Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы



бет25/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

Бу-турбиналық қондырғылар


350. Бу-турбиналық қондырғыларды пайдалану кезінде:
1) негізгі және қосалқы жабдық жұмысының сенімділігі;
2) номиналдық электр және жылу жүктемесін қабылдауға және оларды техникалық минимумға дейін өзгертуге қабылдауға әзірлік;
3) негізгі және қосалқы жабдық үнемділігінің нормативтік көрсеткіштері қамтамасыз етіледі.
351. Турбинаны автоматты реттеу жүйесі:
1) берілген электр және жылу жүктемесін тұрақты түрде және олардың жаймен өзгеру мүмкіндігін қамтамасыз ету;
2) турбина роторының айналым жиілілігін бос жүрісте нық қолдау және будың номиналды және іске қосу параметрлері кезінде оны жаймен өзгерту (турбинаны басқару тетігінің жұмыс диапазоны шегінде);
3) турбина роторының айналу жиілігін номиналды параметрлерінде будың барынша көп шығынына және турбинаның төменгі қысым бөлігіде будың барынша көп шығынына сәйкес электрлік жүктемені (оның ішінде генераторды тораптан ажырату кезінде) нөлге дейін күрт түсірген кезінде қауіпсіздік автоматы іске қосылатын күй деңгейінен төмен ұстау талаптарын қанағаттандырады.
352. Бу турбиналарын реттеу жүйесі жұмысының параметрлері турбиналарды қоюдың техникалық шарттарына сәйкес болуы тиіс.
1991 жылдғы 01 қаңтардан бұрын шығарылған пайдаланылып жүрген турбиналардың барлық паркі үшін, сондай-ақ осы параметрлер мәніндегі шетел фирмаларының турбиналары осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес келуі тиіс.
Реттелетін іріктемелерде бу қысымын және қарсы бу қысымын реттеудің біркелкі емес деңгейі турбиналарды дайындаушы-зауытпен келісілген тұтынушылар талаптарын қанағаттандырады және сақтандыру клапандарының (құрылғыларының) іске қосылуына жол берілмейді.
353. Реттеу және турбинаны айналым жиілігінің артуынан қорғау жүйесінің барлық тексерулері мен сынақтары турбиналарды дайындаушы зауыттардың нұсқаулық талаптарына сәйкес орындалады.
354. Қауіпсіздік автоматы турбина роторының айналым жиілігі номиналдыдан 10-12 %-ғы немесе дайындаушы зауыт көрсеткен мәнге дейін артқан кезде іске қосылады.
Қауіпсіздік автоматы іске қосылған кезде:
1) жаңа бу мен өндірістік қызып кету буының тоқтатушы, реттеуші (тоқтатушы-реттеуші) қақпақшалар;
2) тоқтатушы (бөлуші), реттеуші және кері қақпақшалар, сондай-ақ реттеуші диафрагмалар мен бу іріктеуші жапқыштар;
3) будың сыртқы көздері бар байланыстырушы бу желілеріндегі бөлуші қақпақшалар жабылады.
355. Егер дайындаушы зауыттың арнайы нұсқаулары болмаса айналым артуынан жиілігінің өсуінен турбинаны қорғау жүйесі (оның барлық элементтерін қоса алғанда) мынадай жағдайларда:
1) турбинаны монтаждаудан кейін;
2) турбинаны күрделі жөндеуден кейін;
3) генераторды желіден ажырата отырып, жүктемені реттеу жүйесін сынау алдында;
4) қауіпсіздік автоматын бөлшектеуден кейін;
5) турбинаның ұзақ уақыт (30 тәуліктен артық) тұруынан кейін;
6) реттеу жүйесін немесе оның жекелеген тораптарын бөлшектеуден кейін;
7) жоспарлы тексеру кезінде (4 айда 1 реттен кем емес) айналым жиілігінің артуымен сыналады.
Осы тармақтың 6) және 7)-тармақшаларында көзделген жағдайларда айналым жиілігін арттырмай қорғаныш сынағына, бірақ барлық тізбектері қызметін міндетті тексере отырып жол беріледі.
Айналым жиілігін арттыра отырып, турбинаның қорғаныш сынағы цех бастығының немесе оның орынбасарының басшылығымен жүргізіледі.
356. Жаңа буды және өндірістік қызып кету буын тоқтатушы және реттеуші клапандары тығыз болуы тиіс.
Жаңа буды, сондай-ақ өндірістік қызып кету буын тоқтатқыш және реттеуші қақпақшалардың тығыздылығы әрбір топты жекелеп сынай отырып тексеріледі.
Тығыздылық өлшемі ретінде осы қақпақшалар алдында будың толық (номиналды) немесе ішінара қысымы кезінде тексерілетін қақпақшалар толығымен жабылғаннан кейін орнатылатын турбиналар роторының айналым жиілігі пайдаланылады. Айналым жиілігінің жол берілетін мәні дайындаушы зауыттың нұсқаулығымен анықталады.
Барлық тоқтатушы және реттеуші қақпақшалардың бір уақытта жабылуы кезінде және жаңа бу мен қысымға қарсы (вакуум) номиналды параметрлернде олар арқылы буды өткізу турбина роторының айналуына алып келмеуі тиіс.
Қақпақшалардың тығыздығын тексеру турбинаны монтаждаудан кейін, айналым жиілігін арттыру қауіпсіздігінің автоматын сынау алдында, турбинаны күрделі жөндеуді тоқтату алдында, одан кейінгі іске қосу кезіңде жылына 1 рет жүргізілуі тиіс. Турбинаны пайдалану процесінде қақпақшалардың тығыздығының төмендеу белгілері (турбинаны іске қосу немесе тоқтату кезінде) анықталған кезде олардың тығыздылығын кезектен тыс тексеру жүргізіледі.
357. Жаңа бу мен өндірістік қызып кету буының тоқтатушы (бөлуші) және реттеуші қақпақшалары, буды сүзудің тоқтатушы (бөлуші) және реттеуші клапандары (диафрагмалар), сыртқы көздері бар бу желілерінде бөлуші қақпашалар байланысты таралуы тиіс:
1) толық жүріске – турбинаны іске қосу алдында және өндірістік нұсқаулық немесе дайындаушы зауыттың нұсқаулығымен көзделген жағдайларда;
2) жүріс бөлігіне – тәулік сайын турбина жұмысы кезінде таралуы тиіс.
Қақпақшаларды толық жүрісі кезінде олардың жүрісі мен жымдасу жатқыштығы бақыланады.
358. Реттелетін кері қалпақшалардың тығыздылығы мен осы іріктеулердің сақтандыру қалпақшаларының іске қосулуы жылына кемінде 1 рет және турбинаны жүктеме түсіруге сынау алдында тексеріледі.
Басқа турбиналар іріктеулерімен, редукциялық-суыту қондырғылары, мен (бұдан әрі – РСҚ) және будың басқа да көздерімен байланысты емес будың реттелетін жылыту іріктеулерінің кері қалпақшаларын егер дайындаушы зауыттардың арнайы нұсқаулықтары болмаса, қалпақшаларын тығыздығын тексеруден өткізбеуге жол беріледі.
Барлық іріктеулердің кері қалпақшаларын орнату турбинаның әрбір іске қосылуы алдында және тоқтатылуы кезінде қалыпты жұмысқа, электр станциясының техникалық басшысың айқындайтын кесте бойынша мерзімді, бірақ 4 айда кемінде 1 рет тексеріледі.
Кері қалпақшаларының жарамсыздығы кезінде буды тиісті іріктеуімен турбина жұмысына жол берілмейді.
359. Тоқтатушы (қорғаушы, бөлуші) қалпақшалардың жабылу уақытын тексеру, сондай-ақ тоқтатылған турбинадан реттеу жүйесінің сипаттамасын алу осы Қағидалардың 352-тармағының талаптарына және өндіруші зауыт талаптарына сәйкес орындалады:
1) турбинаны монтаждаудан кейін;
2) турбинаны күрделі жөндеге дейін немесе кейін не болмаса реттеу немесе бу тарату жүйесінің негізгі тораптарын жөндеу кезінде орындалады.
Статистикалық сипаттаманы жасау үшін қажетті турбинаның жүктемедегі жұмыстары кезінде реттеу жүйесінің сипаттамаларын алу:
1) турбинаны монтаждаудан кейін;
2) турбинаны күрделі жөндеу жұмысынан немесе реттеу немесе бу тарату жүйесінің негізгі тораптарын жөндеу жұмысынан кейін орындалады.
360. Будың барынша шығынына сәйкес жүктемені тез түсірумен турбинаны реттеу жүйесін сынау:
1) монтаждаудан кейін турбиналарды пайдалануға қабылдау кезінде;
2) турбоагрегаттың динамикалық сипаттамасын немесе реттеу жүйесінің динамикалық және статистикалық сипаттамасын өзгертетін қайта жабдықтаудан кейін орындалады.
Электргидравликалық қайта түрлендірушілермен (бұдан әрі – ЭГТ) жабдықталған сериялық турбиналарды реттеу жүйесін сынау генераторды желіден ажыратпай жүктемені бумен түсіру жолымен (тек реттеуші қалпақшаларды тез жабу жолымен) жүзеге асырылуы мүмкін.
Қайта жабдықтауға ұшыраған турбиналардың бас үлгілері мен турбиналардың бірінші үлгілерінде (агрегаттың динамикалық сипаттамасын немесе реттеу сипаттамалардың өзгерте отырып), ЭГТ-мен жабдықталмаған барлық турбиналарында сынақтар желіден генераторды түсіре отырып жолымен электр жүктемесін түсіре отырып жүргізіледі.
361. Реттеу мен қорғаудың іс жүзіндегі сипаттамаларының нормативтік мәндерден ауытқушылықтары айқындалған, қалпақшалар жабдықталуының өндіруші зауыт немесе жергілікті нұсқаулықта көрсетілгеннен көп артуы немесе олардың тығыздылығының нашарлауы байқалған кезде ауытқушылықтардың себептері айқындалады және жойылады.
362. Жұмысқа қуатты шектеуішпен енгізілген турбиналарды пайдалану электр станциясының техникалық басшысының рұқсатымен турбина қондырғысының механикалық жай-күйінің жағдайлары бойынша ғана уақытша шара ретінде жол беріледі. Бұл ретте турбина жүктемесі шектеудің 5 %-тен кем болмауы тиіс.
363. Турбина қондырғысының маймен жабдықтау жүйелерін пайдалану кезінде:
1) барлық режимдерде агрегаттар жұмысының сенімділігі;
2) өрт қауіпсіздігі;
3) майдың нормативті сапасы және температуралық режимді ұстап тұру;
4) майдың ағып кетуін және оның салқындату жүйесі мен қоршаған ортаға түсуін алдын алу қамтамасыз етіледі.
364. Резервтік және авариялық май сорғылары және оларды автоматты қосу құрылғылары турбоагрегаттың жұмысы кезінде, сондай-ақ оның әрбір іске қосылуы және тоқтатылуы алдында айына 2 рет тексеріледі.
Майлау жүйесінің жұмыс істейтін май сорғышының жеке электржетегі бар турбиналары үшін тоқтату алдында резервтік автоматты қосуын (бұдан әрі – РАҚ) тексеру жүргізілмейді.
365. Турбоагрегатта май жануының дамуын алдын алу жүйесімен жабдықталған турбиналарда жүйенің электр схемасы турбинаны салқын күйден іске қосу алдында тексеріледі.
366. Генераторды майлау, реттеу және тығыздау жүйесінің желісіне орнатылатын тиекті арматура, қате қосылуы жабдықтың тоқтап қалуына немесе зақымдануына алып келуі мүмкін жұмыс күйінде пломбаланады.
367. Конденсациялық қондырғыны пайдалану кезінде конденсатордағы нормативті температуралық қысымдар мен конденсат сапасының нормаларын сақтай отырып пайдаланудың барлық режимдерінде турбинаның үнемді және сенімді жұмысымен қамтамасыз етіледі.
368. Конденсациялық қондырғыны пайдалану кезінде:
1) конденсатор ластануының алдын алу жөнінде профилактикалық шаралары (химиялық және физикалық әдістермен салқындататын түйіршік суды өңдеу, тазалаушы қондырғыларды қолдану);
2) салқындатудың жоғарғы бетінің ластануынан өңделген бу қысымының 0,005 кгс/см2-ға (0,5 кПа) нормативтік мәндермен салыстырғанда арттыру кезінде конденсаторларды мерзімді тазалау;
3) салқындатудың жоғарғы беті мен конденсатордың құбыр тақташаларының таза болуын бақылау; салқындатқыш су шығынын бақылау (шығынды тікелей немесе конденсаторлардың жылу балансы бойынша өлшей отырып), салқындатушы су шығынын оның температурасына және конденсатордың бу жүктемесіне сәйкес оңтайландыру;
4) вакуум жүйесінің тығыздылығын тексеру және оны тығыздау;
5) конденсатор бу жүктемесінің 40-100 % өзгеру дипозонында ауа сорғысы (кг/сағ)
Gв = 8 + 0,065N
формуласы бойынша анықталатын мәндерден жоғары болмауы тиіс;
мұндағы N – конденсациялық режимдегі турбоқондырғының номиналды электр қуаты, МВт;
6) конденсаторыдың су тығыздылығын конденсаттағы тұз құрамынын жүйелі бақылау жолымен тексеру;
7) конденсат сорғыларынан кейін конденсаттағы оттегі құрамын тексеру жүргізіледі.
Конденсациялық қондырғы жұмысын, оның мерзімділігін бақылау әдістерді пайдаланудың нақты шарттарына байланысты тиісті нұсқаулығымен анықталады.
369. Регенерация жүйесі жабдықтарын пайдалану кезінде:
1) әрбір жылытқышта қоректік су (конденсат) температурасының нормативтік мәндері және оның соңғы жылытуы;
2) жылу алмасу аппараттарының сенімділігі қамтамасыз етіледі.
Регенерация жүйесінің жылытқыштарында қоректі судың (конденсаттың) жылытылуы, температуралық арыны, жылытылатын бу конденсатының салқындатылуы турбоқондырғының күрделі жөндеуге дейін және кейін, жылытқыштар жөндеуден кейін және кесте бойынша мерзімді (айына 1 рет) тексеріледі.
370. Жоғары қысымды жылытқышты (бұдан әрі – ЖҚЖ) пайдалануға:
1) оның қорғау элементтерінің болмауы немесе жарамсыздығы;
2) деңгейді реттейтін қалпақшаның жарамсыздығы кезінде жол берілмейді.
Авариялық қоршаумен байланыстырылған ЖҚЖ топтарын пайдалануға:
1) қандайда бір ЖҚЖ-та қорғау элементтерінің болмауы немесе жарамсыздығын;
2) кез келген ЖҚЖ деңгейі реттеуші қалпақшаның жарамсыздығы;
3) кез келген ЖҚЖ-нен жұптары бойынша ажыратылуы кезінде жол берілмейді.
ЖҚЖ немесе ЖҚЖ тобы қорғаудың немесе деңгей реттеуші қалпақшаның (бұдан әрі – ДРҚ) жарамсыздығы кезінде жедел ажыратылады.
ДРҚ-дан басқа қандайда бір автоматты реттеу жүйесі элементтерінің жарамсыз жай-күйі және жұмыс істеп тұрған жабдықтағы ақауы жедел жоюдың мүмкін еместігі кезінде жылытқыш (немесе ДРҚ тобы) энергиялық объектінің техникалық басшысы айқындайтын мерзімде істен шығарылады.
371. Автоматты резервтегі резервтік қоректік сорғылар, сондай-ақ басқа да сорғы агрегаттары жарамды және шығу құбыржолдарынды ашық ысырмаларымен іске қосуға әрдайым дайын болуы тиіс.
Олардың қосылуын тексеру және жұмыс істеп тұрған сорғымен резервтікке жоспарлы ауысу кесте бойынша, бірақ айына кемінде 1 рет жүргізіледі.
372. Турбинаны орта немесе күрделі жөндеуден немесе салқын күйінен кейін іске қосар алдында негізгі және қосалқы жабдықтың, блоктаудың, технологиялық қорғау, қашықтықтан және автоматты басқару құралдарының, бақылау-өлшеу құрылғыларының, ақпарат және оперативті байланыс құралдарының жарамдылығы мен іске қосылуға дайындығы тексеріледі. Бұл ретте анықталған жарамсыздықтар жойылады.
Агрегаттың басқа жылу жай-күйінен іске қосылуы кезінде қорғау және блоктау құралдары өндірістік нұсқаулыққа сәйкес тексеріледі.
Турбинаны іске қосуды цех ауысымының бастығы немесе аға машинист, ал оны күрделі немесе орта жөндеуден кейін цех бастығы немесе оның орынбасары басшылық етеді.
373. Турбинаны іске қосуға:
1) турбинаның жылу және механикалық жай-күйі көрсеткіш жол берілмейтін мәндерден ауытқыған кезде;
2) турбина тоқтауына әсерін тигізетін қорғаудың қандай да біреуінің жарамсыздығы кезінде;
3) турбина екпініне алып келуі мүмкін реттеу бу тарату жүйелерінің ақаулары анықталған кезде;
4) майлау, реттеу, генератор мен олардың РАҚ құрылғыларын тығыздаудың май сорғыларың бірінің жарамсыздығы;
5) пайдаланушылар майға нормасынан май сапасының ауытқуы өндеуші зауыт белгілеген шегінен төмен май температурасының төмендеуі кезінде;
6) химиялық құрамы бойынша нормалардан жаңа бу сапасынан ауытқуы кезінде жол берілмейді.
374. Бұралмалы білігі бар құрылғыны іске қоспастан, турбина бетіне бу жіберуіне, ыстық сумен будын конденсаторға жіберілуіне, турбинаны жылыту үшін бу жіберілуіне жол берілмейді. Бұралмалы білігі бар құрылғысы жоқ турбинаға бу жіберу жағдайлары өндірістік нұсқаулықпен айқындалады.
Конденсаторға қазандықтан немесе бу құбырларынан жұмыс ортасын тастау және оны іске қосу үшін бу жіберу немесе турбина өндіруші зауыттардың басқа құжаттарында нақты нұсқаулықтарда көрсетілген конденсатордағы бу қысымында, бірақ 0,6 кгс/см2 -ден (60 кПА) жоғары емес жүзеге асырылады.
375. Турбоагрегаттарды пайдалану кезінде мойынтірек тіреуішінің дірілді жылдамдығының орта квадраттық мәні 4,5 мм-с–1 жоғары болмауы тиіс.
Дірілдің нормативтік мәнінің артуы кезінде 30 тәуліктен аспайтын мерзімде оны төмендету шаралары қабылданады.
7,1 мм-с–1 жоғары діріл кезінде турбоагрегаттарды 7 тәуліктен артық пайдалануға жол берілмейді, ал 11,2 мм-с–1 діріл кезінде турбина қорғаныс немесе қол әрекетімен ажыратылады.
Егер белгіленген режимде бір уақытта кенеттен бір ротордың екі немесе аралас тіреуіштерінің бір тіреуіне дірілі екі компонентінің кез келген бастапқы деңгейдей бір кері жилігінің дірілінің 1мм-с–1-ге өзгеруі байқалса, турбина дереу тоқтатылады.
Егер мойынтірек тіреуіштерінің біреуі дірілдің қандай да бір компонентінің 2 мм-с–1-ге жаймен өсуі 1-3 тәулік ішінде болса, турбина босатылады және тоқтатылады.
Төмен жиілікті діріл кезінде турбоагрегаты пайдалануға жол берілмейді. 1 мм-с–1 асатын төмен жиілікті діріл байқалған кезде оны жою үшін шаралар қолданылады.
Қажетті аппаратуралармен жабдықталғанға дейін уақытша, дірілмен ауыстырудың өрісі бойынша дірілді бақылауға рұқсат беріледі. Бұл ретте 3000 айн/мин айналым жиілігі кезінде 30 мкм дейін және 1500 айн/мин айналым жиілігі кезінде 50 мкм дейін тербелу өрісі кезінде ұзақ уақыт пайдалануға жол беріледі; дірілдің 1-2 мм-с–1 баламалы түрде 3000 айн/мин айналым жиілігі кезінде 10-20 мкм мен 1500 айн/мин айналым жиілігі кезінде 20-40 мкм тербелу өрісіне өзгертуіне жол беріледі.
50 МВт және одан да жоғары қуатты турбоагрегаттар дірілін мойынтірек тіреуіштерінің дірілін үздіксіз бақылаудың стационарлық аппаратура сынақ көмегімен өлшенуі және тіркелуі қажет.
Турбогенераторлар дірілін үздіксіз бақылаудың қуаты 50 МВт кем стационарлық аппаратурасын орнатқанға дейін жылжымалы құралдарды пайдалануға жол беріледі. Бақылау мерзімділігі турбоагрегаттың діріл жай-күйіне байланысты өндірістік нұсқаулықпен, бірақ айына кемінде 1 рет белгіленеді.
376. Турбинаның ағу бөлігінің жай-күйіне және оның тұзбен араласуын бақылау үшін турбинаның бақылау деңгейлеріндегі бу қысымының мәндері айына кемінде 1 рет бақыланатын бөліктер арқылы тексеріледі.
Номиналды қысыммен салыстырғанда соңғы сатылардағы қысымның артуы осы бу шығынынан 10 %-дан артық болмауы тиіс. Бұл ретте қысым өндіруші зауыт белгілеген шекті мәндерден аспауы тиіс.
Бақылаушы деңгейлерде тұзбен араласуынан қысымның шекті мәндеріне жеткен кезде турбинаның ағу бөлігін жуу немесе тазалау керек. Жуу немесе тазалау тәсілі қалдықтар құрамы мен шынайы жағдайлардан шыға отырып таңдалып алынады.
377. Пайдалану процесінде турбоқондырғылардың үнемділігі әрдайым жабдық жұмысын сипаттайтын көрсеткіштер жүйелі талдау жолымен бақыланады.
Турбоқондырғылардың үнемділігін төмендетудің себептерін анықтау, жөндеу жұмысының тиімділігін бағалау үшін жабдықтың пайдалану (экспресс) сынақтары жүргізіледі.
Турбиналық жабдық жұмысы көрсеткіштерінің нормативті көрсеткіштерден ауытқыған кезде жабдық ақаулары мен пайдалану кемшіліктері жойылады.
Турбиналардың бас үлгілері және қайта жаңарту немесе жаңғырту жүргізілген турбиналар теңгерімдік сынақтарға ұшырайды.
378. Тиісті қорғаулар болмаған немесе жұмыс істемей қалған кезде персоналмен ажыратқышқа (авариялық ажырату батырмасы) басу арқылы турбина:
1) қауіпсіздік автоматының іске қосылу қондырғысынан тыс ротор айналымының жиілігі артқан кезде;
2) ротордың жол берілмейтін осьтік қозғалуы кезде;
3) цилиндрлерге қатысты роторлар орналасуының жол берілмейтін өзгертуі кезінде;
4) майлау жүйесіндегі май қысымы (өртке төзімді сұйықтық) жол берілмейтін деңгейге төмендеген кезде;
5) май бағындағы май деңгейінің жол берілмейтін төмендеуі кезінде;
6) кез келген мойынтіректен, генератор білігінің тығыздаушы мойынтірегінен, турбоагрегаттың тығыздаушы мойынтіректері кез келген қалпынан ағызуда май температурасы шектен тыс көтерілген кезде;
7) турбоагрегаттағы майдың жану кезінде;
8) турбогенератор білігін тығыздау жүйесінде «май-сутегі» қысымдар айырмаларының жол берілмейтін төмендеуі кезінде;
9) турбогенератордың білігін тығыздаудың маймен жабдықтау жүйесінің демпфер багында жол берілмейтін май деңгейінің төмендеуі кезінде;
10) турбогенераторды сумен салқындату жүйесінің барлық май сорғыларын ажыратылуы кезінде;
11) ішкі зақымданудан турбогенератордың ажырауы кезінде;
12) конденсатордағы қысымның жол берілмейтін көтерілуі кезінде;
13) қарсы қысымды турбиналардың соңғы сатысындағы қысымның жол берілмейтін айырмасы кезінде;
14) турбоагрегат дірілінің кенеттен артуы кезінде;
15) турбина немесе турбогенератордың ішінде металл дыбыстары мен ерекше шу пайда болған кезде;
16) турбина немесе турбогенератор мойынтіректері мен соңғы тығыздауында ұшқындар немесе түтін пайда болған кезде;
17) жаңа будын немесе өндірістік қыздырудан кейінгі бу температурасының төмендеуі кезінде;
18) жаңа бу өткізгіштерінде, өндірістік қайта қыздыру немесе турбинада гидравликалық соққы пайда болған кезде;
19) май құбырлары мен бу – су трактісі құбыржолдарының ажыратылмайтын учаскелерінде, тарату тораптарында жарылу немесе тесіп өтетін сызат байқалған кезде;
20) турбогенератор статоры арқылы салқындатқыш су ағыны тоқтаған кезде;
21) газ суытқыштарында салқындатқыш су шығыны шектен тыс төмендеген кезде;
22) қашықтан және автоматты басқару қондырғыларында немесе барлық бақылау-өлшеу құралдарында кернеу жоғалған кезде дереу ажыратады.
Турбинаны ажырату кезінде вакуумды жұлу қажеттілігі өндіруші зауыт нұсқаулықтарына сәйкес өндірістік нұсқаулықпен айқындалады.
Өндірістік нұсқаулықта агрегат бойынша бақыланатын шамалар мәндерінің жол берілмейтін ауытқулары туралы нақты нұсқаулар көрсетіледі.
379. Турбина электр станциясының техникалық басшысы айқындайтын мерзімде босатылады және тоқтатылады:
1) жаңа бу немесе өндірістік қыздырудан кейінгі буды тоқтату қалпақшалар қажалған кезде;
2) реттеуші клапандар қажалған немесе олардың сояуыштары үзілген кезде, бұрылыс диафрагмалары немесе кері айналма клапандары қажалған кезде;
3) реттеу жүйесінде олқылықтар болған кезде;
4) егер турбиналарды тоқтатпай бұзушылық себебін жою мүмкін болмаса, қондырғылардың схемалары мен коммуникациялары, қосалқы жабдықтарының әдеттегі жұмысы бұзылған кезде;
5) 7,1 мм-с–1 астам тіреуіш дірілін арттырған кезде;
6) жабдықтың тоқтауына әсер ететін технологиялық қорғанулар жарамсыздығы анықталған кезде;
7) өрттің туындауына қауіп туғызатын мойынтіректерден, құбырлар мен арматуралардан майдың ағуы байқалған кезде;
8) бу-су трактісінің құбыржолдары учаскелерін жөндеу үшін ажыратылмайтын құйма байқалған кезде;
9) химиялық құрамы бойынша жаңа бу сапасы нормадан ауытқыған кезде;
10) мойынтіректердің картерлерінде, ток сымдарында, май багында сутегінің шектен тыс концентрациясы байқалған кезде, сондай-ақ турбогенератор корпусынан сутегінің кемуін ағып кету нормасынан асып кетуі байқалған кезде.
380. Әрбір турбина үшін шығарылған бу қысымды тоқтатылыған кезде және вакуумның бүлінуімен тоқтатылған кезде ротордың жүріс ұзақтығы анықталуы тиіс. Осы ұзақтылықтың өзгеруі барысында ауытқу себептері айқындалады және жойылады. Айналымнан шығу ұзақтығы турбина агрегатының барлық тоқтаулары кезінде бақылануы тиіс.
381. Резервке 7 және одан да көп тәулікке турбиналарды шығару кезінде турбоқондырғылардың жабдықтарына консервациялау шаралары қолданылады.
Консервациялау әдісі электр станциясы басшысының нақты талаптарына сай таңдалып алынады.
382. Жеткізуге арналған техникалық талаптарында қарастырылмаған схемалар мен режимдері бар турбиналарды пайдалану дайындаушы зауыттың рұқсатымен ғана жол беріледі.
383. Электр станцияларындағы турбиналық жабдықтарды қайта жаңарту мен жетілдіру жұмыстары дайындаушы зауытпен келісіледі.
Электр станцияларындағы турбиналық жабдықтарды қайта жаңарту мен жетілдіру барысында басқару автоматизациясының барынша жоғарғы деңгейі мен жөндеу жарамдылығының жоғары көрсеткіштері қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет