Электр аппараттары


№5 зертханалық жұмыс. Айнымалы токтың магнитті қосқышын



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата17.10.2022
өлшемі1,92 Mb.
#153491
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
Лаб
№ 14 Дәріс Соц-я 2020-2021.
№5 зертханалық жұмыс. Айнымалы токтың магнитті қосқышын 
зерттеу
 
Жұмыстың мақсаты: магнитті қосқыш құрылғысымен таныстыру және 
оның пайдалану сипаттамаларын зерттеу. 
Қолданылатын жабдықтар: 
-
«Магнитті қосқыш» модулі (5.1 сурет); 
-
«Командалық аппараттар және датчиктер» модулі; 
-
«Секундомер және жарық сигналды арматура» модулі; 
-
«Автотрансформатор» модулі; 
-
«Қорек» модулі; 
-
«Өлшеу» модулі; 
-
байланыстыратын өткізгіштер. 
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі: 
1)
Зертханалық жұмысты орындау үшін жеткілікті теориялық 
материалды оқу. Бақылау сұрақтарына жауап беру және оқытушыдан 
зертханалық жұмысты орындауға рұқсат алу. 
2)
Сұлбаға (5.1 сурет) сәйкес КМИ-10910 9А-24 В типті магнитті 
қосқышты зерттеу үшін модульдерді электрлік жалғауды орындаңыз. Сұлбаны 
монтаждауды қорек сөніп тұрған кезде орындаңыз. «Токтату» - «Командалық 
аппараттар және датчиктер» модулінің 
SB
2 батырмасы, «Іске қосу» - 
«Командалық аппараттар және датчиктер» модулінің 
SB1
батырмасы.
Ескертпе
-
Виртуалды асинхронды электр қозғалтқыш фазасына 
сыртқы кернеуді беруге тыйым салынады .
3)
Оқытушы жоба жазбаларды рәсімдеген және нәтижелерді тексерген 
соң сұлбаны талдау, жиынтықты толық құрамда және дұрыс күйінде 
оқытушыға немесе зертханашыға ұсыну қажет. 
4)
Қорытынды жасалады. 


21 
5.1 сурет - Магнитті қосқышты қосудың электрлік принципиалды сұлбасы 
 
Теориялық бөлім. 
Магнитті қосқыштар
 
-
 
айнымалы және тұрақты токтағы электрлік 
жүктеулерді коммутациялауға арналған құрылғыларды айтады. 
Жалпыөндіріске арналған электрмагнитті қосқыш – қысқа тұйықталған 
ротормен асинхронды қозғалтқышты қашықтықтан басқаруға арналған 
коммутациялық электрлік аппарат. 
Магнитті қосқыш жиынтығына әдетте бір немесе екі түйістіргіш, 
батырмалы пост, қозғалтқышты ұзақ уақыт бойы шектен тыс жүктеуден 
қорғауға арналған жылу релесі кіреді. Реверсивті МҚ-да екі түйістіргіштің 
қосылуының алдын алатын электрлік және механикалық блоктау қолданылады. 
Асинхронды электр қозғалтқыштардан жұмыс жасау негізінен қосқыштардың 
тозуға төзімділігі, коммутациялық қабілеті, шектен тыс жүктеуден қорғау 
сенімділігі сияқты қасиеттеріне байланысты болады.
Пайдалану процесінде үш фазалы қорек кернеуінің бір фазасы 
айтарлықтай жиі үзіледі, мысалы, сақтандырғыштың күйіп кетуі салдарынан. 
Бұл ретте қозғалтқышқа тек екі фаза беріледі және статордағы ток күрт 
жоғарылайды, бұл ораманың жоғары температураға дейін қызып кетуі 
салдарынан оның істен шығуына алып келеді. Қосқыштың жылу релелері осы 
токтан іске қосылуы және электр қозғалтқышты ажыратуі тиіс. Асинхронды 
электр қозғалтқышты іске қосу кезінде іске қосу тогы номиналды мәннен алты 
есе асып кетеді. Мұндай ток кезінде контакттардың сәл ғана дірілдеуі оларды 
жылдам істен шығаруы мүмкін. Бұл контакттарға берілетін дірілге қатысты 
жоғары талаптар қояды. Сондықтан, магнитті қосқыш түйістіргіштерінің 


22 
жылжымалы бөлшектері жеңілірек жасалады, олардың жылдамдығы азаяды, 
контактты басылуы артады. 
100 А дейінгі номиналды ток кезінде мыс контакттарға күміс қаптамалар 
салған дұрыс. 100 А жоғары ток кезінде күміс пен кадмий оксидінің 
композициясы тиімді. Электр қозғалтқышты қыздырғаннан кейін ток 
номиналды мәнге дейін төмендейді. Сондықтан жұмыс жасап тұрған электр 
қозғалтқышты ажырату контакттардың аз ток жүктемесі кезінде орын алады. 
Электр қозғалтқышты сөндірген кезде контакттардағы қалпына келетін 
кернеу желі мен электр қозғалтқыштың ЭДС кернеуінің айырмашылығына тең.
Нәтижесінде түйістіргіш контакттарында 15...20% 
U
HOМ
 
құрайтын кернеу 
пайда болады, яғни ажырату жеңілдетілген жағдайларда жүреді. 
 
Электр қозғалтқышты желіден іске қосқаннан кейін бірден ажырату 
қажет болатын жағдайлар да жиі кездеседі. Бұл жағдайларда қосқыш 
түйістіргіші қуаттың төмен коэффициенті (соs

<0.3) және желінің қалпына 
келетін кернеуі кезінде алты есе номиналға тең токты сөндіреді. Тежелген 
электр қозғалтқышты 50 рет қосудан және ажыратуден кейінгі қолданыстағы 
нормалар кезінде қосқыш одан ары жұмыс жасауға жарамды болуы тиіс. 
Магнитті қосқыштардың техникалық деректерінде олардың номиналды тогы 
және осы қосқыш жұмыс жасай алатын электр қозғалтқыштың номиналды 
қуаты көрсетіледі, ол номиналды кернеуді ұлғайтқан кезде жоғарылайды. 
Қосқыштардың ең жоғары жұмыс кернеуі 660 В тең. Қосқыш 
түйістіргіштерінің электрлік тозуға төзімділігі басқарылатын электр 
қозғалтқыштың қуатына 1,5-2 есе пропорционал.
Қорытынды сұрақтар. 
1.
Магнитті қосқыштардың мақсатын түсіндіріңіз. 
2.
Магнитті қосқыштардың негізгі қасиеттерін атап өтіңіз.
3.
Магнитті қосқыш тиристорлы қосқыштан несімен ерекшеленеді? 
4.
Электр 
қозғалтқыштың 
жұмыс 
режиміне 
байланысты 
түйістіргіштердегі кернеу қалай өзгереді? 
5.
Магнитті қосқыштың қандай қасиеттері оған АД қашықтықтан 
басқаруға мүмкіндік береді? 
6.
Қосқыштың жылу релелерінің мақсаты? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет