Генерал. Қасқабай Төреқұлович, Сіз таңданғанмен, мен таңданғаным жоқ, бәрі рас сияқты.
Прокурор. Бұл сөзімнің түбіне терең бойласаңыздар, айтқанымның айдай анықтығына сенетін боласыздар.
Әкім (шорт кетіп). Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтан құтылу үшін, алдымен, сендермен күресу керек екен. Қоғам, қазіргі құқық қорғаушылардан тазартпай, тазармайды екен. Әттең, есебі жүргізілмейді, жүргізілсе, параның тоқсан пайызын құқық қорғау органдарының қызметкерлері алатынын анықтар еді.
Прокурор.Сыбайлас жемқорлыктың дәл соншама пайызы – шенеуніктердің еншісіне тиеді.
Генерал. Айтуға Сізден қорқамыз, сонда да айтайын, парақорлыққа келгенде де таразы басын шенеуніктер басады.
Әкім (сұрланып). Қорқатын не бар, айтыңдар айтатындарыңды түгін қалдырмай.