200. Техникалық сумен жабдықтау жүйесін пайдалану кезінде мыналар қамтамасыз етіледі:
1) нормативтік температурадағы салқындатылған суды қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада үздіксіз беруі;
2) турбиналар конденсаторлары мен техникалық сумен жабдықтау жүйесінің ластануының алдын алу;
3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау.
201. Турбиналар конденсаторларының құбырларында және басқа да жылу алмасу аппараттарында шөгінділердің, коррозияның, техникалық сумен жабдықтау жүйесінің күшеюінің, судың «гүлденуі» немесе салқындатқыш су қоймаларда жоғары су өсімдіктерінің өсуінің алдын алу үшін профилактикалық іс-шара жүргізіледі.
Іс-шараларды таңдау жергілікті жағдайлармен, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау шарттары мен экономикалық маңыздылығы және олардың тиімділігі, қол жетімділігі бойынша анықталады.
Конденсаторлардың құбырларын, циркуляциялық су өткізгіштер мен каналдарды мерзімді тазарту уақытша шара ретінде қолданылуы мүмкін.
Химиялық тәсілмен судағы жоғары өсімталдықты жою және су қоймасында салқындатқыш судың «гүлденуімен» күреске санитариялық-эпидемиалогиялық қызметтің мемлекеттік органының рұқсатымен ғана жол беріледі.
202. Салқындатылатын суда қақтың пайда болуы кезінен энергетикалық объектінің пайдалану персоналы:
1) градирлі және шашыратқыш құрылғылары бар сумен жабдықтау айналымы жүйесінде:
үрлеуді, суды қышқылдауды немесе фосфаттауды жүргізу немесе оны өңдеудің қиыстырылған әдістерін - қышқылдауды және фосфаттауды қолдану; қышқылдау, фосфаттау мен әктендіру және дайындаушы-зауыттың соңғы деректеріне сәйкес басқа да әдістерді қолдануы;
2) салқындатқыш - су қоймаларында сумен жабдықтау айналымды жүйесінде:
қоректендіру кезінде су сапасының жақсы кезеңінде су алмасуды жүзеге асыру; салқындатылатын судың карбонаттық кермектігін су алмастыру жолымен (сондай-ақ тікелей ағын сумен жабдықтау жүйесінде) төмендету мүмкін болмағанда, бірінші энергетикалық блокты енгізумен турбиналардың конденсаторларын қышқылдық жуулар бойынша және жуу ерітінділерін тазарту бойынша қондырғылар ескеріледі.
203. Жылу алмастырғыштардың органикалық қалдықтармен ластануының алдын алу үшін салқын суды хлорлау кезінде судағы хлордың құрамы конденсатордан шығар кезде 0,4–0,5 мг/дм3 шамасында болуы тиіс.
Сумен техникалық жабдықтаудың тік ағатын жүйесінде және салқындатқыш су қоймасы бар айналмада белсенді хлордың болуының алдын алу үшін ағатын каналдардың суын хлорлау кезінде бір-екі конденсаторға құйылатын салқын суға хлорлы ерітінді беруімен орындалады.
204. Ұлу, дрейсен немесе басқа да биоағзалар арқылы техникалық сумен жабдықтау жүйесінің қаптап өсуі кезінде (ірі торлардың, су тазалағыш торлардың конструктивтік элементтері, суды қабылдаушы және сорыпалушы камералары мен арынды су өткізгіштердің) өспейтін жабындылар қолданылады, ыстық сумен трактіні шайып өтеді, 1,5 айда 4-5 тәулік ішінде 1 рет белсенді хлор мөлшерін 1,5-2,5 мг/дм3 қосалқы жабдыққа құйылушы салқындатылған су хлорланады.
205. Техникалық сумен жабдықтау жүйелерінің гидротехникалық құрылыстарын пайдалану, сондай-ақ олардың техникалық жай-күйін бақылау осы Қағидаларға 4-тараудың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
206. Техникалық сумен жабдықтаудың жабдықтары мен су салқындатқыш жүйесінің жұмысы осы Қағидалардың 200-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
Бір уақытта табиғатты қорғау шарттары мен өндірістің (су көлігі, суару, балық шаруашылығы, сумен жабдықтау) энергетикалық емес салаларының қажеттіліктері ескеріледі.
207. Салқындатқыш су қоймалары арқылы сумен жабдықтаудың тік ағатын, біріктірілген және айналмалы түрлерінде су қабылдағыш тордың жылытылуы және мұз қатуына жол бермеу үшін жылы су рецеркуляциясы жүзеге асырылады. Рециркуляция су қақпасында мұздың пайда болуының алдын алады; оның іске қосу сәтінде өндірістік нұсқаулық анықталады.
208. Циркуляциялық трактіде ауаның мерзімділігі олардағы сифон биіктігінің жобалық мәнімен салыстыру бойынша 0,3 м артық азаймайтындай болуы тиіс.
209. Жүйелердің ластануы салдарынан циркуляциялық сорғы арынының ауытқуы жобалық мәнімен салыстырғанда 1,5 м аспауы тиіс, ал сорғы корпусы мен жұмыс дөңгелегінің қалақтары арасындағы саңылаудың көбеюі салдарынан сорғының және жұмыс дөңгелегі қалақтарының теңдей орналасудан ауытқу коэффициенті пайдалы әрекеті коэффициентінің азаюы 3 % артық болмауы тиіс.
210. Циркуляциялық су салқындатқыштарын пайдалану кезінде бу турбинасының қондырғыларының неғұрлым пайдалы (үнемді) вакуумына қол жеткізу шарттарына орай оңтайлы жұмыс режимі мен нормативті сипаттамаларға сәйкес салқындатқыш тиімділігі қамтамасыз етіледі.
211. Су салқындатқыштардың, су жіберу және ағызу құрылыстары нақты метеорологиялық шарттар мен электр станцияларының конденсациялық жүктемесі үшін әзірленген режимдік картаға сәйкес таңдалып алынады.
Нормативті сипаттамалар бойынша қойылатын талаппен салыстыра отырып салқындатқыш судың орташа тәуліктік температурасының салқындатқаннан кейін 10С артқан кезде салқындатпаудың себептерін анықтауға және себептерін жою шаралары қабылданады.
212. Транзиттік ағын аймағында және салқындатқыш су қоймасының иірім аймақтарында су өсімдіктерінің қаптап өсуі пайда болған кезде ол биологиялық не механикалық әдіспен жойылуы тиіс.
213. Суытқыш мұнаралардың негізгі конструкцияларын (мұнара элементтерін, мұздануға қарсы тамбурды, су ұстағышты, суландырғышты, су тарату құрылғы мен желдету жабдығын) және шашатын құрылғылардың басты конструкцияларын тексеру жыл сайын көктем және күз мезгілдерінде жүргізіледі. Табылған ақаулар (мұнара көмкерісіндегі, суландырғыштағы уыстар, тамбурдың айналдырғыш қалқандарын бір күйде ұстағыштардың, су бөлгіштің шашыратуы құрылғыларының қанағаттандырарлық жағдайы) жойылады. Тамбурдың айналдыратын қалқандары ауа температуралары қалыпты кезінде орнатылады және көлденең күйде белгіленеді.
Металл конструкциясының коррозияға қарсы жабындары, сондай-ақ темір бетон элементтерінің бұзылған қорғаныш қабаты қажеттілік шамасына қарай қалпына келтіріледі. Су ағызу бассейндері, сондай-ақ суытқыш мұнаралардың мұнарасы қаптамасының асбестоцемент табақтарының сенімді гидро оқшаулағышы болуы тиіс.
214. Суытқыш мұнаралармен бүрку бассейндерінің су тарату жүйелері жылына кемінде 2 рет – көктемде және күзде шайылады. Ластанған қақпақ уақытылы тазартылады, ал істен шыққандары ауыстырылады. Градирлердің бүрку бассейндері 2 жылда кемінде 1 рет қалдықтардан тазартылады.
215. Жөндеу барысында қолданылатын градирнияның ағаш конструкциялары антисептиктелуі тиіс, ал бекіту бөлшектері мырышпен қапталуы тиіс.
216. Суытқыш мұнаралардың суарылатын конструкциялары минералдық және органикалық шөгінділерден тазартылады.
217. Суытқыш мұнаралар мен бүрку қондырғыларының темір торлары мен торлары ауысымына 1 рет тексеріледі, ал қажет болған кезде, су ауыспасының 0,1 м асуына жол бермес үшін, тазартылуы тиіс.
218. Қыс кезінде ғимараттың іргелес жатқан аймақтарының ылғалдану және мұз басуы кезінде градирлерді су ұстайтын құрылғылармен жабдықталады.
219. Сумен техникалық жабдықтау жүйесінде бірнеше қатарлас жұмыс істейтін суытқыш мұнаралары болған кезде және қыс кезінде салқындатылатын суға кететін жалпы шығындарды азайту кезінде суытқыш мұнаралардың бір бөлігі өртке қарсы және басқа да қажетті іс-шараларды қолданудың көмегімен тоқтатылуы тиіс. Суландырғыштың мұз қатуына жол бермес үшін жұмыс істеп тұрған суытқыш мұнаралардағы суару жиілігі суарылу аумағына 1 м2-ге 6 м3/саз болмауы тиіс, ал суытқыш мұнаралардан шығаруда су температурасы 10 0С төмен болмауы тиіс.
220. Жабдықтарға, конструктивтік элементтерге, жақын орналасқан аймаққа мұз қатпау үшін қыста су бүрку құрылғылары төмендетілген арынмен жұмыс істеуі тиіс. Су шығындары азайтылған кезде перифериялық шүмектер бітеледі және шеткі тарату құбырлары ажыратылады.
Бүрку шүмектерінің арынын азайту жұмыс істейтін секциялардың ең көп мөлшеріне арналған салқындатылатын суға кететін шығынды азайту жолымен орындалады, сондай-ақ жылытылған судың бір бөлігін суытпай-ақ бос жолдар арқылы су ағызу бассейніне ағызу әдісі де қолданылады. Бүрку құрылғысынан шығар кездегі судың температурасы 10 о С төмен болмауы тиіс.
221. Қыс мезгілінде суытқыш мұнаралардың немесе бүрку қондырғысын қысқа мерзімге ажырату кезіндегі мұздың пайда болуының алдын алу үшін бассейндегі жылы судың айналымы қамтамасыз етіледі.
222. Ағаштан, полиэтиленнен және басқа да жанатын материалдардан жасалған конструкция элементтері бар суытқыш мұнараларды уақытша пайдаланудан шығару кезінде олардағы ауа өтетін терезелер жабық болуы тиіс, ал суытқыш мұнаралардың артына өртке қарсы қадағалау орнатылады.
223. Сорылмалы мұнаралардың, қапталған суытқыш мұнаралардың металл қаңқаларын жіті тексеру 10 жылда кемінде 1 рет, ал темір бетон қабатты 5 жылда кемінде 1 рет жүргізілуі тиіс.