйек жоқ.
Прокурор. Айтқаныңыздың бәрі дұрыс. Сонда да Сізге бір шындықты айтсам қайтеді?
Әкім. Айт.
Прокурор. Айтсам, біздің заңымыздың біразы – шикі. Олардың осал тұсын кінәлілер де, заңгерлер де пайдаланып кетіп жүр.
Генерал (прокурорға). Әбден тауып айттыңыз. Біз қылмыскердің кінәсін бұлтартпайтын дәлелдермен мойнына қойып өткіземіз сотқа, ал ол сотта ақталып жатады, не болар-болмас мерзім алады. Не істейсің, таңданасың да қоясың.
Әкім. Прокурор қайда сонда? Заң алдында бәріміз жауаптымыз, бәріміз бағынамыз, бәріміз тең құқылымыз. Заңды Президенттен бастап бәріміз бірдей сыйлауымыз керек. Ал, сол заңның сақталуын қадағалайтын, адамдардың құқын қорғайтын өкілетті мансап иесі – прокурор. Прокурорға таңдану емес, заңды жұмыс істету керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет