Әлдихан Қалдыбаев


Генерал. Шын шығар. Прокурор



бет263/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   340
Генерал. Шын шығар.
Прокурор (Қордабаевқа қарап). Оны мына кісі біледі.
Қордабаев (күмілжіп). Енді...
Мұсылманқұлов. Әй, бір шикілік бар-ау сөздеріңде. (Оқшаулана беріп). Қасым Хасенович, сен бері жүрші өзің.
Қордабаев (Мұсылманқұловтың жанына жақындап). Сіздің не сұрайтыныңызды білемін, Ерік Көбенович. Қасқабайды ешкім шақырған жоқ, өзі кетті. Беретінін маған бұрын беріп қойған, ана екеуінің көзінше қайтып ала алмады. Әйтпесе, онысын қайтып алмақ түрі бар.
Мұсылманқұлов. Түрі құрысын! Таяз ба, деймін өзін?
Қордабаев (құлшынып). Таязыңыз не, көр. Сіз туралы бірдеңе айтпақ болсам, жақ аштырмайды.
Мұсылманқұлов. Қарай көр-ей, мұны! Қасиетсіз! Мына екеуі не істеп жүр?
Қордабаев. Оларды қойшы, олар – кімнің тарысы піссе, соның тауығы.
Мұсылманқұлов. Өзің ше?
Қордабаев. Мен – Сіздің қызметшіңізбін.
Мұсылманқұлов. Айтып едім ғой, сен – менің осы облыстағы өкілімсің. Сені әзірше, Мұсылманқұлов өйтіп кетті, бүйтіп кетті деген әңгіме басылғанша осында ұстаймын, содан соң өзіме аламын кеңесші қылып.
Қордабаев. Қандай әңгіме шықпасын, мен Сізге жеткізіп тұрамын.
Мұсылманқұлов. Сөйт. Сен айтшы, мына Қасқабайды қайтсем болады? Бір жолға қоя тұрайын ба, жоқ, қызметінен қуғызып, қаңғытып жіберейін бе?
Қордабаев. Қоя тұрыңыз. Өзіңіз кеше ғана қошқар қойып кетіп, бүгін орнынан алғызып тастасаңыз, ел-жұрттан ұяттағы. Қасқабай қайда барады, кішкене жүре тұрсын. Оңалар. Өйтпейді екен, өз обалы өзіне, аямаңыз.
Мұсылманқұлов (құшырланып). Айтқаның жөн. Қасқабайдың тізгіні менің қолымда, қалай қарай тартсам, солай қарай жүреді. Ол біледі, ерегіссем, езуін жыртып жіберетінімді.
Қордабаев (мүләйімсіп). Біледі, әрине. Бәріміз білеміз.
Мұсылманқұлов (сұрланып). Қасым Хасенович, бар, ана екеуіне айт, кетсін. Маған олардың керегі жоқ. Бағанағы көрсеткен қорлықтарын мен ұмытты дей ме екен? Жо-о-оқ, Ерік ондайды оңайлықпен ұмытпайды (теріс айналып бара жатып). Барсын екеуі Қасқабайларына.
Қордабаев. Ерік Көбенович, Сіз не, екеуіне өкпелеп қалғансыз ба? Оларға өкпелейтін түк те жоқ. Олар – қызмет шеңберінде ғана әрекет ететін шерменделер. Шенеунік атаулының бәрі – сол, басында билігі жоқ, бастықтың құлы.
Мұсылманқұлов. Айтасың, Қаске, айтасың. Айтпақшы, аудан әкімдерін қайтті Қасқабай?
Қордабаев. Бәрінің өтінішіне қолын қойып, босатып жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет