Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Бу және су жылыту қазандық қондырғылары



бет24/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Бу және су жылыту қазандық қондырғылары


305. Бу және су жылыту қазандықтарын пайдалану кезінде:
1) барлық негізгі және қосалқы жабдықтар жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігі;
2) қазандықтардың номиналды өнімділігіне бу мен су параметрлерімен сапасына қол жеткізу мүмкіндігі;
3) сынаулар мен зауыт нұсқаулықтарының негізінде белгіленген жұмыстың үнемді режимі;
4) қазандықтардың әрбір типі мен жанатын отын түрі үшін айқындалған жүктеменің реттелетін диапозоны;
5) жол берілетін ең төменгі мүмкін жүктемелер;
6) зиянды заттарды атмосфераға шығаруға жол берілетін қалдықтары қамтамасыз етіледі.
306. Монтаждаудан кейін қайта пайдалануға енгізілетін қысымы 100 кгс/см 2 (9,8 МПа) және одан жоғары қазандықтар пайдалануға негізгі құбыржолдарымен басқа да су-бу трактісінің элементтерімен бірге химиялық тазартуға ұшырауы тиіс. Қысымы 100 кгс/см 2 (9,8 МПа) төмен қазандықтар мен су жылыту қазандықтары пайдалануға енгізу алдында сілтілеуге жатады.
Тікелей химиялық тазалау мен сілтілеуден кейін тұрып қалған коррозиядан тазартылған жоғарғы қабаттарды қорғау үшін шаралар қабылданады.
307. Жөндеуден немесе ұзақ уақыт бойы резервте болуынан (3 тәуліктен көп) кейін қазандықтың іске қосылуының алдында БӨҚ-тің қосалқы жабдығының, арматуралар және тетіктерді қашықтықтан басқару құралдарының, автореттегіштердің, қорғау, блоктау құрылғылары мен жедел байланыс құралдарының жарамдылығы мен іске қосуға даярлығы тексеріледі. Айқындалған ақаулар жойылады.
Қазандықтың тоқтауына әсер ететін блоктау мен қорғану құрылғыларының жарамсыздығы кезінде оны іске қосуға жол берілмейді.
308. Қазандықты іске қосу ауысым басшысының немесе аға машинистің басшылығымен, ал күрделі және орта жөндеу жұмысынан кейін цех басшысының немесе оның орынбасарының басшылығымен ұйымдастырылады.
309. Жағу алдында барабанды қазандық деаэрацияланған қоректік сумен толтырылады.
Тура ағынды қазандық қоректік сумен толтырылады, оның сапасы көректік суды өңдеу схемасына байланысты пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келуі тиіс.
310. Суымаған барабан қазандығын толтыру босатылған барабанның үстіңгі беті металының температурасы 160 0 С жоғары емес болған кезде рұқсат етіледі.
Егер барабанның үстіңгі беті металының температурасы 140 0 С-тан асса, оны гидросығымдау үшін сумен толтыруға жол берілмейді.
311. Тура ағынды қазандықты сумен толтыру, одан ауаны шығару, сондай-ақ ластанудан жуу кезіндегі операциялар сепараторлық жағу режимі кезінде қазандық трактісіне орнатылған тиектерге дейінгі учаскеде немесе тура ағынды жағу кезінде барлық тракт бойынша жүргізіледі.
Судың жағу шығысы номиналдық мөлшерден 30 %-ға тең болуы тиіс.
Жағу шығынының басқа мәні дайындаушы-зауыттың нұсқаулығымен немесе сынау нәтижелерінің негізінде түзетілген пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен ғана анықталуы мүмкін.
312. Су жылытатын қазандықты қыздыру алдында желілік су шығыны жолға қойылады және әрі қарайғы жұмысты анықтайтын дайындаушы-зауыт қазандықтың әр типі үшін жол берілетін ең төменнен кем емес ұсталады.
313. Блокты қондырғылардың тура ағынды қазандықтарын жағу кезінде жұмысы 140 кгс/см 2 (13,8 МПа) қазандық трактісіне кіріктірілген тиектер алдындағы қысымдағы қазандықтар үшін 120-130 кгс/см 2 (12-13 МПа) деңгейінде, ал шамадан тыс қысымдағы қазандықтар үшін 240-250 кгс/см 2 (24-25 МПа) деңгейінде ұсталады. Бұл мәндердің өзгертілуі немесе айнымалы қысымда жағылуы арнайы сынақтар негізінде өндіруші зауыттың келісімі бойынша жол беріледі.
314. Жағу алдында және қазандықты тоқтатқаннан кейін, оттық және газ өткізгіштер рециркуляциялықтарды қоса алғанда, газ ауа трактісінің шиберлері ашық болғанда түтін сорғыштармен, үрлеу желдеткіштерімен және рециркуляциялау түтін сорғыштарымен номиналдықтан кемінде 25% ауа жұмсаумен кем дегенде 10 минут желдетіледі. Үрлеумен жұмыс істейтін қазандықтарды және түтін сорғыштар болмаған кезде су жылыту қазандықтарын желдету үрлеу желдеткіштерімен және қайта циркуляциялаушы түтін сорғыштармен жүзеге асырылады.
Суымаған күйдегі қазандықты жағу алдында су-бу трактісіне сақталып қалған артық қысымды желдету 15 минуттан бұрын басталады.
315. Газбен жұмыс істейтін қазандықты жағу алдында қазандықтың газ өткізгіштерін ауамен сығымдап бақылануы тексеріледі және жанарғылар алдында бекіткіш арматураның газбен жабылуының беріктігі табиғи газда жұмыс істейтін энергетикалық объектінің газ шаруашылығын пайдалану жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
316. Қазандықты жағу кезінде түтін сорғыш пен үрлеу желдеткіші, ал түтін сорғышсыз қазандықтарда үрлеу желдеткіші қосылады.
317. Қазандықты жағу басталған сәттен бастап барабандағы су деңгейін бақылау ұйымдастырылады.
Жоғары су көрсеткіш құралдарын үрлеу:
1) қысымы 40 кгс/см 2 (3,9 МПа) және одан төмен қазандықтар үшін – қазандықта артық қысым кезінде шамамен 1 кгс/см2(0,1 МПа) және негізі бу құбырына қосу алдында;
2) қысымы 40 кгс/см 2 -ден (3,9 МПа) жоғары қазандықтар үшін қазандықтағы қысымы 3 кгс/см 2 -ден (0,3 МПа) артық болған кезде және қысым 15-30 кгс/см 2 (1,5-3 МПа) болған кезде орындалады.
Су деңгейінің төмендетілген көрсеткіштері жағу процесіндегі су көрсеткіш аспаптармен салыстырылады (түзетулерді ескере отырып).
318. Қазандағы түрлі жылу күйлеріне байланысты жағу дайындаушы зауыт нұсқаулықтарының және іске қосу режимдерін сынау нәтижелері негізінде іске қосу кестелеріне сәйкес орындалады.
319. Күрделі және орташа жөндеуден кейін жылына кемінде 1 рет суық күйдегі қазандықты жағу процесінде экрандардың, барабандар мен коллекторлардың жылу қоймасы қада белгісі бойынша тексеріледі.
320. Егер қазандықты іске қосу алдында ернемекті қосылулар мен қолтесіктерді жөндеуге байланысты жұмыстар жүргізілген болса, онда 3-5 кгс/см 2 (0,3-0,5 МПа) артық қысымда бұрандама қосылулар тартылуы тиіс. Бұрандама қосуларды жоғары қысымды кезінде тартуға жол берілмейді.
321. Қазандықтарды жағу және тоқтату кезінде барабанның температуралық режиміне бақылау ұйымдастырылуы қажет. Барабанның төменгі құрылысын қыздыру және салқындату жылдамдығы мен барабанның жоғарғы және төменгі құрылыстарының арасындағы температураның түсуі осы Қағидаларға 5-қосымшада келтірілген жол берілетін мәндерден аспауы қажет.
322. Қазандықты жалпы бу құбырына қосу дренаждау және байланыстырушы бу құбырын жылытудан кейін жүргізіледі. Қосқан кезде қазандық сыртындағы бу қысымы жалпы бу құбырындағы қысымға тең болуы тиіс.
323. Ұшып шығулары 15 %-дан кем отында жұмыс істейтін қазандықтарда қатты отынды жандыруға көшу (жанарғыға тозаңның беріле бастауы) жанарғыны номиналдықтан 30 %-дан төмен емес жағу отынымен жылу жүктелген кезде рұқсат етіледі. Ұшып шығулары 15 %-дан артық отынмен жұмыс істеген кезде төменгі жылулық жүктеме кезінде тозаңды беруге рұқсат етіледі, ол тозаңның тұрақты тұтануын қамтамасыз етуден шыға отырып, жергілікті нұсқаулықпен белгіленеді.
Қысқа мерзімді іркілістен соң (30 минутқа дейінгі) қазандықты қайта іске қосу кезінде кем дегенде 15 % ұшқын шығаратын, отынның жылу номиналдылығы 15 %-дан төмен емес қатты отынды жағуға рұқсат беріледі.
324. Қазандық жұмысының режимі жабдықтарды сынау және пайдалану жөніндегі нұсқаулық негізінде құрылған режим картасына сәйкес болуы тиіс. Қазандықты қайта жабдықтау және отынның таңбасы мен сапасын өзгерту кезінде режим картасы түзетіледі.
325. Қазандық жұмысы кезінде жол берілетін бастапқы және аралық бу жылытқыштарының әрбір сатысында және әрбір ағымында бу температурасын қолдауды қамтамасыз ететін жылу режимдері сақталады.
326. Қазандық жұмысы кезінде барабандағы судың ең жоғары шекті деңгейі дайындаушы-зауыт пен жабдықтарды сынау деректерінің негізінде белгіленетін деңгейлерден жоғары емес, ал төменгі шекті деңгейі төмен болмауы тиіс.
327. Газ жағынан қазандық қондырғыларының жылытқыш беті оңтайлы режимде ұстау және кешенді тазалаудың механикаландырылған жүйесін қолдану арқылы (бу, ауа немесе су аппараттары, импульсті тазалау құрылғылары, діріл тазалау, ұсатып тазалау) таза күйінде ұсталуы тиіс. Осы құрылғыларға арналған, сондай-ақ қашықтан және автоматты басқару құралдары әрдайым іске қосылуға дайын болулары тиіс.
Жылытудың үстіңгі қабатын тазалау кезеңділігі кесте немесе өндірістік нұсқаулық бойынша реттеледі.
328. Қазандықтарды пайдалану кезінде барлық жұмыс істейтін ауыр үрлеуші машиналар іске қосылады. Қазандық тараптары бойынша бірдей газ ауа және жылу режимімен қамтамасыз етілген жағдайда ауыр үрлеуші машиналар бөліктерінің ажыратылуы кезінде ұзақ жұмысқа жол беріледі. Бұл ретте оттықтар арасында ауа бөлудің біркелкілігі және тоқтатылған желдеткіш (түтін сорғыш) арқылы ауа (газ) қайталамасының болмауы қамтамасыз етіледі.
329. Құрамында 0,5 % астам күкірт бар мазутты негізгі отын ретінде жағатын бу қазандықтарында жүктемелердің реттеуші диапазонында ауаның оттың шыққандағы коэффициенттер 1,03 %-дан кем болғанда жүзеге асырылады. Бұл ретте қазандықтарды осы режимге (отынды даярлау, жанарғы құрылғыларының тиісті конструкциялары мен ернемектерін қолдану, оттықты нығыздау, қазандықты қосымша бақылау және жану процесін автоматтандыру құрылғыларымен жабдықтау) ауыстыру жөніндегі белгіленген іс-шаралар кешенін орындау міндетті.
330. Орнына орнатар алдында мазутты ернемектерді олардың тозаңдау өнімділігін, тозаң басу сапасын және алау ашу бұрышын тексеру мақсатында су стендінде тексерілуі тиіс. Мазутты қазандыққа орнатылатын жиынтықтағы жекелеген ернемектердің номиналды өнімділіктегі айырмашылығы 1,5% көп болмауы тиіс. Әрбір қазандық ернемектердің қосымша кешенімен қамтамасыз етіледі. Тарирленбеген ернемектерді қолдануға жол берілмейді.
331. Мазутты, оның ішінде жанарғы ернемектердің, оларға ауаны ұйымдастырылған түрде бермей жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Қазандықтың ернемектері мен бу-мазут құбырларын пайдалану кезінде бу құбырына мазуттың түсуіне жол бермейтін шарттар орындалады.
332. Қазандықтарды пайдалануда ауажылытқышқа келетін ауа температурасы, 0 С, осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген шамалардан төмен болмауы тиіс.
Күкіртті мазутты жағу кезінде ауаны алдын-ала жылыту температурасы қазандық жүктемесінің реттеуші диапозонында шығарылатын газ температурасы 150 0 С-тан төмен болмайтындай таңдап алынуы тиіс.
Оттықтан шығарда (1,03-тен кем) артық ауаның ең төменгі шекті коэффициенттегі мазутты жаққан немесе коррозияға қарсы тиімді құралдарды қолданған кезде (тұнбалар, материалдар, жабындар) ауа жылытқыштар алдындағы ауа температурасы осы Қағидалардың 6-қосымшасында келтірілген мәндермен салыстыру бойынша төмендетілуі және пайдалану тәжірибесінің негізінде белгіленуі мүмкін.
Күкіртті мазуттағы қазандықты жағу ауа жылытудың алдын ала қосылған жүйесімен (калориферлер, ыстық ауаның қайта циркуляциялану жүйесі) жүргізіледі. Мазутты қазандықта жағудың бастапқы кезеңінде ауа жылытқыштың алдындағы ауа температурасы 90 0 С-тан төмен болмауы тиіс.
333. Жанудың механикалық толық еместігі салдарынан жылудың 0,5 %-дан асатын жоғалуы жағдайында қатты отынды тозаң күйінде жағатын барлық қазандықтар көрсетілген шығындарды бақылау мақсатында ұшқан күлдердің сынамаларын үйіктеу үшін тұрақты түрде жұмыс істейтін құрылғылармен жабдықталады. Сынамаларды іріктеу мерзімділігі өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.
334. Қазандықтардың оралуы жарамды күйде болуы тиіс. Қоршаған ортаның температурасы 250С болған кезде орама үстіндегі температура 450С-тан жоғары болмауы тиіс.
335. Қазандықтың оттығы мен барлық газ трактісі тығыз болуы тиіс. Бу өнімділігі 420 т/сағ дейінгі булы газды-мазутты қазандықтар үшін буды қайта қыздырғыштан шыққанға дейін оттыққа және газ трактісіне ауаның сорылуы 5 %-дан аспауы, бу өнімділігі 420 т/сағ аспайтын қазандықтар үшін – 3 %, тозаңды көмір қазандықтары үшін тиісінше 8 және 5 % болуы тиіс.
Су жылыту қазандықтары үшін конвективтік беткі қабатынан шыққанға дейін ауаның оттық пен газ трактісіне сорылуы 5 %-дан аспауы тиіс.
Тұтас дәнекерленген экрандары бар оттықтар және газ жүру жолдары сорғышсыз болуы тиіс.
Газ трактісіне сорулар экономайзерге кіру учаскеcінде (тозаңды көмірлі су жылыту қазандықтары үшін – ауа жылытқышқа кірерде) түтін сорғыштан (күл ұстаушы қондырғыларды есепке алмағанда) шығуға дейін түтікті ауа жылытқыштары кезінде 10 % аспауы, регенеративтіде 25 %-дан аспауы тиіс.
Су жылытқыш газ-мазутты қазандықтардың оттығы мен газ трактісіне сорғыштары 5%-дан аспауы, тозаңды көмірлі (күл ұстаушы қондырғыларды есепке алмағанда) - 10%-дан аспауы тиіс.
Электр сүзгілерге ауа сорғыштары 10 % аспауы, басқа үлгілердегі күл ұстаушы қондырғыларында – 5 % аспауы тиіс.
Сору нормалары қазандықтарының номиналды жүктемесі үшін ауаның теориялық қажетті пайыздық мөлшерінде берілген.
336. Қазандық пен газ өткізгіш бетін қоршайтын тығыздығы айына 1 рет ауа соруын тексеру және анықтау жолымен бақыланады. Оттыққа сору сорғыштар жылына кемінде 1 рет, сондай-ақ орта және күрделі жөндеуге дейін және кейін анықталады. Қазандық оттығы мен газ өткізгіштіктерінің тығыз еместігі жойылады.
337. Режим картасын әзірлеу үшін пайдалану жөніндегі нұсқаулықты түзету үшін қазандықты пайдаланушы сынаулары оны пайдалануға енгізу кезінде, конструктивті өзгерістер енгізгеннен кейін, отынның басқа түріне немесе белгісіне ауысу кезінде, сондай-ақ берілген параметрлерден ауытқу себептерін айқындау үшін жүргізіледі.
Қазандықтар пайдаланушылық сынақтарын жүргізу үшін қажетті құрылғылармен жабдықталады.
338. Қазандықты резервке немесе жөндеуге шығарған кезде жылу энергетикалық жабдықты консервациялау бойынша қазандықтар мен калориферлердің жылыту беттерін консервациясы үшін шаралар қолданылады.
339. Қазандықтардың жылыту беттерінен ішкі шөгінділер от сөнген және тоқтаған немесе химиялық тазарту уақыттарында сумен жуылуы кезінде алынып тасталады.
Химиялық тазалаудың мерзімділігі ішкі шөгінділерді сапалы талдаудың нәтижелері бойынша тиісті нұсқаулықпен айқындалады.
340. Барабанның суытылуын жеделдету мақсатында тоқтаған қазандықты суды құрғата отырып қоректендіруге жол берілмейді.
341. Табиғи циркуляциясы бар тоқтаған қазандықтан су шығару қысымы 10 кгс/см2-ге (1 МПа) дейін төмендегеннен кейін, ал жаншып қақтайтын байланыстар болған кезде – 80 оС жоғары емес су температурасында рұқсат етіледі. Тоқтатылған тура ағынды қазандықтан суды шығару үшін атмосфералықтан жоғары болған кезде рұқсат етіледі, бұл қысымның жоғарғы шегі дренаждар мен кеңейткіштер жүйесіне байланысты өндірістік нұсқаулықпен белгіленеді.
Блоктық электр станциялары қазандықтарының тоқтауы кезінде аралық буды қайта жылытқыштың турбина конденсаторын булансыздануы жүргізіледі.
342. Оттық пен газ жолдарын желдетуден кейін қазандықты резервке тоқтатқан кезде үрлегіш машиналар 15 минуттан көп емес тоқтатылады; газ ауа құбырларындағы барлық ажыратушы шиберлер, тесіктер, кіші люктер, сондай-ақ үрлеуіш машиналардың басқарушы аппараттары тығыздап жабылады.
343. Қыс мезгілінде резервте немесе жөндеуде тұрған қазандықта ауа температурасына бақылау орнатылады.
Қазандықтағы (немесе сыртқы – ашық құрастыру кезінде) ауа температурасы 0оС-тан төмен болған кезде оттық пен газ жолдарында, барабан маңындағы жабындыларда, үрлеу және дренаждау құрылғыларының аймағында, калофирлерде, импульстық желілер мен БӨҚ датчиктерінде оң ауа температурасын қолдауға шаралар қолданылады, сондай-ақ қазандықтардағы суды жылыту немесе оны экрандық жүйе арқылы айналдыру ұйымдастырылады.
344. Тоқтағаннан кейін қазандықтарды салқындату режимі оларды жөндеуге енгізу кезінде пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен анықталады. Табиғи айналымдағы қазандықтарды ауыр үрлеу машиналарымен салқындатуға жоғарғы және төменгі барабан жасаушы металл температурасының жол берілетін айырмасын қамтамасыз етілген кезде рұқсат етіледі. Барабандағы су деңгейін ұстап тұратын және ұстайтын режимдерге жол беріледі. Тура ағынды қазандықтарды суытуды тоқтағаннан соң тікелей жүргізуге болады.
345. Кезекші персоналдың тоқтатылған қазандықты қадағалауы ондағы қысым толық төмендегенге және электр қозғалтқыштарынан кернеуді алып тастағанға дейін ұйымдастырылады; ауаны жылыту мен шығарылатын газдар аймағында газ бен ауа температурасын бақылау тоқтағаннан кейін 24 сағаттан ерте емес тоқтатылуы мүмкін.
346. Қазандықтар қатты немесе газ тәрізді отынмен жұмыс істеген кезде, мазут резервтік немесе тұтату отыны болып табылса, мазут шаруашылығы мен мазут құбырларынын схемалары мазутты қазандықтарға жедел жеткізуді қамтамасыз ететін күйде болуы тиіс.
347. Қазандық айналасында мазут құбыры немесе газ құбыры жарылған немесе мазуттың (газдың) қатты ағуы байқалған кезде отынның зақымданған учаскілерден кетуін тоқтату үшін мазут сорғыларды ажырату және ГРП-де тиекті арматураны жабуға дейінгі, сондай-ақ өрт немесе жарылыстың алдын алу үшін барлық шаралар қолданылады.
348. Қазандық:
1) барабандағы судың деңгейінің жол берілмейтін жоғарылауы немесе төмендеуі немесе барабандағы су деңгейін бақылаушы барлық құралдар істен шыққан кезде;
2) қазандықтың күшейтілген қорегіне қарамастан, барабандағы су деңгейі жедел төмендеген кезде;
3) тура ағынды бу және су жылыту қазандықтарының қоректік суының барлық шығыстарын өлшеушілер істен шыққан (егер қоректі реттеуді талап ететін режимнің бұзылуы туындаса) немесе тура ағынды қазандықтың қандай да бір ағымдарының қоректенуі 30 секундтан тоқтаған кезде;
4) барлық қоректік құрылғылар (сорғылар) қызметтері тоқтаған кезде;
5) бу-су трактісіндегі қысым жол берілмейтін артуы кезінде;
6) 50 % артық сақтандыру қақпақшаларының немесе оларды алмастыратын сақтандыру қақпақшаларының қызметтері тоқтаған кезде;
7) тура ағынды қазандық трактісіндегі қысымның орнатылған ысырмаға дейін жол берілмейтін көтерілуі немесе төмендеуі кезінде; сужылыту қазандық трактісіндегі қысымның 10 секундтан артық жол берілмейтін төмендеуі кезінде;
8) бу-су трактісі құбырларының жарылуы немесе қазандықтың негізгі элементтерінде (барабанда, коллекторларда, шығару циклондарда, бу және суды ағызу, сондай-ақ суды ағызу құбырларында) бу желілерінде, қоректендіруші құбыржолдарында және бу-су арматурасында сызаттар, ісінулер байқалған кезде;
9) оттықтағы алауды өшіру кезінде;
10) реттейтін қақпақшалар сыртындағы газ немесе мазут қысымының жол берілмейтін төмендеуі кезінде (қазандықтың осы отынының түрлерінің бірінде жұмыс істеуі кезінде);
11) реттейтін қақпақшалар сыртындағы газ немесе мазут қысымының (оларды бірге жағу кезінде) өндірістік нұсқаулықта белгіленген шектерден бір уақытта төмендеуі кезінде;
12) барлық түтін сорғыштар (күші теңдестірілген қазандықтар үшін) немесе үрлеуші желдеткіштердің не барлық регенеративтік ауа жылытқыштардың ажырауы кезінде;
13) оттықта жарылыс болған, газ құбырлары мен күл ұстайтын құрылғыда өрт шыққан немесе жарылыс болған, қазандық қаңқасының немесе бағаналарының тасымалдаушы арқалықтары қызған, сондай-ақ персоналға немесе жабдықтарға қауіп төндіретін басқа да зақымданулар кезінде;
14) аралық бу жылыту арқылы бу шығыны азайған кезде;
15) су жылыту қазандығы арқылы су шығыны ең төменгі жол берілетінен 10 секундтан артық төмендеуінде;
16) су жылыту қазандығынан шығардағы су температурасының жол берілетіннен артық көтерілуі кезінде;
17) персоналға, жабдыққа немесе қазандықты қорғау схемасына кіретін ажыратушы арматураны қашықтықтан басқару тізбегіне қауіп төндіретін өрт кезінде;
18) қашықтықтан және автоматтандырылған басқару құрылғыларында немесе барлық бақылау-өлшеу құралдарында кернеудің жоғалуы кезінде;
19) қазандық аясында мазут құбырларының немесе газ құбырларының жарылуы кезінде жедел тоқтатылады және сөндіріледі.
349. Қазандық электр станциясының техникалық басшысының өкімі бойынша:
1) жылытқыштың беткі, қазандықтың бу және су ағатын, сондай-ақ су ағатын құбырларында, бу құбырларында, коллекторларда, қоректендіруші құбыржолдарында қаяулар, сондай-ақ арматурада, ернемекті және жаншыл қақтаумен бірікпелерде ақпалар мен булану байқалған кезде;
2) қазандықтың беткі металы температурасының жол берілмейтін артуы кезінде, егер температураны қазандықтың жұмыс режимін өзгерте отырып төмендетуге болмаса;
3) қазандық барабанында су деңгейін қашықтықтан көрсеткіштердің барлығы істен шыққан кезде;
4) белгіленген нормалармен салыстырғанда қоректік су сапасының тез арада төмендеуі кезінде;
5) тозаңды көмір қазандықтарында күл ұстау қондырғылар жұмысы тоқтаған кезде;
6) қашықтықтан және автоматты басқарудың жекелеген қорғаулардың немесе құрылғылардың және бақылау-өлшеу құралдарының жарамсыздығы кезінде тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет