ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Мамандық 5В091200 Мейрамхана іс және қонақ үй бизнесі
(4 оқу жылы, қазақша)
ҚАРАҒАНДЫ 2016-2017 Ж.Ж.
Элективті пәндер каталогы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылған
№ _5__ хаттама «_31__»___03___2016 ж. Қарағанда, ҚҚЭУ 2016. 27 бет.
Каталог элективті пәндер тізімінен (таңдау бойынша компоненттен) және мамндық бойынша олардың бағдарламаларының қысқаша курсынан тұрады. ҚҚЭУ оқытушылары мен студенттеріне арналған.
СТУДЕНТ ЖАДЫНАМАСЫ
Құрметті Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенті!
Сізге элективті оқу пәндерінің Каталогы ұсынылып отыр. Бұл жүйеленген аннотация берілген элективті оқу пәндерінің тізбесі. Ол сіз үшін оқытудың жеке траекториясын дербес, жедел, икемді және жан жақты қалыптастыру мүмкіндіктерін жасау мақсатында жасалды. Бұл Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызды жасаудағы Сіздің көмекшіңіз.
Кредиттік оқыту технологиясы жағдайында бүкіл оқу пәндері 3 цикл – Жалпы білім беруге (ЖБП), Базалыққа (БП) және Бейіндік пәндерге (БП) бөлінеді. Оқу пәндерінің осы циклдерінің әрбірінің ішінен 2 түрге – Міндетті компонент пен таңдаған компонентке (элективті, яғни таңдап алатын оқу пәндеріне) бөлінеді. Мамандықтар бойынша Мемлекеттік білім берудің жалпыға бірдей міндетті стандарттары мен міндетті пәндер компоненттерін аталған мамандық студенттерін қоспағанда бүкілі оқып үйренеді.
Элективті оқу пәндерін кафедралар Сіздің оқып үйренуіңіз үшін ұсынады.
Элективті оқу пәндерінің бүкіл тізбесінен Сіз, атап айтқанда Өзіңіз үшін қызықтысын таңдай аласыз. Осылай, оқу пәндерінің әрбір циклі бойынша Сіздің жеке оқу жоспарыңызға 2 бөлім: Міндетті компонент пен таңдаған Компонент (элективті оқу пәндері) енетін болады.
Каталогтың көмегімен Өзіңіздің жеке оқу жоспарыңызға енгізу үшін элективті оқу пәндерін қалай таңдауға болады?
Тізімде Сіздің курсыңыз бен оқу семестрін табыңыз.
Элективті оқу пәндеріне Типтік оқу жоспарымен, барлығы қанша кредит бөлінетінін анықтаңыз.
Элективті оқу пәндері тізбесінің өзімен танысыңыз. Оқу пәндері таңдаған курстарға тиісті нөмермен біріктірілгеніне назар аударыңыз. Элективті пәндердің әрбір тобынан тек қана бір элективті оқу пәнін таңдауға болады.
Өзіңізді қызықтырған элективті оқу пәнінің Сипаттамасын оқыңыз және Өз таңдауыңызды жасаңыз.
Сіз таңдаған кредиттер санының Типтік оқу жоспары бойынша талап етілетін санға сәйкес келуін тексеріңіз.
Сізге элективті оқу пәндерін таңдауда Өзіңіздің эдвайзеріңіз көмектеседі.
БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
МАМАНДЫҚ 5В091200 МЕЙРАМХАНА ІС ЖӘНЕ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ
ОҚЫТУ МЕРЗІМІ: 4 ЖЫЛ
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
1 курс
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер саны.
|
Семестр
|
1 курс
|
Таңдау бойынша курсы 1
|
БД
|
ChR 1216
|
Адамзат дамуы
|
2
|
2
|
Rel 1216
|
Дінтану
|
Таңдау бойынша курс 1
Адамзат дамуы
Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарихы
Постреквизиттері: Педагогика тарихы, Әлеуметтік саясат, Әлеуметтік этнография және демография
Мақсаты: АД тұжырымдамасының дамуы кейінгі 15 жылды қамтиды. Халық тек экономикалық дамудың қайнар көзі немесе құралы ғана емес, сонымен қатар «Адамзат капиталы» және экономикалық дамудың мақсаты болып табылады деген түсінік қалыптасты.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
АД тұжырымдамасының негізгі жағдайы және пайда болуы. АД өлшемі мен көрсеткіштері. Адам дамуының индексі (АДИ). Экономикалық өсу, АД және жұмыс бастылық. АД және өмір деңгейі. Кедейшілік және АД. Әлеуметтік қорғау және АД. Денсаулық және өмір жалғасы. АД –ның демографиялық аспектісі. Демография Мемлекеттін белгілеуші факторы. Білім және АД. АД – ның гендерлік аспектілері. Экологиялық қаупы бар аймақтар. Тұрақты дамудың экологиялық аспектілері. АД -ның қызығушылығындағы нәтижелі басқару.АД–на басты процестің әсері.
Күтілетін нәтижелер: - АД теориясының тарихы;
- Адамның қызығушылығындағы басқару ұйымының әсері;
- АД өлшемінің жүйесі және оның компоненттері;
- Демографиялық, гендерлік және тұрақты дамудың экологиялық аспектісі.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: ағаоқытушы Тутинова Н.Е.
Дінтану
Пререквизиттері:Қазақстан тарихы, Дүниежүзі тарихы
Постреквизиттері: Философия, Әлеуметтік жұмыс әдістерімен технологиялары, Жастармен әлеуметтік жұмыс, Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс, Әйел адамдамен әлеуметтік жұмыс.
Мақсаты: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жүз отыздан астам ұлт тұрады, демек елде бірнеше діндердің өкілдері бар, олардың арасында бейбітшілік ел басының дүрыс әлуметтік саясатының нәтежесінде сақталып келеді. Аталған пән осы жолдың барысында демеу жасап келеді. Дін дегеніміз не? Осы пікір таластарының негізінде дүниеге деген көзқарас, адамдардың әлеуметтік жағдайлары жатыр.
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Дінтану пәні. Дінтанудың ертедегі формалары. Конфуция. Даосизм. Индуизм. Иудизм. Буддизм. Ерте хрестияншылдық. Провослав діні. Католизм . Протестантизм . Ислам . Дәстүрлі емес діни бағыттар . Діни экстремизм профилактикасының әдістері . Діни конфесиялармен әлеуметтік жұмыс.
Күтілетін нәтижелер: Басқа да гуманитарлық пәндермен бірге дін бүтін дүниетанымды құрастырды. Дінтануды меңгеру студенттерде ойлау қабілетін, өзіндік идея, ой-пікірлерін қалыптастыруының, ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізуді үйренуге, өмірдің күрделі құбылыстары мен процестерін талдауға негіз салады. Дінтану жас мамандарға сенімді дүниетанымдық және әдістемелік негіз болуы керек.
- Семинар сабақтары болашақ мамандардың ғылыми – теоретикалық деңгейі мен халық мәдениетінің жоғарлауы, діни білім жүйесін меңгеруге көмектеседі. Семинар сабақтарында қарсыластарына деген сын көзқарас, өз көзқарастарын жеткізе білу шеберлігі, өз бетімен және шығармашылық ойлау қабылеттерінің өсуі, белсенділік қалыптасады. Семинар сабағының жоспарында дінтану сабағында талқылайтын сұрақтар болады.
- Дінтануды жақсы меңгерудің негізі – алғашқы көздерді талдап оны конспектеуде өзіндік жүйелі жұмыс жасау. Алғашқы көздер дегеніміз, ерте және қазіргі заманғы діни ойдың классиктерінің жұмыстарымен танысу. Көмекші қосымша материал ретінде дінтанудан көптеген оқулықтарды пайдалануға болады.
- Дінтануды оқудың тек теориялық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар дағдылық маңызы бар. Осыған байланысты оқытудың маңызды нысаны интерактивті оқу әдістеріне негізделген қазақ жеріндегі жеке меншіктің, жер меншігінің, жекелеген объектілеріне және де мемлекеттік құрылым мен әлеуметтік құрылымның жүзеге асырудың ерекшеліктерін көрсететін презентациялар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады.
- Тұрақты түрде тұлғаның кәсіби өсуіне қажеттілік жасау.
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: оқытушы Тутинова Н.Е.
ЭЛЕКТИВТІ ПӘНДЕР
2 курс
Пәндер циклы
|
Пәндер коды
|
Пәндер атауы
|
Кредиттер саны.
|
Семестр
|
2 курс
|
Таңдау бойынша курс 1
|
БД
|
PP 2212
|
Кәсіпкерлік құқығы
|
3
|
3
|
PRSSKU 2212
|
Әлеуметтік-мәдени қызмет аясындағы құқтық бақылау
|
Таңдау бойынша курс 2
|
БД
|
Eko 2213
|
Эконометрика
|
3
|
3
|
MPOR 2213
|
Тиімді шешімдер қабылдау әдістері
|
Таңдау бойынша курс 3
|
БД
|
Mak 2214
|
Макроэкономика
|
3
|
4
|
RSS 2214
|
Әлеуметтік саланы реттеу
|
Таңдау бойынша курс 4
|
БД
|
Mik 2215
|
Микроэкономика
|
2
|
3
|
MSST 2215
|
Туризм және әлеуметтік саладағы микроэкономика
|
Таңдау бойынша курс 5
|
БД
|
Kul 2218
|
Мәдениеттану
|
3
|
4
|
Rel 2218
|
Дінтану
|
Таңдау бойынша курс 6
|
БД
|
NN 2221
|
Салық және салық салу
|
3
|
4
|
NHS 2221
|
Шаруашылық субъектілерге салық салу
|
Таңдау бойынша курс 7
|
БД
|
KRGS 2222
|
Мейрамхана және қонақ үй мәдениеті
|
3
|
4
|
MT 2222
|
Туризм менеджменті
|
Таңдау бойынша курс 8
|
БД
|
MIG 2223
|
Әлемдік қонақжай индустриясы
|
3
|
3
|
EB 2223
|
Бизнес этикасы
|
Таңдау бойынша курс 1
Кәсіпкерлік құқығы
Пререквизиттер: «ҚР азаматтық құқығы», «ҚР банк құқығы»
Постреквизиттер: өндірістік және дипломалды практика
Мақсаты: ҚР кәсіпкерлік қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын зерттеу.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Кәсіпкерлік құқықтың түсінігі, пәні және әдістері. Кәсіпкерлік құқық ғылымы. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері. Дара кәсіпкерлік: өзіндік және бірліскен кәсіпкерлік. Заңды тұлғалдардың кәсіпкерлігі. Кәсіпкерлік қызметті лицензиялау. Стандартизацияның құқықтың негіздері. Сертификацияның құқықтық негіздері. Моногамияны мемлекеттік реттеу. Жосықсыз бәсекенің түсінігі және формалары. Жосықсыз бәсеке үшін жауапкершілік. Шетел инвестицияларының түсінігі және түрлері. Сыртқы экономикалық мәмілелердің түрлері және түінігі.
Күтілетін нәтижелер: Құқықтық нормаларды нақты ситуацияда қолдана білу, кәсіпкерлік құқық саласында құқықтық ұғымдар мен категорияларға сүйене білу, теория және практиканың құқықтық мәселелерін талдап, шеше білу, сабақтас құқық саласының білімдерін құқықтық мәселелерді шешуде қолдану, құқықтық істердің мән жайларын зерттеп, негізді шешім қабылдай білу;
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: аға оқытушы Амантай А.А., аға оқытушы Хауия С.
Әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету саласындағы құқықтық реттеу»
Пререквизиттері: “Рим құқығы”, “Мемлекет және құқық теориясы”
Мақсаты: Пәннің мақсаты әлеуметтік сервис және туризм саласының теориялық негіздерін зерттеу және практикалық дағды алу болып табылады.Әлеуметтік- мәдени қызмет саласындағы құқықтық реттеу пәні студенттердің әлеуметтік-мәдени сервис және туризмнің, сол сияқты туроператорлар мен турагенттер жұмысының құқықтық реттелуі туралы білім алуларына мүмкіндік береді.
Күтілетін нәтижелер: Пәнді оқу барысында студент:
- туристік қызмет саласындағы халықаралық келісімдер, азаматтық- құқықтық шарттардың жекелеген түрлері туралы заңдармен заңға бағынышты актілерді қолдану тәртібін білуі қажет.
- Нормативті актілерге сүйене отырып туризм және қонақ үй институттарына сипаттама (мінездеме) беру, жалпы түсінік ала отырып, білімін практикада қолдана білу. Пәнді оқу барысында игерген білімді студент тәжірибеде шығармашылық түрде қолдана білуі. студенттер пәнді оқу барысында азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқықтардың негіздерін білуі керек, туристік қызмет саласындағы шарттар, әлеуметтік мәдени сервис саласындағы дауларды қарау тәртібі,туристік қызметтегі құқықтық және консалтингтік қызмет көрсету сияқты институттарды зерттеп, нақты жағдайларда қолдана білу
- Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы нормативтік құқықтық актілерге қатысты ақпараттық-іздену қызметін жүзеге асыру. Сонымен қатар студенттер қазақстандық ғалымдардың монографиялық зерттеулерімен және туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы мәселелері бойынша мерзімді баспасөзде басылып шығарылатын қаулылармен танысуға міндетті.
- Студенттердің өзіндік жұмысының нысаны ретінде туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы тәжірибесін жалпылайтын рефераттар, баяндамалар, эссе дайындау болып табылады. Студенттер кәсіпкер, менеджер немесе заңгер ретінде жұмысты орындау үшін тәжірибелік дағдыларға ие болып, азаматтық құқықтық құжаттарды (азаматтық құқықтық шарттар,талап арызды, шешімді, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра білуі тиіс.
Тұрақты түрде кәсіби тұрғыдан өсіп отыру.
Курстың қысқаша сипаттамасы: Туризм және қонақ үй бизнесі құқықтық реттеу объектісі ретінде. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы қызметті басқару. Туризм қызметі және қонақ үй бизнесі СуБЪЕКТілері . Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы кәсіпкерлік істің ұйымдастырушылық- құқықтық нысандары. Туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы шарттар. туристік формальдылық. туризм және қонақ үй бизнесін сақтандыру. әлеуметтік- мәдени сервис саласындағы коллизиялық нормалар. туристік ұйымдар мен қонақүйлердің азаматтық құқықтық жауапкершіліктері. әлеуметтік- мәдени сервис саласындағы лицензиялау және сертификация. туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы дауларды қарастыру тәртібі. халықаралық туристік құқық қайнар көздерінің сипаттамасы
Жүргізуші оқытушының Т.А.Ж.: Ахтышхан Е.А.
Таңдау бойынша курс 2
Эконометрика
Пререквизиттері: Микроэкономика, Экономикадағы математика.
Достарыңызбен бөлісу: |