Балқия.Дайындаймыз. Бір баладан аярымыз жоқ біздің.
Тәттігүл(разы болып күліп).Қайран менің Балқия тәтем, бәрінің жөнін біледі.
Балқия.Сен де ешкімнен қалмайсың, жасауын жақсылап сайла қызыңның.
Тәттігүл. Сөз бар ма, әлдеқашан әзірлеп қойғанмын бәрін.
Балқия.Білемін ғой, Білемін, Зәуре десе, сен ішкен асыңды жерге қоясың.
Тәттігүл.Біздің бір қыздан аярымыз жоқ. Үйдей көшіріп ұзатамыз біз Зәурені.
Балқия.Тілеуіңе жет! Мен енді үйге барайын, Тәтті.
Тәттігүл.Барасыз ғой. Отыра тұрыңыз, шәй ішіңіз. Есікпе-есік отырып несіне асығасыз?
Балқия.Шаруа бар. Жездеңе кешкі ас дайындауым керек.