Электр инженериясы кафедрасы



бет1/4
Дата25.03.2017
өлшемі0,8 Mb.
#12359
  1   2   3   4
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭЛЕКТР ИНЖЕНЕРИЯСЫ КАФЕДРАСЫ


“КҮН ЭНЕРГИЯСЫ ҚОНДЫРҒЫСЫН ЖОБАЛАУ”

Орындаған студент:

5В071800-Электр энергетикасы,

Әбітаев Бекжан

Ғылыми жетекшісі:

Магистр оқытушы А.Т. Кибишов






Жоспар:




І.

Кіріспе..............................................................................................

2

ІІ.

Негізгі бөлім







1. Қазақстанның энергетика жүйесі..............................................

3




2. Электр энергиясын өндіру және пайдалану.............................

3




3. Электр станциялары...................................................................

4




4. Баламалы энергия көздері ........................................................

9




5. «Жасыл эканомика және Ехро-2017.........................................

14

III.

Бөлім







1. Күн энергиялы қондырғысын жобалау....................................

21




3. Жұмыс істеу жүйесі және құрылысы.......................................

22

ІV.

Қорытынды....................................................................................

26

V.

Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................

27

Кіріспе

Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Ғалымдарымыздың жуықтаған есептеулері бойынша қазіргі қарқынды тұтыну екпіні жалғаса берсе, табиғаттағы газ қоры шамамен 50 жылға, мұнай қоры 40-50 жылға ғана жететін сияқты. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Күн энергетикасы.Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. Белгілі болғандай, «Энергия сақтау және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа заңға сәйкес, энергетикалық қорларды тұтынудың шекті нормалары белгіленген, тіпті бұл тоқыма және тамақ өнеркәсібіне де қатысты.Және де осындай жағдайларды ескере отырып электр энергиясын үнемдеу мақсатында «Күн энергиялы қондырғысын жобалау» тақырыбы туралы айтатын боламыз..


Қазақстанның энергетика жүйесі


Қазақстанның энергетика жүйесі – электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. Кеңестік билік дәуіріне дейінгі кезеңде өндіргіш күштердің даму деңгейі төмен болуы себепті оның энергет. базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерінде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВт/сағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВт/сағ электр қуаты өндірілген. Кен кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін ұсақ локомобильді немесе екі тактілі мұнай электр ст-лары қолданылған. Успенск сияқты кеніштің барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск зауытында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмір кенішінен алғаш көмір өндіру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсібі де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде мұнда 1182 мың т көмір өндірілді. Ленгір қоңыр көмір кенішін (1869 жылдан), Екібастұз тас көмір кенішін (1898 жылдан) және басқа кеніштерді қосқанда Қазақстанда төңкеріске дейінгі 67 жылда 1,6 млн. т көмір өндірілген. 1900 – 18 ж. Ембі мұнай кенішінен 1377 т мұнай, соның ішінде Доссор кенішінде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндірілген.

Электр энергиясын өндіру және пайдалану. Біздің заманымызда қоғамның өндірістік қүштері дамуының ең басты көрсеткіші - өндіріс және энергия тұтыну дәрежесі. Сонда жетекші рөл атқаратын электр энергиясы – энергияның әмбебап және пайдалануға ыңғайлы түрі. Егер энергия тұтыну дүние жүзінде 25 жылда (шамамен) екі есе артады десек, электр энергиясын тұтыну орта есеппен 10 жылда екі есе артады. Бұл – энергия ресурстарын жұмсаумен байланысты процестер саны үсті-үстіне электр энергиясына көшеді деген сөз.

Электр энергиясын өндіру. Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электр механикалық индукциялық генераторлар арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектр станциялары. Бұл электр станциялардың бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштарының әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдалынылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтықышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары (қысқаша ЖЭС). Біздің еліміздегі жылулық ЖЭС-тің дені отын есебінде көмір тозаңын жұмсайды. Содан 1 кВт /сағ электр энергиясын өндірі үшін бірнеше жүз грамм көмір шығындалады. Бу қазанында отынның шығаратын энергиясының 90%-тен көбі буға беріледі. Турбинада бу ағынының кинетикалық энергиясы роторға беріледі. Турбина білігі генератор білігімен мықтап жалғастырылған. Бу турбогенераторлары өте шапшаң айналады: айналым саны минутына бірнеше мыңға барады.

Жұмыстық дененің бастапқы температурасының артуымен жылу ПЭК-і өсетіні Х сыныптын физика курсынан мәлім. Сондықтан турбинаға берілетін буды жоғары параметрлерге: температураны -550o С-қа, қысымды 25 МПа-ға жеткізеді. ЖЭС-тің пайдалы әсер коэффиценті 40%-ке жетеді. Мұнда энергияның көбісі пайдалынылған ыстық бумен шығып кетеді.



Жылу электр орталығы (ЖЭО) деп аталатын арнаулы жылу электр станциялары пайдалынылған бу энергиясының недәуір бөлігінен өнеркәсіп орындарында және тұрмыс қажетіне (үйді жылытуға керекті,суды ысыту және ыстық сумен қамтамасыз ету.

Су электр станциясы.Қазақстанда қазір энергет. өнімнің 2/3-сіне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлігі энергиясын СЭС-терде өндіріледі. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикізат көзі мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрізді және аралас типті отынмен жұмыс істейтін ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзірге су қуатынан басқа меншікті энергет. көздері жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмір пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептік деңгейлеріне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемі жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлік, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлік кемігенін көрсетеді (қ. 1 – 2-кестелер).Соңғы 2 – 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВт/сағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзі 1999 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндіру мен тұтыну көлемінің өсуі негізінен Батыс және Солтүстік аймақтарда (Павлодар-Екібастұз өңірінде) байқалды. Қазақстанның Оңтүстік аймағында (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстары) жеткілікті бастапқы энергет. қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелінетін көмірге, сырттан әкелінетін газ бен мазутке негізделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негізгі көздері – Жамбыл МАЭС-і, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-і. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 – 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелінетін электр қуаты есебінен өтеледі.

Жылу электр станциясы. 2000 жылы 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бірыңғай энергет. жүйесінің (БЭЖ) Солт. бөлігінде Ресейдің БЭЖ-імен қатарласқан жұмыс қалпына келтірілді, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-і Ресей мен Орталық Азияның энергетикалық жүйесімен қатарлас жұмысқа көшірілді. Қазір Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазіргі құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулі жоғары класты жүйе құраушы негізгі тораптардың ұзындығы тиісінше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергілікті тораптардың көрсеткіштері мынадай: 110 кВ – 42000 км, 35 кВ – 61500 км, 6 – 10 кВ – 199400 км және 0,4 кВ – 115500 км. Республика экономиканың отын-энергет. қорының қажеттігін анықтау кезінде өнеркәсіптің түрлі салалары мен әлеум. аяда қуат үнемдейтін 100-ге жуық технол. мен шаралар ескерілді.Қазақстан өзендерінің су энергетика әлеуеті 200 млрд. кВт/сағ, ал пайдалануға экон. тиімді су-энергия қоры 23 – 27 млрд. кВт/сағ деп бағаланды. Қазіргі кезде гидравлик. энергияның экон. әлеуетін пайдаға асыру деңгейі небәрі 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшін Жоңғар қақпасы ауданында (100 – 110 млрд. кВт/сағ), Маңғыстау тауларында (100 – 140 млрд. кВт/сағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негізінен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкіндік береді. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгілі бір әлеуеті бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерінің тех. әлеуеті 13 млрд. кВт/сағатқа бағаланып отыр, соның ішінде жылына 5000 – 6000 сағатты қамтамасыз ететін кепілді қуат – 380 мВт. Энергия өндірімі 1,9 – 2,3 млрд. кВт/сағ.

Атом электр станциясы.Д. И. Менделеев жасап шығарған элементтердің периодтық жүйесі материяны оқып-білудегі бірінші кезеңді аяқтайды. Оның негізіне түрлі материя түрлерінен тұратын жай бөлшектер мен «атомдар» жайындағы түсінік кіреді.Атом гректің бөлінбейтін деген созінен шыққан деп болжаған. Казіргі физика атом жөніндегі бүрынғы түсінікке түбірлі өзгерістер енгізді, теориялық және эксперименттік зерттеулер атомның қүрамында ондаған жай болшектердің бар екенін дәлелдеді. Оған мысалдар жатады: оң зарядты атом ядросын құрайтын біршама ауыр протондар және электр зарядтары мүлде жоқ нейтрондар.Жеңіл бөлшектерге мыналар жатады: теріс зарядты электрондар, позитрондар, нейтрино және басқалары. Аралық типті бөлшектер де орын алады. Атомдағы барлық бөлшектер ішкі аралық күш аркылы үсталынып түрады. Мұндай күштердің болуына қарамастан, кейбір радиоактивті элементтерде (уран, торий, плутоний) ядроның өздігінен баяу ыдырауы жүреді, ол бөлшек ядросынан шығатын сәулелерге ұласады, оларды шартты түрде а, b және ү- сәулеленулері деп атайды. Басқа атомдардың ядролары олардың сыртқы бөлшектерін атқылау нәтижесінде ыдырайды, мысалға белгілі жылдамдықтағы нейтрондар немесе протондарды алуға болады.Ядро ыдыраған кезде, ішкі ядролық күштер босайды, мұның өзі көп мөлшерде жылу шығаруға ұласады. Атомдық салмағы 235, 1 кг уран атомдары ыдырағанда жылу энергиясының электр энергиясына айналуы нәтижесінде 25 млн. кВт сағ электр энергиясын алуға болатындығы бөлінеді. Сөйтіп, атом ішіндегі энергия, энергияның сарқылмас қоры болып саналады. Дүниежүзіндегі алғашқы қуаты 5000 кВт атом электр станциясы бұрынғы Кеңес Одағында 1954 жылы іске қосылды.Уран қазаны немесе реактор атом электр станциясының негізгі агрегаты болып саналады.Қазіргі кезде реакторлардың көптеген құралымдары зерттеліп жасалынды. Алғашқы атом электр станциясында графитті су реакторы қондырылды.Отын ретінде 1 радиоактивті заттардың стерженьдері, мысалы, уран U255 қолданылады. Радиоактивті ыдырау кезінде орасан зор жылдамдықпен нейтрондар бөлініп шығады да, олар уранның көршілес атомдарын атқылап, жаңа нейтрондардың бөлініп шығуына ықпал жасайды. Міне осының нөтижесінде басқарылатын тізбекті реакция пайда болады. Алғашқы жағдайда электрондардың қозғалу жолына баяулатқыштар қойылады.Ауыр судың құрамына сутектің екі атомының орнына сутектің екі изотопы кіреді. Элементтерде ядроларының құрамьшдағы протондар саны бірдей болып, ал нейтрондар саны әр түрлі болса, бұл элементтер изотоптар деп аталады. Мысалы, сутек ядросы (Н) бір протоннан тұрады.Сутектің бірінші изотопының ядросы (протий) бір протоннан және электроннан тұрса, сутектің екінші изотопының ядросы (дейтерий) бір протоннан және бір нейтроннан тұрады, дейтерий ауыр судың химиялық формуласына кіреді. Үшінші изотоп — тритий, ол бір протон және нейтроннан тұрады.Бұл ретте баяулатқыш ретінде 2 графит, көдімгі су, ауыр су және басқа заттар қолданылады.Атом электр станциясында электр энергиясын өндіру жылу электр станцияларының сұлбаларымен бірдей дерлік.Экономикалық көрсеткіштері жағынан атом электр станциялары жылу электр станцияларына қарағанда біршама төмен; алайда оларды жергілікті отын ресурстарымен жабдықтай алмайтын жерлерде салғанда, атом электр станциясындағы 1 кВт сағ энергия құны ЖЭС-тің құнынан артық емес.Атом электр станцияларының өзіндік мұқтаждары жұмыс барысында асқан сенімділікті талап етеді. Міне, сондықтан көпшілік мақұлдаған жылу электр станцияларының өзіндік мұқтаж қондырғылары резервтеуден басқа, атом электр станцияларында резервті (сенімділік) дизель — генератор қондырғылары, ол кәдімгі өзіндік мұқтажды қамсыздандыру жүйесін шапшаң түрде қосуға қол жетпеген жағдайда іске қосылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларында аккумулятор батареясын орнату ісі қарастырылды, ал ірі атом электр станцияларында тұрақты ток қозғалтқыштары бар өзіндік мұқтаждың жауапты тұтынушыларын жабдықтайтын екі батареяны қою ісі жүзеге асырылады.Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар қондырғыларының ерекшеліктері — атом электр станциясы технологиялық процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.Ал, екінші контур бөлігінде өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей. Атом элекгр станцияларының ерекшеліктері:

1. Географиялық кез-келген жерде, соның ішінде таулы жерде салынады.

2. Сыртқы қатардағы факторлардан тәуелсіз. Өзіндік режімі автономиялы.

3. Отынның шығыны аз мөлшерде.

4. Тынушылардың ерікті графигімен жұмыс істеуі мүмкін.

5. Режімнің өзгеруіне сезімтал, әсіресе АЭС-ның реакторы жылдам нейтронмен жұмыс істейтін болса.

6. Атмосфераны бәсеңдеу ластайды, радиоактивтік газдары мен аэрозолы шамалы, санитарлық мөлшерден (нормадан) асып түспейді. Осы тұрғыдан қарағанда АЭС-ы, ЖЭС-нан көбірек болып шығуы мүмкін.

Баламалы энергия көздері. Жалпы, әлемде қайта қалпына келмейтін отын энергетикасы ресурстарының азаюы, климаттың өзгеруі, ауаға парник газдардың көптеп таралуы – Қазақстанды алаңдатып отырған мәселе. Жаһандық энергетикалық проблемалардың түйінін шешуге бағытталған баламалы энергия көздерін тұтыну еліміз үшін де маңызды. Сондықтан да қайта қалпына келетін энергия көздерін дамыту немесе бұрын өндірілмеген энергия қорларын пайдалану тақырыбы соңғы кездері мемлекеттік деңгейде жиі көтеріліп жүр. Сарапшылардың пікірінше, әлемдік энергетикалық баланстағы дәстүрлі энергетиканың (мұнай, газ және көмір) үлесі 74%-ды құрайды екен. Ал баламалы энергия көздерінің (негізінен биомасса мен су энергиясы) жалпы үлесі 19,5%-ға, ядролық энергия 6,3%-ға әрең жетеді. Жер асты байлығының мәңгілік емес екенін ескерсек, әрине, бұл көрсеткіш көңіл қуанта қоймасы айтпаса да түсінікті.. Дегенмен, бүгінде баламалы энергия әлемде анағұрлым қарқынды дамып келе жатыр. Оның жыл сайынғы жаһандық өсімі 10%-дан асады және болжам бойынша, бұл көрсеткіш болашақта да сақталып қалмақ. Қазіргі таңда баламалы энергетиканың басым бөлігін технологиясы дамыған ЕО, АҚШ, Қытай және Үндістан сияқты елдер өндіруде.

Сонымен қатар қайта қалпына келетін энергияға әлемдік сұраныс тұрақты түрде өсуде. 2050 жылға қарай жаһандық энергетикалық баланстағы оның үлесі 35%-ға дейін артады деп болжануда. Әрине, оған негіз бар. Тарқатып айтсақ, бүгінде баламалы энергетика қорларының ешқашан таусылмайтыны, әлемдік нарықтағы баға конъюнктурасына тәуелді болмауы және экологиялық жағынан таза болуы әлемдік қауымдастықтың қызығушылығын арттыруда. Дәстүрлі энергетика қоршаған ортаға жергілікті деңгейде де, жаһандық ауқымда да кері әсер ететіндіктен, бұл салаға көңіл бөлу ерекше маңызды.

Айта кету керек, бүгінде Қазақстанның энергетикалық секторында жұмыс істейтін кәсіпорындар атмосфераны ластаушы ең ірі көздердің бірі болып табылады. Жыл сайын олар атмосфераға миллион тоннадан астам зиянды заттар 70 млн тоннадан астам көміртегі шығарады. Халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметінше, Қазақстан парник газдарды шығару бойынша әлемде үшінші орынды алады екен. Тек көмір энергетикасымен қоршаған ортаның ластануынан келетін экономикалық шығын шамамен жылына 3,4 млрд долларға бағалануда. Сайып келгенде, баламалы энергетиканы қолдануға және энергиямен жабдықтауды орталықтандыруға жете мән бермеу энергетика қорларын тиімсіз пайдалануға, электрмен жабдықтаудың үнемділігі мен сенімділігін төмендетуге әкеп соқтырады, сонымен қатар оның экология мен адам денсаулығына зияны орасан.

Баламалы энергетиканың тағы бір артықшылығы, шалғай жатқан ауылдық елді мекендерді электрмен жабдықтау, қуат беру тораптарының құрылысын жүргізу шығындарын төмендетеді. Қазір халық сирек қоныстанған (5,5 адам/км2) қазақтың байтақ даласына (2,7 млн. км2) энергия жеткізу тиімсіз болып отырғаны белгілі. Елдің энергетика саласындағы көздердің басым бөлігі минералдық отынмен жұмыс істейді. Қазақстанның станцияларында өндірілген электр қуатының шамамен 58 млрд. киловатт/сағаты, яғни 80 пайызға жуығы көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станцияларына тиесілі екен. Ортақ қазандықтағы су энергетикасының үлесі шамамен 15 пайызға бағалануда. Қалған 5 пайыз газ электр станциялары арқылы өндіріледі. Демек, жел және күн энергетикасы жалпы елдің энергетикалық балансынан әлі де орын алмаған деуге болады.

Қазақстандағы қалпына келетін энергетиканың ресурстық базасы қандай? Бұл сұрақ қашан да энергетиканы қолданудағы технологиялық және техникалық бағыттарды дамытуда анықтаушы рөл атқарып келеді. Сарапшылардың бағалауынша, жел энергиясының экономикалық тұрғыдан пайдалануға болатын әлеуеті қазір жылына 3 млрд киловатт/сағатты құрайды. Республикада дәстүрлі энергия ресурстарының мол қоры бар, бұл қор ұзақ уақытқа жетеді және бұл саладағы экспорттық әлеуеті өте жоғары. Яғни, әлемдік баланстағы отын қорының 0,5%-ы Қазақстанда. Көмір жылу электр орталығы – электр энергиясы мен жылу өндіретін негізгі көз.

Қазақстандағы дәстүрлі энергия көздерін қаншалықты ұзақ пайдалануға болады деген сұрақтың жауабы органикалық отын қорын пайдалану жиілігіне байланысты болады. Оған экспорт көлемі де ықпал етеді. Өндірілетін мұнай мен газ, көмір қоры ондаған жылдардан кейін таусылуы заңды құбылыс. Дәстүрлі энергия қорларын, ең алдымен, көмірді пайдалануды шектеу дәстүрлі энергетиканың қоршаған ортаға кері ықпалын төмендетуде, оның ішінде жаһандық климаттың өзгеруіне ықпал ететін парник газдарының ауаға таралуын азайтуда қажеттілікке айналуы мүмкін. Болжам бойынша, үкімет тарапынан барлық жағдай жасалса, 2030 жылға қарай Қазақстанда баламалы көздерді қолдану 10%-ға дейін, ал таяудағы 5-10 жылда 0,1%-ға өседі. Салыстыра айтсақ, Германия климаттың қолайсыздығына (күн белсенділігінің деңгейі) қарамастан 2015 жылға қарай күн энергиясын 30%-ға қолдануды жоспарлап отыр. Германияда тұтынушы 1 кВт электр энергиясы үшін 21-23 еуро-цент төлейді. Ал, егер ол күн станциясын орнатса, артық өндірілген энергияны жалпы желіге сата отырып, әрбір кВт-қа 45 еуро-центтен алып отыруға құқылы. Қазақстан аумағы үшін ең перспективалы жаңартылатын энергия көздері мыналар (ЖЭК):Жел энергетикасы;Шағын су электр станциясы.



Электр және күн энергиясын өндіру үшін күн қондырғылары. Қабылданған жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай біз жаңаратын энергия көздері 1040 мВт қуат көлемінде болады деп күтілуде. Оның ішінде 13 жел стансасы (793 МВт), 14 ГЭС (170 МВт), сондай-ақ 4 күн электр стансасы (77 МВт) тұрғызылады. Қазір Елбасының тапсырмасымен Үкімет 2030 жылға дейін электр энергетикасын, жанармай энергетикасын дамыту тұжырымдасын, “Жасыл экономика” стратегиясын қарастырып жатқанын жеткізді. Тұтынушыларды қолдауда дәстүрлі энергия желісіне қосылмаған тұлғаларды энергияның балама көздерімен қамтамасыз етуді субсидиялау арқылы жүзеге асырмақ. Яғни, шығынның 50 пайызы республикалық бюджеттің есебінен өтелетін болады. Олардың қуаттылығы – 5 кВт дейін. Бүгінгі таңда елімізде энергия желісіне қосылмаған 1200 фермерлік шаруашылық бар көрінеді. Мұндай фермерлік шаруашылықтың саны 4000-ға жетуі мүмкін. Осы орайда министрлік жылына 400 фермерлік шаруашылықтың жарты шығынын жабуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ жеке тұлғаларды да қамтып, олар үшін энергияны сатылымға шығаруға мүмкіндік жасау жолы да қарастырылды. Бұл 2020 жылға дейін энергияның балама көздерінің қуаттылығын арттыруға мүмкіндік бермек. Жоспар бойынша жаңартылған энергияның балама көздерінің қуаттылығын 2014 жылы 1 пайызға, 2020 жылы 4 пайыз арттыру қарастырылған. Қазіргі таңда елімізде оның үлесі 0,5 пайыз болса, Германияда 2011 жылы бұл үлес 20 пайызды құраған. Жалпы алғанда Қазақстанға жаңартылатын энергетика ресурстарын (су энергиясы, жел және күн энергиясы) дамыту және олардың қолдану аясын кеңейту қажет.

Жел энергиясы. Негізінен Күн энергиясының Жер бетін бірқалыпты қыздырмауынан туындайды. Сағат сайын Жер Күннен 1014 кВт сағ энергия алады. Күн энергиясының 1-2 % -і жел энергиясына түрленеді. Бұл көрсеткіш жер бетіндегі барлық өсімдіктердің биоқалдыққа айналғанда бөлініп шығатын энергиясынан 50-100 есе асып түседі. Бірнеше мыңдаған жылдар бойы адамдар желді – энергия көзі ретінде пайдаланған. Жел энергиясын пайдаланып желкен көмегімен жүзген. Жер суландыру кезінде, жел диірмені ретінде дәнді-дақыл өнімдерін ұнтақтау үшін қолданған. Жел энергиясының қоры бүкіл жер өзендерінің гидроэнергиясынан 100 есе асып түседі. Ылғи да және барлық жерде жел соғып тұрады. Жаздың қоңыр салқын самал желін, апат, зардап шығын әкелетін керемет дауылдарды атап өтуге болады. Қалпына келтіретін дәстүрлі емес жел энергиясының келешегі зор, экологиялық таза, қоры ешуақытта сарқылмайды, әрі арзан, тиімді. Бұларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды. Жел энергиясын қолдану таулы аймақтардың жоғары бөктерінде толқынды теңіз жағалауларында ыңғайлы екені бәрімізге танымал. Жел энергетикасын дамытуға қолайлы аймақтар өте көптеп табылады. Жел күші жер бетінің ойлы-қырлы болуына тікелей байланысты. Мысалы, таулы аймақтың екі бөлігін қарастырайық, Күн көзінің екі бөлікке түскен энергиясы бірдей болғанымен, жердің кедір-бұдыры әр қилы болғандықтан, жел күшінің ықпалы, бағыты да әр түрлі болады. Жел күшінің ықпалы жыл мезгілінің ауысуына, ауа райының өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Жел күшінен өндірілетін энергия мөлшері желдің тығыздығына, жел турбинасының қалақшаларының ауданына, жел жылдамдығының кубына тәуелді болады.

Күн – энергиясы. Күннің ғаламшараралық кеңістікке шығаратын бүкіл энергиясының Жер атмосферасы шекарасына жуықтап алғанда екі миллиардтан бір бөлігі жетеді. Жер бетіне түсетін Күн энергиясының үштен біріне жуығы шағылысып ғалам- шараралық кеңістікке тарайды. Күн – энергияның аса қуатты көзі, оның энергиясы электромагниттік толқындар спектрінің барлық бөлігінде – рентген және ультракүлгін сәулелерден бастап радиотолқындарға шейін ұдайы сәуле шығарып, таратып тұрады. Бұл сәулелер Күн жүйесіндегі барлық денелерге күшті әсер етеді: оларды қыздырады, планеталардың атмосферасына әсер етеді, жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылу береді. Күннің орташа температурасы 8•106 К-ге жақын, ал Күн бетінде 6000 К-ге тең. Неғұрлым дәл есептеулер Күн центріндегі температура 15 млн Кельвинге жететінін көрсетті. Оның ядросының түйреуіштің басындай бір түйірін Жер бетіне орналастырар болсақ, бұл «шағын пешке» 140 шақырымнан артық жақындай алмаған болар едік! Күн әр секунд сайын жүздеген миллион ядролық бомбаның жарылысына тең энергия бөліп шығарады. Қазіргі кезде Күн энергиясы халық шаруашылығында – гелиотехникалық құрылғылар (жылыжай, саяжай, суқайнатқыш, сужылытқыш, кептіргіш сияқты әр түрлі қондырғылар) өте жиі қолданылады. Ойыс айнаның фокусында жиналған Күн сәулесі ең берік деген металдарды балқытады. Күн электр бекеттерін жасау, үйлерді жылытуда Күн энергиясын қолдану т.с.с. жолында жұмыстар атқарылуда. Күн энергиясын тікелей электр энергиясына айналдыратын шама өткізгіштерден құрастырылған Күн батареялары күнделікті өмірде қолданылуда. Біздің заманымызда табиғи таза энергия қоры – Күн энергиясын пайдаланудың негізгі екі бағыты бар: 1) күн энергиясын ішкі энергияға түрлендіру арқылы жылумен қамтамасыз ету және 2)күн энергиясын электр энергиясына түрлендіру.

Жасыл эканомика және Ехро-2017. Қазіргі кезде қоғам «жасыл» экономика сөзінің мәнісін әр түрлі түсінеді. Бірі бұл елдің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары деп түсінеді. Басқалары бұл сөзді табиғатқа көмектесуге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшіншілері, бұл мақсаты экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысу деп есептейді.Түсінікті анықтаудың барлық осы жолдары сөздің мағынасына өте жақын. «Жасыл» экономика - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл» экономика бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған.Жасыл экономиканың негізінде – таза немесе «жасыл» технологиялар жатыр. Мамандардың айтуы бойынша «жасыл» экономиканы дамыту, көптеген постиндустриалды елдерде өзінің ауқымымен қозғаған экологиялық дағдарысты біздің елде болдырмауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күнде адамдардың тұрмыс тіршілігі табиаттағы басқару арқылы, жақсартуға ұмтылу және жаңа өндірістерді дамытудың салдары айнала қоршаған ортаға экологиялық проблемалар тудыруда. Адам баласына кейінгі кезде энергия жетпейді. Газет, журнал беттерінде энергетикалық кризис жайлы мақалаларды жиі кездестіреміз. Мұнай үшін кейбір мемлекеттер бір-бірімен жауласып жатса, ал кейбіреулері экологиялық дағдарысқа, құлдырауға ұшырайды екен.



Қазақстандағы «жасыл» экономиканы дамыту. Өткізілген «РИО + 20» Саммитінен кейін қазақстандық қоғамның күші «жасыл» экономикаға ауысу бойынша стратегияны іске асыруға бағытталған. Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Жасыл» экономикаға ауысу бойынша тұжырымдама әзірленді. Тұжырымдамада бірінші кезекте басты түрде экономиканың белгілі бір салаларын реформалауға бағытталған басым міндеттер тізбесі ұсынылды.«Жасыл» экономикаға ауысу аясында:қорлардың тиімділігін арттыру;азақстандық инфрақұрылымды жетілдіру; халықтың әл-ауқатын жақсарту болжанады;

Тұжырымдаманы іске асыру үш кезеңде жоспарланады:

-бірінші кезең - 2013–2020 жж. – қорларды пайдалануды оңтайландыру және табиғат пайдалану қызметінің тиімділігі арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру;

-екінші кезең - 2020–2030 жж. – табиғи қорларды тиімді пайдалану, жоғары технологиялар базасында жаңартылатын энергетиканы енгізу;

-үшінші кезең - 2030–2050 жж. – олардың жаңартылуы жағдайында негізіне табиғи қорларды пайдалану қойылған, ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» қағидаттарына ауысуы.

«Жасыл» экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары:

Бірінші бағыт - жаңартылатын энергия көздерін енгізу.Пайдалы қазбаларды ары қарай сақтау туралы мәселе орасан ауқымға ие болады. Біздің мемлекет табиғи қорлары өте бай ел ретінде танылған. Мұнай, газ – бүкіл дүние жүзінде ең ірі энергетикалық қорлардың бірі ретінде сыныпталады, бірақ тіпті олардың өзі уақыты келгенде сарқылады, демек өмір үшін жаңа ресурстар табу қажет. Бұл ретте Қазақстаннның жақсы экожүйеге, жер қыртысына және орманға ие болуы айғағы басқа елдер алдындағы өзінің ұстанымын айтарлықтай арттырады.

Екінші бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.Қалалық тұрғын үй қорының маңызды бөлігі кеңестік дәуірден кейінгі уақытта салынғандықтан, тұрғын үй кешендерінің көпшілігі тиімсіз жылу изоляциялық құрылымдармен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен жабдықталған, ол маңызды жылу шығындарына алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанда жылумен қамтамасыз ету аспаптарының жұмысының істен шығуы саласындағы іс-шараларды жүзеге асыратын энергия сервистік компаниялары әрекет етеді.

Үшінші бағыт – ауыл шаруашылығындағы органикалық егін шаруашылығыБірінші кезекте бағыттың аталмыш түрі әр түрлі азық қоспаларынан, синтетикалық тыңайту өнімдерінен (пестицидтерден) бас тартуды қарастырады. Дақылдық өсімдіктердің шығымдылығын, өсуін қамтамасыз ету үшін органикалық тыңайтқыштарды пайдалану туралы сөз болып отыр. Ауыл шаруашылығын «көгалдандыру» табиғи қорларға зиян келтірместен, халыққа азық-түлікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан мынадай бағыттар бойынша әрекет етуді жоспарлайды:жердің құнарлылығын басқару;суды тиімді пайдалану; өсімдіктер және жануарлар денсаулығын басқару;фермаларды механикаландыру.

Төртінші бағыт–қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру.Қалдықтарды басқару мәселесі ерекше танымалдылыққа ие болды. Лас көшелер, үйінділер және қандай да бір болып жатқанға бақылаудың жоқтығын жиі кездестіресіз. Қалыптасқан жағдайларға байланысты қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану ұсынылған. Осылайша, мысалы қатты тұрмыстық қалдықтарды кешенді қайта өңдеу және балама отынды алу технологиясы Алматыда іске асырылуда.

Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.Су адамзаттың өмір сүруін және экожүйелердің тұтастығын қамтамасыз етудің шешуші табиғи құрылымы болып қала береді. Осыған байланысты су қорларын тиімді пайдалану орасан ауқымға ие болатын мәселе болып қала береді.

Алтыншы бағыт – «таза» көлікті дамыту.Қазақстандағы тасымалдардың көпшілігі дизелде/бензинде жүргізіледі. Қазіргі уақытта тасымалдардың басым бөлігі бензин (дизель) негізінде жүзеге асырылады. Бірінші кезекте бұл парник газдарының жоғары шығарындыларына жағдай жасайды.

Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.Осы бағыттағы қызмет басты түрде біздің елдің бірегей табиғат байлығын сақтауға бағытталған.«Жасыл» экономика ел үшін басымдылықтар әкеледі

«Жасыл» экономикаға ауысу барынша үлкен танымалдыққа ие болып келеді және ауқымды қызығушылық тудырады. «Жасыл» экономика бірінші кезекте экономикалық прогреске жағдай жасайды және мыналарды қамтамасыз етеді: ішкі жалпы өнімнің өсімі; елдің табыстарын ұлғайту;елдегі жұмыссыздық көрсеткіштерін азайта отырып, халық үшін жұмыс орындарын құру. Бұл жерде «жасыл» экономикаға ауысу климаттың өзгеруі, пайдалы қазбалардың сарқылуы және су ресурстарының тапшылығы сияқты жаһандық қауіптен тәуекелдерді төмендетеді.«Жасыл» экономиканы дамыту бағдарламасы аясында Қазақстан экономиканың 10 шешуші секторына құралдарды инвестициялауды жоспарлайды:ауыл шаруашылығы;тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы; энергетика; балық аулау; орман шаруашылығы;өнеркәсіп;туризм;көлік;қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу; су қорларын басқару.«Жасыл» экономикаға ауысу институттары «Жасыл» экономикаға ауысу бірінші кезекте тиісті ұйымдарды құрумен белгіленеді.«Жасыл» бизнес академиясы.Академия жұмысының мақсаты табиғи және өзге де ресурстарды жинау саласындағы саясатты тұрақты дамыту үшін бағдарламалар, жобалар және оқыту курстарын әзірлеу болады. Академияда онлайн-семинарларды өткізу, инновациялық әдістерді қолдану жоспарлануда. Академияның онлайн-семинарлары қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар/мамандар арасындағы диалогқа, сондай-ақ «жасыл» өсу стратегиясын құруға бағытталған. Жасыл өсу және тұрақты даму тақырыбы бойынша жаңашыл электронды қорлар барлық студенттер үшін қол жетімді болады. Жасыл бизнес академиясы тұрақты дамыту стратегиясын іске асыру жағдайында, әсіресе әлеуметтік қажеттіліктер және мәселелерді барынша ұстанатын тәжірибе, табиғи қорларды кешенді пайдалану саласында болатын барынша тәжірибелік кәсіби жұмыс күшін дайындауға көмектеседі.

«Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы

Бағдарлама инвестициялық жобаларды іске асыру, саясаттарды реформалау жолымен жасыл бизнестің жаңа салаларын құру және дамыту бойынша мемлекеттердің, халықаралық, ғылыми ұйымдардың және бизнестің бірлескен әрекеттерін болжайды. Бағдарламаның міндеті тек мемлекеттер мен аймақтар арасында ғана емес, сонымен қатар мемлекет пен бизнес арасында да – серіктестіктің жаңа деңгейін құру және көптеген үдерістер арасындағы байланыс болып табылады. «Жасыл көпірдің» мәнісі – жасыл бизнестің жаңа салаларын дамыту және ол үшін ұзақ мерзімді және тұрақты негіздерді құру арқылы экономиканы көгалдандыру.

Бiз қазір өзге мемлекеттердiң модельдерiн жан-жақты салыстыра келе, Қазақстанның «жасыл экономикаға ЖІӨ-нің 1 пайызынан кем инвестиция бөлмеуі тиіс деп отырмыз», – деген болатын. Министр «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен «EXPO– 2017» көрмесінің «жасыл экономика» аясындағы ынтымақтастықты дамытып, экономиканың барлық секторына «жасыл» инвестициялар мен технологияларды тартуға серпіліс беретінін атап өткені есімізде.EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы.Әрине,бұл оңай шаруа емес.Астанада EXPO өткізуге арналған тақырып кездейсоқ таңдап алынбаса керек. Жерінде табиғи байлықтың мол қоры бола тұра Қазақстан баламалы энергетика мәселесін қозғауы тегін емес, әрине. Өйткені, шикізат көзіне айналып отырған еліміз оның түбінде бір түгесілетінін жақсы түсінеді. Сондықтан да тұрақты энергияны, баламалы энергетиканы пайдалану және табиғи ресурстарды сақтау барлық энергетикалық саланы дамытудың басым бағытының бірі болып табылады. «Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын төмендету мәселелерін терең қозғайтын өте ауқымды түсінік. 

Әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері ғылымдағы өзінің соңғы жаңалықтарын ұсынатын бұл халықаралық көрмені өткізу идеясы неден туындап отыр? Жасыратыны жоқ, бүгінде елімізде баламалы көздерден қуат алу мәселесі әлі де болса шешілмеген. Ал әлем дамудың жаңа, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз жолдарын қажетсінеді. Міне, сондықтан да Қазақстан «Жасыл экономикаға» бет бұрды. Егер EXPO-ны өткізудің сәті түссе, осы бір қордаланған мәселелер шешімін табады деп сенеміз. Миллиондарды толғандыратын болашақ энергиясы тақырыбын талқылау адамзат тарихындағы кең ауқымды пікірталастардың бірі болып қалмақ. Оны әлемдік қауымдастық та жете түсініп отыр. Астананың игі бастамасына көрші, бауырлас елдерді айтпағанда, дамыған еуропа мемлекеттерінің көбісі қолдау білдіруде. Қорыта келгенде, күннен күнге дамып жатқан заманауи технологияларды тиімді пайдалану үкіметтік деңгейде қолға алынса, біздің дәстүрлі энергия көздеріне тәуелділігімізді айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік туар еді. Сонда біз қоршаған ортаны зиянды қалдықтардан қорғап қана қоймай, көптеген жұмыс орнын құрып, сатып алу қабілеттілігін арттыра аламыз. Сондықтан да біздің Тәуелсіз жас мемлекетіміз үшін EXPO-2017 көрмесін өткізудің маңызы өте зор. Сайлауалды науқанының ең бір жауапты кезеңі – дауыс беретін күн де алыс емес. Оның нәтижесі тек 2012 жылдың соңында ғана белгілі болмақ. Әрбір қазақстандық біздің жеңіске жететінімізге сенеді және Көрмелердің халықаралық бюросы делегаттары оң жауап береді деген үмітте. Өйткені біз үшін жеңіс маңызды.



Күн энергиялы қондырғысын жобалау.

Бұл күн энергиялы қондырғы,тамақ дайындауға кететін электр энергиясының едәуір көлемін,газ және отындарды үнемдеуге септігін тигізеді. Ол тұрмыста су жылытуға да (тіпті қыс мезгілінде де) қолданылады.



Графикалық сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет