Әлдихан Қалдыбаев


Әкім. Ендеше, екеуің мені несіне алдайсыңдар? Прокурор



бет253/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   340
Әкім. Ендеше, екеуің мені несіне алдайсыңдар?
Прокурор. Қасқабай Төреқұлович, әкімді кім алдаушы еді. Алданатын адам әкім болмайды.
Әкім (сұрланып). Екеуің айтыңдаршы, біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
Генерал (тез). Құқықтық мемлекетте.
Прокурор (іле) Демократиялық мемлекетте.
Әкім. Екеуің де дұрыс айтасыңдар. Осыны Елбасы: «Демократия дегеніміз – заңдарды бұлжытпай орындау», - деп әдемі әрі дәл тұжырымдаған. Біздің бәріміз Елбасының бұл айтқанын мүлтіксіз орындауымыз керек.
Генерал. Орындаймыз.
Прокурор. Орындамағанда ше, кеудемізден жанымыз шыққанша орындаймыз.
Әкім. Орындасаңдар, Елбасы қазір жаппай майдан ашып отырған сыбайлас жемқорлықпен неге күреспейсіңдер? Жоқ, күресудің орнына өздерің жол ашасыңдар.
Генерал. Біздікі ешқандай сыбайластық емес, сыйлау.
Прокурор. Біздікі ешқандай жемқорлық та емес, Ерік Көбеновичтің бетін бері қарату, көңілін аулау.
Әкім (мырс етіп, кекесінмен). Ендеше, екеуің Ерік Көбеновичтің бетін бері қаратып, көңілін аулағалы әкелгендеріңді (анадай жерде тұрған аппарат жетекшісін нұсқап) Қасым Хасеновичке беріңдер де, қайта беріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет