Әлдихан Қалдыбаев


Сақ. Қарағым, қой, тіл ал. Көзге түсесің. Онда Ноғайбай болыстың адамдары аямайды. Сауытбек



бет297/340
Дата06.02.2022
өлшемі0,75 Mb.
#48445
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   340
Сақ. Қарағым, қой, тіл ал. Көзге түсесің. Онда Ноғайбай болыстың адамдары аямайды.
Сауытбек. Аға, Ақбөпенің бір ауыз сөзін тағы бір естіп барып өлсем, арман жоқ. Барамын.
Сақ (шарасыз). Сені ешкім тоқтата алмайды екен, бара ғой.


Сауытбек Ақбөпе жатқан шошалаға жақындай бере аңырап қоя береді.
Сауытбек.
Келдім, сәулем Ақбөпе, қайтайын деп,
Ақырғы сөз: «Қайыр, қош!» - айтайын деп.
Бұдан былай көрмеймін енді сені,
Келдім тағы халіңді байқайын деп.
Бұдан артық келмейді қолдан дәрмен,
Кесел болды, қайтейін, іштегі арман.
Жаратқанға жоқ еді жазығымыз,
Қайтіп қана орнатты ақыр заман?!
Ақбөпе – жаным,
Шекер – балым,
Қазан ұрған гүл құсап,
Бүрісіп қалды халім.


Ақбөпе (есіктен шығып, бүркеншігін ашып, егіліп жылап тұрып):
Даусыңды есіткен соң шыдамадым,
Қайтейін сабыр етіп, тұра алмадым.
Кетейік дегенімде бата алмап ең,
Енді неге арзиды жылағаның.
Еркім жоқ, ықтияр жоқ өз басымда,
Қарайтын жан адам жоқ көз жасыма.
Пайда жоқ қайғырғаннан енді бізге,
Сауытбек, білмедің бе о басында.
Көп жаныс отыз үйге салды қыспақ,
Қолынан не келеді аз үй қыпшақ?
Қорқытып ат ойнатты аз руға,
Жылаған кім бар екен маған құсап.
Ғашығым,
Көре алмаймын,
Күле алмаймын.
Қайғыдан енді тірі Жүре алмаймын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   340




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет