Әлдихан Қалдыбаев



бет264/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   340
Мұсылманқұлов. Неткен қатыгездік!
Қордабаев. Айтпаңыз, тегі!
Мұсылманқұлов. Қап, қателескен екенмін! Әкім болатын адам емес екен бұл Қасқабай.


Прокурор мен генерал бір шетте әңгімелесіп жүр.


Генерал. Әбиірбек Рахымович, қандай жорамалыңыз бар, аналар не айтып жатыр?
Прокурор. Не айтсын, Ерік Көбенович Қасқабайды қырамын-жоямын, аудан әкімдеріне өзім жұмыс тауып беремін, деп жатқан шығар.
Генерал. Сөйтіп жатыр. Ол кісінің кәрінен біз аман ба екенбіз, әйтеуір?
Прокурор. Бізді қайтсін ол? Әкім болып тұрғанда пайдаланды, енді қажетіміз жоқ.
Генерал. Біз – шәркейміз, десеңізші, жазында киіп, қысында лақтырып тастайтын.
Прокурор (күліп). Шәркейміз. Неге теңесеңіз, соған теңеңіз, біздің көрген күніміз – осы, бағыну,қорқу. Сіз білесіз, адамзаттың арыстаны, батыр Бауыржан қорқу сезімін ерекше бағалаған. Қорқыныш – өмірдің қозғаушы күші. Қараңыз, біздің бәріміз бастықтан қорқамыз. Сөйтеміз де жұмысты жақсы істейміз. Қорықпасақ, нақұрыс болып кетер едік.
Генерал. Әбиірбек Рахымович, сіз – философсыз. Сізден үйренетін нәрсе көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет