Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыш роторы орамаларының ерекшеліктері.
Роторлардың қысқа тұйықталған орамаларда ротор ойықтарына балұыған алюминий құйып бекітіледі. Сонымен қатар түп жағында қысқа тұйықталған сақина мен желдеткіш қалақтар пайда болады, олар қосымша суытуды қамтамасыз етеді. Фазалық роторлардығ орамалары, статордың орамаларымен бірдей. Фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштың роторлық орамасы фазасының басжақ ұшы біліктің қуыс ұшы арқылы шығарылады және электроқшауландырылған төлкеге мықтап отырғызылған үш түйіспе сақинасына жалғанады.Щетка ұстағыштар мен серіппелер реттегіш резисторларды жалғап тұруға арналған графит щеткаларды сақиналарға қысып тұрады. Ротор орамалары оларды Y сұлбасы бойынша қосқанда бейтараппен бірігеді де ұштары шығарылмайды.
Асинхронды қозғалтқыш орамалық коэффициентінің физикалық мәні.
Ораманың шарғының қадамы жақтарының арасындағы қашықтық. Ол толық, егер у=r немесе қысқарған, егер y Асинхронды қозғалтқыш орамаларының орамы, бөлігі және шарғысы деген не?
Ораманың негізгі элементтері: орам,секция және шарғы. Орам ойықтарда полюстік бөлінуіне бірдей немесе одан кем қашықтықта бір біріне жалғастырылған. Орамдарды шарғы әдісімен даярлау тек қана қимасы жіңішке сымдарды пайдаланып және қуаты кіші электрқозғалтқыштардың орамалары ретінде қолданылады. Ажыратылмайтын орамалардың орамаларын орауға арнайы орауыш машиналарды пайдаланады.Секциялық әдісімен даярланған орамалардың қуаттылығы шектелмейді.Бөлім бір біріне тізбектей жалғастырылған бір немесе бірнеше орамдар). Шарғы-ортақ оқшаулағышпен біріктірілген бір немесе бірнеше секциялау. Мұның бәлендей айырмашылығы жоқ. Ораманың бөлімдері өзінің қадамымен сипатталады деп белгіленеді.