Асинхронды қозғалтқыш роторы айналуы үшін қажетті жағдай.
Асинхронды қозғалтқыштың жұмысы «Араго-Ленц дөңгелегі» (6.1-сурет) деп аталынған құбылысқа негізделген. Бұл құбылысты былай түсіндіруге болады, егер тұрақты магнит полюстерінің алдына осьте еркін отыратын мыстан жасалған деңгелекті (дискіні) 1 орналастырып, магнитті тұтқасы 3 арқылы өз осінің бойымен айналдырсак, онда мыс дөңгелек сол бағытта айналады, өйткені магнитті айналдырғанда оның магнит өрісі дөңгелектен өтіп онда құйынды токтар туғызады.
6.1 – сурет. Асинхронды қозғалтқыштың жұмыс жасау принципінің схемасы.
Ленц заңына орай кез келген индукцияланған ток оны тудырған себепке қарсы әрекет жасайтын бағытта ағады. Сондықтан дөңгелек денесіндегі құйынды токтар магниттің айналуын тежеуге тырысады, бірақ магнитті тоқтата алмай онымен бірге айналады. Мұнда дөңгелектің айналу жиілігі магниттің айналуы жиілігінен аз болады. Егерде бұл жиіліктер кейбір себептермен бірдей болса, онда магнит өрісінің дөңгелекпен салыстырғандағы жылжуы болмас еді, демек мұнда құйынды ток пайда болмас еді, яғни дәңгелекті айналдыратын күш пайда болмас еді.
Асинхронды қозғалтқыш статоры орамасы магнит өрісі мен роторының айналу жылдамдығының арасындағы қатынасы (байланысы).
Айналып тұрған ротормен салыстырғандағы статордың магнит өрісінің айналуы жиілігінің статор өрісінің жиілігіне қатныасымен анықталады: S= ns/ n2= (n1- n2) / n1.
Ротор мен статор орамасындағы магнит өрісінің айналу жылдамдықтары бірдей болған кезде асинхронды қозғалтқыш электр магнитінің айналдыру моменті нөлге неге тең?
Өйткені ротор мен статор орамасындағы магнит өрісінің айналу жылдамдықтары бірдей болған кезде синхронды қозғалтқыш болады.
Асинхронды қозғалтқыш неге «асинхронды» деп аталған?
Ротордың айналу жиілігі магнит өрісінің айналу жиілігіне тең болмағаннан кейін асинхронды деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |