Тоқтың жылулық әсері
Сонымен біз электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жқмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді. Ток күші I=q/t болғандықтан жұмыс мынаған тең: A=Iut
Тізбектің бөлігі үшін Ом заңына сүйеніп Токтың жұмысының өрнегін мына түрде жазуға болады. A=I2 Rt. Тізбектің бөлігіндегі жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең.
Токтың жұмысы Джоульмен (Дж) өлшенеді.
1Дж =1A*1B*1c
Джоуль- Ленц заңы Егер өткізгіш қозғалмаса, токтың барлық жұмысы өткізгішті қыздыруға жұмсалады. Сол кезде бөлінетін жылу мөлшері мынаған тең болады.
Q=A=I2 Rt. Бұл формула Джоуль- Ленц заңын сипаттайды.
Өмірмен байланыстыру- өндірісте, тұрмыста қолданыстағы электр приборларының жылуының мөлшері осы заңға негізделген. Заңның тұжырымдамасы: өткізгіштегі токтың бөліп шығаратын жылу мөлшері ток күшінің квадратына, өткізгіш кедергісіне және электр тогының өту уақытына пропорцианал.
Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Ең алғашқы электр шамдар, осы уақытқа дейін пайдаланылып жүрген, қыздыру шамдары б. т. Олардың жарық көзі адам көзінің қабылдауына оптималды б. т. Бірақ олардың елеулі кемшілігі бар: жуық шамамен олардың 95% энергиясы жылуға айналады, ал 5% ғана жарық көзінің үлесіне қалады.
Электр шамының бір ғана өнертапқышы жоқ. Шамның тарихы әр түрлі уақытта, әр түрлі адамдардың ашқан жаңалықтарының тізбегінен тұрады. Лодыгин ең бірінші болып шамға вольфрам сымын қолданды және қыздырғыш сымды спираль пішінде орауды ұсынды. Лодыгин ең бірінші шамнан ауаны сорып алды, сөйтіп ол шамның қолдану мерзімін көп есеге арттырды. Лодыгиннің тағы бір жаңалығы шамды инертті газға толтырып, қолдану мерзімін арттыруға бағытталды.
Электр тогын өткізу қабілетіне қарай заттар бөлінеді.
Электр тогы – зарядталған бөлшектердің бағытталған қозғалысы Ток болуы үшін қажетті шарттар
Еркін q бар болуы (иондар, электрондар)
Эл. өрісінің бар болуы
(ток көзінен пайда болады)
Ток әсерлері
жылулық
магниттік
химиялық
физиологиялық