өткел арқылы ток өтпейді.
p-n өткелдің негізгі сипаттамасы кернеудің мәні мен полярлығының тәуелділігін көрсететін вольт-амперлік сипаттама болып табылады. Вольт- амперлік сипаттама келесі функциямен өрнектеледі:
I IT exp(U /T ) 1,
мұндағы ІТ жылулық ток, Т температуралық потенциал. Кері кернеу қандай- да бір критикалық мәнге жеткен кезде кері ток артады, бұл режим p-n өткелдің ойылып-тесілуі деп аталады. Ойылып-тесілудің негізгі екі түрін ажыратады: электрлік және жылулық ойылып-тесілу. Электрлік ойылып-тесілу көшкіндік ойылып тесіп өту және туннельді деп бөлінеді. Электрлік ойылып-тесілу қайтымды процесс, ал жылулық – қайтымсыз процесс.
р-п өткелдің сыйымдылығы. р-п өткелінде электрлік сыйымдылықтың екі түрі бар: тосқауылдық және диффузиялық сыйымдылық. Тосқауылдық сыйымдылық р-п өткелінің екі жағына орналасқан қоспа атомдардың теріс және оң иондарынан тұратын қос-қабат көлемдік заттармен анықталады. Диффузиялық сыйымдылық р-п өткеліне берілген тікелей кернеудің әсерінен р-п өткелінің екі жағында бейтарап тепе-теңдік бұзылған кезде пайда болған электрондар мен кемтіктердің шоғырлануынан туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |