Модульдің коды: TAMD
Модуль атауы: Тірі ағзалардың молекулалық деңгейі
Пәннің коды: PG 3216
Пән атауы: Популяциялық генетика
Семестр: 6
Кредит саны: 6
Пән оқытушысы:
1. Мұстияр Т.Ә.
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Популяция генетикасы— генетиканың аллель жиіліктерінің таралуын және эволюцияның қозғаушы күштерінің әсерінен өзгеруін зерттейтін бөлімі: мутагенез, табиғи сұрыптау, гендік дрейф және гендік ағым. Популяцияның кеңістіктік құрылымы және субпопуляциялық құрылымдар да ескеріледі. Популяциялық генетика бейімделу және спецификация процестерін түсіндіруге тырысады және эволюцияның синтетикалық теориясының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.
Пәннің мақсаты: Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдылықтарын оқып- үйрену.
Пререквизиті: Клетка биологиясы
Постреквизиті: Жеке даму биологиясы
Пән бойынша күтілетін оқу нәтижелері (ПОН):
- Тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің заңыдылықтарын және олардың цитологиялық негіздерін талдап зерттей алады;
- қазіргі кездегі генетика ғылымының жетістіктер мен мәселелерімен танысады;
- генетикалық көзқарасын дамытады және генетиканың басқа биологиялық және жаратылыстану ғылымдар жүйесінде орнын анықтай алады.
- эксперименттерді сауатты жүргізіп және одан алған нәтижелерді дұрыс талқылауды істей алады.
|
|