Индуктивті катушка t
температурада, рұқсат етілген жұмыстық
диапазонда L 0
индуктивтіліктің нақты номиналды мәнімен, қателікпен (немесе
қажетті индуктивті ауытқумен) және индуктивтіліктің температуралық
ИТК
коэффициентімен
L сипатталады. Катушкадағы шығын эквивалентті
t
L0
сұлбадан анықталады, ол екі параллель қосылған тізбектен құралған: біріншіде,
L 0 өзіндік индуктивтілік катушкадағы R L кедергінің шығынымен тізбектей
қосылады және екіншісінде, CL өзіндік катушка сыйымдылығының R C
сыйымдылықтағы шығынмен тізбектей қосылады.
Трансформатор дегеніміз бір кернеудегі айнымалы токты сол жиіліктегі айнымалы токтың екінші кернеуіне түрлендіретін статикалық электр-магниттік аппарат.
Жартылай өткізгішті диодтар. Жартылай өткізгішті диодтар деп бір электрлік өткелі және екі шықпасы бар жартылай өткізгішті аспапты айтады. Электронды-кемтіктік ауысуды алу тәсіліне байланысты жартылай өткізгішті диодтар екі түрге: жазық және нүктелік деп бөлінеді.
Түзеткіш диодтар. Айнымалы токты түзетуге тағайындалған жартылай өткізгішті диодты түзеткіш деп атайды. Мұндай диодтар жазық болып табылады. ВАС түзеткіш диодтардың негізгі сипаттамасы болып табылады.
Кремнийден жасалған диодтарға рұқсат етілген кері кернеуі 1000 ... 1500 В-қа, ал германийден жасалған диодтарға – 100 ... 400 В-қа жетеді. Кремнийлі диодтар – 60…+150ºС, ал германийлі диодтар – 60 …+85ºС температура кезінде жұмыс істей алады. Төменгі кернеулі түзеткіш құрылғыларда германийлі диодтар қолданылады.
Стабилитрон. Жартылай өткізгішті стабилитрон деп электрлік тесілу режимінде жұмыс істейтін кремнийлі диодты айтады және кернеуді тұрақтандыруға арналған. Тағайындалуы – тұрақты кернеуді қамтамасыз ету
Достарыңызбен бөлісу: |