Қысқа тұйықталған және фазалы роторы асинхронды қозғалтқыштардың құрылыстық ұқсастығы мен айырмашылықтары.
Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштар фазалық роторлы қозғалтқыштарға қарағанда қарапайым, әрі пайдалануға сенімді. Алайда, фазалық роторлы қозғалтқыштардың артықшылықтары – оның жүргізіп жіберуші және реттеушіқасиеттерінің барлығында. Құрылысының қарапайымдылығы, қызмет етуі оңай, құнының арзандығы сияқты қасиеттерімен бірге, асинхронды қозғалтқыштардың кейбір кемшіліктері де бар, ең бастысы – пайдалы қуатының (cos ) едәуір төмендігі. Толық жүктелген кезінде 0,85-0,9 шамасына жетуі мүмкін, бос жүріс кезінде 0,2-0,3 болады. Асинхронды қозғалтқышының қуат коэфициентінің кем болуының себебі - магнит өрісін қоздыруға қажет болатын реактивтік қуатқа өте коп энергия жұмсалатындығында.
Қысқа тұйықталған және фазалы роторлы асинхронды қозғалтқыштардың негізгі конструкциялық бөліктері.
Асинхронды электр қозғалтқышының кез-келген түрі сияқты, 3 фазалы асинхронды қозғалтқыш екі негізгі бөліктен тұрады, атап айтқанда ротор мен статор:
Статор – оның атауынан көрініп тұрғандай, статор асинхронды қозғалтқыштың бекітілген бөлігі болып табылады. Статор орамасы асинхронды қозғалтқыштың статорына орналастырылады және оған үш фазалы қуат беріледі.
Ротор – асинхронды қозғалтқыштың айналмалы бөлігі. Ротор білік арқылы механикалық жүктемеге қосылады.
Қысқа тұйықталған ротор: