Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету



бет16/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету


176. Электр станциялардың гидрологиялық және метеорологиялық қамтамасыз ету міндеттеріне мыналар кіреді:
1) электр станцияларының жұмыс режимдерін оңтайлы жүргізу үшін гидрологиялық және метеорологиялық мәліметтерді алу, су ресурстарын пайдалану және гидротехникалық құрылыстар мен су қоймаларын сенімді пайдалануды ұйымдастыруды жоспарлау,
2) су ағынын реттеу, су тасқынын өткізу, ирригациялық, навигациялық және санитариялық тұрғыдан ұйымдастыру және сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін мәліметтер алу;
3) төтенше жағдайларда келетін залалдардың алдын алу немесе азайту шараларын уақтылы қолдану үшін қажетті ақпарат алу.
177. Электр станциялары ұдайы метеорологиялық қызметтерден мынадай мәліметтерді алуы қажет:
1) пайдаланылатын су ағыны туралы мәліметтер (шығыс, су деңгейі мен температурасы, мұз құбылысы, сорғылар);
2) су қоймаларының айлық және жылдық су жиынтықтары;
метеорологиялық мәліметтер (ауа температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын және булану, жел күші мен бағыты, тайғақтың пайда болуы, дауыл және найзағайдан алдын ала сақтандыру);
3) электр станцияларын пайдалану үшін қажетті гидрологиялық және метеорологиялық болжамдар.
Қажет болған кезде электр станциялары метеорологиялық қызмет органдарынан судың физикалық, химиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері туралы, олардың ластану деңгейі туралы деректер, сондай-ақ ластанған су деңгейінің тез өзгеруі туралы шұғыл ақпарат алуы қажет.
178. Гидрологиялық және метеорологиялық болжамдардың көлемі, мерзімі мен жеткізу тәртібі және қауіпті құбылыстардан сақтандыру тиісті метеорологиялық қызметтерге сәйкес нақты шарттарымен белгіленеді.
Электр станцияларында болжам және нақты гидрологиялық және метеорологиялық құбылыстар тіркелуі қажет.
179. Жергілікті нұсқаулықта белгіленген мерзімде әрбір электр станцияларында мыналар бойынша бақылау ұйымдастырылады:
1) гидро тірек құрылыстарының бьефтеріндегі, су жіберу құрылыстарындағы, каналдардағы су деңгейі;
2) су техникалық құрылыстар арқылы жіберілетін және технологиялық жабдықтардың пайдаланылған су шығындары;
3) жоғарғы және төменгі бьефтердегі құрылыстардың маңындағы су ағысының (өзеннің, каналдың, су қоймасының) мұз режимі;
4) судағы қоқыстар мен олардың су қоймаларында, бьефтерде, бассейндерде, каналдарда бөлінуі; су мен ауа температурасы;
5) пайдаланылушы немесе ағынды су сапасының (жергілікті жағдайына байланысты) көрсеткіштері.
180. Электр станцияларында пайдаланылған судың орташа тәуліктік шығыны су өлшегіш көрсеткіштері бойынша анықталады; су өлшегіш құрылғылар болмаған жағдайда уақытша аталмыш құрал орнатылғанға дейін су ағыны технологиялық жабдық сипаттамалары және басқа да мүмкін болатын әдістері бойынша ескерілуі мүмкін.
181. Су ағысын реттеуді жүзеге асырушы барлық су қоймаларында аумақтық метеорологиялық қызметтердің мәліметтері бойынша су құбырларының қақпасына келетін су ағынын әр тәулік сайын тіркеу ұйымдастырылады.
182. Гидроэлектр станцияларының жоғары және төменгі бьефтерінің деңгейлері мен гидротурбиналардың арыны, сондай-ақ торлардағы арындар айырмасы басқарманың орталық тетігіне көрсеткіштерді қашықтықтан жеткізу құралдарымен өлшенеді. Бьефтердегі су деңгейін өлшеу құрылғылары мен торлардағы арын айырмасы жылына 2 рет және су тасқынынан кейін тексеріледі.
183. Су өлшегіш қондырғылардың нөлдерін белгілеу белгілеудің біртұтас жүйесі бойынша берілуі тиіс және нивелирлеу арқылы 5 жылда кемінде 1 рет тексерілуі тиіс.
Білтелердің және айқаспалардың айналасында мұз уатылуы тиіс. Аяз кезінде автоматты бекеттер жылытылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет