Элективті пәндер каталогы дегеніміз студенттердің өздігінен оқу траекториясын құратын таңдау пәні болып табылады



бет2/6
Дата04.07.2018
өлшемі493 Kb.
#46329
1   2   3   4   5   6

16

Say/Pol 2107


б) Саясаттану







3

Пререквизиттер: Қазақстанның қазіргі заман тарихы.

Постреквизиттер:

Құқық негіздері, Философия.



Мақсаты: Студенттердің бойында саясаттанудың пәні мен әдістері, саяси ойдың эволюциясы, саяси өмірдің заңдылықтары, саяси үрдістердің тенденциялары және оның жекелеген елдер мен жаһандық деңгейлердегі жүзеге асу ерекшеліктері туралы негізгі ғылыми білімдерді, саяси тұжырымдары мен әдістерін ескере отырып өздерінің кәсіби мәселелерінің шешімдерін табуға қажетті шығармашылық білімдермен қаруландыру.

Мазмұны: Қоғамдық құбылыс ретіндегі саясаттың мәні мен мазмұнын тереңірек түсінуге, оның құрамдас элементтерін микро және макро деңгейлерде тануға, ішкі және сыртқы байланыстарын анықтауға, саясаттың әлеуметтік өлшеуіштерінің объективті критерийлерін әзірлеуге көмектеседі.

Білімі мен түсінігі: халықтар мен мемлекеттердің саяси өмірінің ерекшеліктерін, дүниетанымын, тарихи формаларын ашып көрсету және баяндау; саяси ой-кешудің тарихи типтерін, тарихи бағыттардың көптүрлілігінің мәнін анықтау.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: өркениет тарихындағы саяси білімдердің дамуының негізгі кезеңдерін сараптай білуді меңгеру.

Пайымдаулар: келелі мәселелерді шешуде логикалық және сынау қасиеттерін қолдануға бейімделу.

Коммуникативтік қабілеттілік: саясаттың өзекті мәселелері бойынша саяси сұхбат және пікірталас жүргізу тәсілдерін; көпшілік алдында сөйлеу және өзіндік көзқарасын жазбаша түрде дәлелді баяндау және қорғау.

Өздігінен білім алу қабілеттігі: Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай мазмұнын қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісін қалыптастыру; 

1) саяси білімдерді әртүрлі жеке жағдайларда және қоғамдық құбылыстарды сараптауда қолдана білуі;

2) Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі мәселелерін, қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың маңызды мәселелерін білуі;

3) қазіргі саяси ғылымның әдістерін білу және оларды саясаттанулық зерттеулерде қолдана алуға қабілетт болуы; 4) қазіргі динамикалық өзгерістегі өмірде саяси мәселелерді шешуде шығармашылық жолдарды пайдалана білуі;

5) стандарттық емес жағдайларда саясаттанулық білімдерді пайдалана білуі;

6) қазіргі саяси ғылымның теоретикалық базасына негізделген зерттеу болжаулары мен моделдерін қалыптастыра білуі.



17

BP/DP 2209


а) Балалар психоло

гиясы

3

5

3

Пререквизиттері: Кіші жастағы балаларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау, Постреквизиттері: Ойын психологиясы.

Мақсаты: «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығына арналған «Балалар психологиясы» курсы мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің психологиялық аспектілерімен, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін негіздеу. Туғаннан және 6 жасқа дейінгі баланың психикалық дамуының ерекшеліктері жан-жақты дамыту мен тәрбиелеу. Мазмұны: Балалар психологиясындағы бала психикасы дамуының негізгі тұжырымдамасы. Баланың эмоцияналдық ерік-жігері. Жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері. Балалар психикасының даму факторлары. Баланың нәрестелік кезіндегі дамуы. Мектепке дейінгі жас кезеңіндегі психикалық даму. Мектептегі оқуға тұлғалық және интеллектуалдық даярсыздық.Балалардың эмоциялар мен сезімдердің дамуы.Дамуында ауытқуы бар балаларды іріктеп алу ұстанымдары.

Білімі мен түсінігі: «Балалар психологиясы» пәні бала психикасының жан-жақты дамуына жол ашады. Білімі мен түсінігін қолдана білу: «Балалар психологиясы» курсы мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің психологиялық аспектілерімен, балалардың психикалық даму ерекшеліктерін негіздеу. Пайымдаулар: Бала психикасының жан-жақты дамуы. Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, өзекті мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.Теориялық білімдерді сапалы түрде түсінуге және студенттердің бойында білімдер мен дағдыға деген тұрақты қызығушылық сенімдерін қалыптастыру болып табылады.

1) «Балалар психологиясы»

курсының теориялық білімдерін сапалы түрде түсінуі; 2) Ойлау мәдениеті жоғары және дүниетанымы кең жоғары білімді тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін саласында базалық білімінің болуы; 3) Психология ғылымына тиесілі жаңалықтарды үйренуде заманауи техниканы қолдануы; 4) мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастыру іс-әрекет барысында ойын технологияларын қолдана білуі; 5) Психология ғылымынан меңгерген білімін топтарда ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі;



18

ZhEP/VP 2209


б) Жас ерекшелік психология







3

Пререквизиттері: Отбасы психологиясы.

Постреквизиттері: Ойынның психологиялық-педагогикалық негізі, Балаларды мектепке дайындаудың әдіснамалық астарлары.

Мақсаты:Әр түрлі сатыларындағы психикалық даму мәселелері бойынша негізгі теориялар мен тұжырымдамалар туралы студенттерге жүйелі түсініктерді қалыптастыру.

Мазмұны: Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеу; Жас кезеңдерге бөлу және сипттпмп беру;

Білімі мен түсінігі: «Жас ерекшелік психологиясы» пәні жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеге жол ашады;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: «Жас ерекшелік психологиясы» курсы Жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін негіздеу. Пайымдаулар: Жас кезеңдерін бөлу; Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, өзекті мәселелерді және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Теориялық білімдерді сапалы түрде түсінуге және студенттердің бойында білімдер мен дағдыға деген тұрақты қызығушылық сенімдерін қалыптастыру болып табылады.

  1. жас ұғымының психологиялық ерекшеліктерін, жас даму заңдылықтары мен механизмдерін зерттеуі;

  2. жас ерекшелік психологиясының жалпы және жеке әдістерімен танысуы;

  3. кәсіби сараптап ойлауды, байқағыштықты, зейінділікті дамытуы.

  4.  оқыту процесінде білім мен іс-әрекет тәсілдерінің дамуы;

19

MDBBKAZh/ SMSDO 2210


а) Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйелері

3

5

3

Пререквизиттері: Отбасы педагогикасы

Постреквизиттері: Мектепке дейінгі педагогика, Мектепке дейінгі білім беру мамандарын даярлауда интербелсенді оқу технологиясын қолдану әдістемесі.

Мақсаты: Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып, педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас туындауын көздейді..

Білімі мен түсінігі: Студенттерді Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйенің бағыты мен мазмұны туралы білімі мен түсінігін көрсете білу.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйелерін кәсіби деңгейде меңгеру. Білім берудің әлемдік жүйелерін меңгеру барысында туындайтын мәселелерді шешу.

Пайымдаулар: Ғылыми көзқарастарды ескере отырып Мектепке дейінгі білім берудің қазіргі әлемдік жүйелерінің ерекшеліктерін жүзеге асыру.

Коммуникативтік қабілеттілік: Білім берудің әлемдік жүйесін мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттігі: Әлемдік деңгейде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.


1)мектепке дейінгі ұйымдардың барлық түрлері мен типтерінің желісін кеңейтілуі;
 2) консультативтік пункттер желісін кеңейту, ата-аналарға арналған телехабарлар тарату бағдарламаларын, оқыту сайттарын жасау, отбасылардың интернет-ресурстарға қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ата-аналарды білім беру қызметтерімен қамтамасыз етуі;
    3) мектепке дейінгі білім беру жүйесінің, оның ішінде балаларды ерте жастан дамыту бойынша мазмұнын бағдарламалық-әдістемелік жаңарылуы;
      4) балаларды ерте жастан дамыту бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруы.

20

MDBBSB/SPT 2210

б) Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқару






3

Пререквизиттері: Отбасы педагогикасы.

Постреквизиттері: Мектепке дейінгі педагогика, Мектепке дейінгі ұйымдағы тұлғаға бағдарлы білім беру теориясы.

Мақсаты: Мектепке дейінгі мекемеде білім беру үдерісінің барысын бағалау әдістерін құру.

Мазмұны: Мектепке дейінгі балалардың түсіндірушілік, суреттеп баяндаушылық, болжаушылық, құрастырушы-техникалық, дүниетанымдық функциялары туралы түсінік беру.



Білімі мен түсінігі: мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісін туралы толық меңгеруі тиіс;

Білімі мен түсінігін қолдана білу: балаларды арнайы қарапайым білім негіздерінен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету;

Пайымдаулар: мектепке дейінгі балаларға мақсатқа бағытталған, маңызды түрде ұйымдасқан бағыт бере алады.

Коммуникативтік қабілеттілік: адамзат мәдениетінің элементі болатын тың жаңа білімді

қолдана білу қабілеттерінің болуы.



Өздігінен білім алу қабілеттігі: мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру процедуралары туралы түсініктеме беру.

1) педагогикалық практика барысында педагогикалық үдерістер мен құбылыстарды анықтай алуы; 2) заманауи жаңа техниканы қолдануы; 3) мектепке дайындау мақсатында мектепалды даярлық топтарында ұйымдастыру іс-әрекет барысында заманауи ақпараттық технологияларды қолдана білуі; 4) белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыруы;

5) Ұжымдық іс-әрекетке педагогикалық-психологиялық тұрғыдан білімін білікті қолдана білуі;




21

KZhBPPTMD/
PPPD 2212



а) Кіші жастағы балаларды педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау

3

5

4

Пререквизиттер:

Отбасы педагогикасы, Балалар психологиясы. Постреквизиттері:

Педагогикалық шеберлік, Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.



Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық педагогикалық тұрғыдан дайындық жұмыстарын жүргізу. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтау.

Мазмұны: Оқу жұмысының нәтижелілігін есептеу мен бақылаудың теориялық негіздері. Бақылау мен оқыту нәтижесін есепке алудың түрлері. Оқушылардың білімін бағалау. Бағалаудағы қателіктер. Бақылаудың оқыту мақсаттарына сәйкестігі. Бақылау мен бағалаудың оқыту нәтижесінің мемлекеттік стандартқа сәйкестігін анықтауға бағытталғандығы. Оқыту үдерісінің сапасын педагогикалық тұрғыдан бақылау.

Білімі мен түсінігі: студент психологиялық педагогикалық дайындық жұмысының негізгі бағыттары, сфералары, ғылыми парадигмалары туралы толық меңгеруі тиіс;

Білімі мен түсінігін қолдана білу:психологиялық педагогикалық диагностикалау нәтижесінталдай білу;

Пайымдаулар: бала психикасының жан-жақты дамуы.Баланың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Коммуникативтік қабілеттілік: Пән бойынша алған білімдерін басқа да педагогикалық, психологиялық сабақтарда кеңінен қолдана білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттігі: психологиялық даярлық, баланың бүкіл психикалық дамуының қорытындысы, отбасы мен балабақшадағы тәрбие мен үйретудің бүкіл жүйесін қарастыру.

 1) түрлi жағдайда педагогикалық және психологиялық диагностика нәтижелерін талдай білуі, түрлі әдiстердi-тәсілдерді қолдана диагностика жүргізу барысында қолдана білуі,білімін бағалай білуі,

2) қоғамдық пікірге, дәстүрге, салтқа, қоғамдық нормаларға негізделетін әлеуметтік-этикалық құндылықтарды білу және өзінің кәсіптік қызметінде оларға сүйенуі;

3) іскерлік этика нормаларын сақтау, мінез-құлықтың этикалық және құқықтық нормаларын игеруі; 4) педагогикалық және психологиялық ұғымдарды бiлуі; түрлi жағдайда қарым-қатынасқа түсе білуі; ұжымда жұмыс істеуге қабілетті болуы, өзінің көзқарасын дәлелдей алуы, жаңа шешімдер ұсына білуі;



22

MD/PP 2212


б) Мектепалды дайындық







4

Пререквизиттер: Отбасы психологиясы, Жас ерекшелік физиологиясы және мектепке дейінгі гигиена. Постреквизиттері:

Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық тәрбиелеу, Мектепке дейінгі мекемелерде табиғаттанудан көрнекі құралдар дайындау әдістемесі, Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу өнері теориясы мен әдістемесі.



Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындау ерекшелігі туралы білім беріп, ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Мазмұны: Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындау негіздері. Мектепке дейінгі жастағы балалараға мінездеме беру және зерттеу жүргізу; Диагностикалық зерттеулердің құрылымы. Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы принциптері. Педагогикалық-психологиялық дайындау деңгейлері.

Білімі мен түсінігі: мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындау негіздері, диагностикалық зерттеулердің құрылымы, педагогикалық-психологиялық дайындау деңгейлері туралы бастапқы ұғымдарды меңгеру. Білімі мен түсінігін қолдана білу: мектеп жасына дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау бойынша білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде пайдалану;

Пайымдаулар: ғылыми көзқарастарды ескере отырып, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау туралы пайымдаулар жасауға қажет мәліметтер туралы ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік: мектепке дайындауға қатысты ақпараттарды, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді. Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Балалардымектепке дайындауға қатысты белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

 1) педагогикалық практика барысында мектепке педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау негіздерінен меңгерген білімдерін қолдануы; 2) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындауға тиесілі жаңалықтарды үйренуде заманауи техниканы қолдануы; 3) мектепке дайындау мақсатында мектепалды даярлық топтарында сабақ беру барысында (сауат ашу, математика) ақпараттық технологияларды қолдана білуі; 4) балабақшада мектепке педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы; 5) мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке педагогикалық-психологиялық тұрғыдан мектепке дайындау меңгерген білімін икемді де білікті қолдана білуі;

23

BA/DL 2213


а) Балалар әдебиеті

3

5

4

Пререквизиті: Педагогика. Постреквизиті: Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру.,

Мақсаты: Студенттер мектеп жасына дейінгі балалар үшін көркем шығармаларды іріктей алуды, оқиғаның желісін салыстыра алуды,

шығармадағы суреттелген кейіпкерлерді ажырата білуін меңгеруге үйрету.



Мазмұны: Балалар әдебиетінің зерттелуі. Балалар әдебиетінің даму тарихы, балалар фольклоры. Балалар фольклорының жіктелуі, ішкі жанрлық топтары. Қазақ балалар фольклорының орыс, шетел балалар фольклорымен байланысы. XIX ғасырдағы балалар әдебиетіне жазушылар және педагог ағартушылардың қосқан үлесі. Қазақ кеңес балалар әдебиеті. Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ балалар әдебиеті. 1960-1990 жылдардағы балалар әдебиетінің өрлеуі. Балаларға арналған өлеңдерінің тақырыбы, тәрбиелік рөлі. М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Жазушының тіл шеберлігі. С.Бақбергенов өмірі мен балалар әдебиетіне қосқан үлесі. Өлеңдері, өлеңдерінің көркемдік тілі. С.Бегалин /1908-1978/ және балалар әдебиеті.

Білімі мен түсінігі: Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мамандығында қазақ балалар әдебиетінің кәсіби пәндер ретінде оқытылуы мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде балалар әдебиетінің алатын орны туралы сөз болады.

Білімі мен түсінігін қолдана білу:

Қазақ балалар әдебиеті пәнінің тарихын терең меңгеріп, оның өкілдерінің шығармаларымен толық танысу, пәнді ұйымдастыру кезінде оқушылардың жас ерекшелігіне айрықша көңіл бөлу, балалар психологиясының ерекшеліктерін үнемі назарда ұстау, балалармен қарым-ұатынасты үйлестіре білу.



Пайымдаулар: Қазақ балалар әдебиеті курсын толық меңгерген студент мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізуде, яғни олардың білімін, дүниетанымын, сөйлеу мәнерін арттыруда әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, қажетті көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды дұрыс таңдауды біліп шығады.

Коммуникативтік қабілеттілік: ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі:

Белгілі бір дәрежеде білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.



1) Балалар әдебиетінің бүгінгі өзекті мәселелері бойынша базалық білімінің болуы;

2) балалар әдебиетіне қатысты жаңалықтарды игеруде заманауи техниканы қолдануы;

3) шағын фольклор жанр шығармаларын оқып, талдау; көркем шығарманы кейіпкерлендіре білуі және талдау бойынша сабақ өткізу әдістемесін; әр топ балаларының тіл ерекшеліктерін; әдістемелік жұмыстың формаларын сабақ беру барысында ақпараттық технологияларды қолдануы;

4) балалар әдебиеті бойынша заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы.




24

ABA/VDL 2213


б) Әлем балалар әдебиеті










Пререквизиті : Педагогика. Постреквизиті: Балаларды мектепке дайындаудың әдіснамалық астарлары.

Мақсаты: Студенттер мектеп жасына дейінгі балалар үшін көркем шығармаларды іріктей алуды, оқиғаның желісін салыстыра алуды, тақырыбы бір-біріне үндес шығармалардың кейіпкерлерін, кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуді меңгереді. Мазмұны: Әлем балалар әдебиетінің даму процесі. ХХ ғасырдағы шетелдік, кеңестік және әлем балалар әдебиетінің ерекшеліктері, даму тарихы. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы балалар әдебиеті. Әлем балалар әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық.

Білімі мен түсінігі: Студенттердің әлем балалар әдебиеті бойынша алдыңғы қатарлы білім элементтерін қоса алғанда, сол сала бойынша білімі мен түсінігін көрсете білу Білімі мен түсінігі: әлем балалар әдебиеті пәні бойынша балаларға арналған әдебиеті үлгілерін, белгілі жазушылардың балаларға арналған шығармаларын және оларды талдауды үйренеді.

Білімі мен түсінігін қолдана білу: Студенттердің бұл пәндерден алған білімі мен түсінігін кәсіби деңгейде қолдана білу;әдебиеттің тектері (эпос, драма, лирика) бойынша дәйектемелер құрастыру және көркем шығармаларды талдау барысында туындайтын мәселелерді шешу;

Пайымдаулар: Әлеуметтік, ғылыми көзқарастарды ескере отырып, Әлем балалар әдебиеті і туралы пайымдаулар жасауға қажет ақпараттар жинауды және интерпретациялауды жүзеге асыру; Коммуникативтік қабілеттілік: Әлем балалар әдебиеті өкілдерінің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпаратты, идеяларды, проблемаларды және шешімдерді мамандарға да, маман еместерге де жеткізе білу қабілеттерінің болуын көздейді.

Өздігінен білім алу қабілеттілігі: Әлем балалар әдебиетіне қатысты білім алуды өздігінен жалғастыру қабілеттерінің болуын көздейді.

1) Әлем балалар әдебиетінің даму тарихы. ) Әлем балалар әдебиеті. ХХ ғасырдағы ) әлем балалар әдебиетіне жазушылар мен педагог ағартушылардың қосқан үлесі бойынша базалық білімінің болуы;

2) қазіргі әдебиеттану ғылымына қатысты жаңалықтарды игеруде заманауи техниканы қолдануы; 3) әлем балалар әдебиеті жарық көрген, көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістері жөнінде сабақ беру барысында ақпараттық технологияларды қолдануы; 4) әдеби даму барысын заманауи ақпараттық ағынды бағдарлай білу және күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдалануы; 5) әдебиеттану ғылымынан меңгерген білімін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формаларында икемді де білікті қолдана білуі;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет