Әлдихан Қалдыбаев



бет267/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   340
Қатысатындар:


Сауытбек – ақын, әнші, сал, 27 жаста.
Ақбөпе – ақын қыз, 19 жаста.
Жидебай – сал, шешен, 34 жаста.
Өтелбай – Ақбөпенің әкесі, 50 жаста.
Күнімбала – Ақбөпенің шешесі, 45 жаста.
Алтынай – Сауытбектің жеңгесі, 24 жаста.
Солтай – Ақбөпенің інісі, қойшы бала, 15 жаста.
Сақ қария – 65 жаста.
Тантай – Ноғайбай болыстың баласы, Ақбөпені көп қалың мал беріп алған жігіт, 30 жаста.
Әсел – Тантайдың шешесі, 60 жаста.
Мақұлбек – Ноғайбай болыстың жақын ағайыны, 64 жаста. Көбен – Тантайдың үзеңгілес серігі, 29 жаста.
Қыз-қырқын, келін-кепшік, үлкенді-кішілі ер адамдар, бала-шаға.


Бірінші бөлім


Бірінші көрініс


Шу мен Қорағаты өзендерінің қосылған жеріндегі үлкен саз.
Осы сазда Аша болысы Тілеуқабылдың немересінің сүндет тойы өтіп жатыр. Болыстың сый-сияпатына бөккен үлкенді-кішілі адамдар сегіз
қанат үй ішінде дәудірлесіп отыр. Осы сәт әлекедей жаланған
бір жігіт ішке ентіге еніп, көңілді сөйлей жөнеледі.


Жігіт. Ал, ағалар, аяқ-қолдарыңызды жинап, ыңғайланып отырыңыздар. Қыздар келе жатыр.
Отырғандар жарыса тіл қатады:
– Келсін.
– Кірсін.
– Ақбөпе бар ма ішінде?
Жігіт. Бар.
– Соны айт. Өзге қыздар – бір төбе, Ақбөпе – бір төбе.
– Өзге қыздар – торғай, Ақбөпе – бұлбұл.
Жидебай. Жә, шуламаңдар. Ақбөпе – ақын қыз. (Сауытбекке бетін бұрып). Ал, Сауытбек сал, қолыңа домбыраңды ал, өзіңді көрсететін кезің келді.
Сауытбек (жайбарақат). Асықпаңыз, Жидеке, бір мәнісі болар.
Жидебай. Асығам. Айтысасың. «Абылайдың асында шаппағанда әкеңнің басына шабасың ба?» деген сөзді естімеп пе едің?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет