Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы


Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу механикалық жабдығы



бет19/64
Дата27.10.2023
өлшемі1,25 Mb.
#188870
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64
Байланысты:
Электр станциялары мен желілерін техникалы пайдалану а идалары

6. Электр станцияларының және жылу желілерінің жылу механикалық жабдығы

Отын-көлік шаруашылығы


224. Отын-көлік шаруашылығын пайдалануда:
1) энергетикалық объектінің теміржол көлігінің үздіксіз жұмысы мен теміржол вагондарынан, цистерналардан, кемелер мен басқа да көлік құралдарынан белгіленген мерзімде механикаландырылған жүкті түсіру;
2) жеткізушілерден отынды қабылдау және оның саны мен сапасын бақылау;
3) механикаландырылған қоймалау және ең аз шығын болған кезде белгіленген отын қорын сақтау;
4) қазандық немесе орталық тозаң дайындау бөліміне отынды дер кезінде, үздіксіз дайындау және беру;
5) қоршаған аумақты тозаңмен (көмірдің, тақтатастың, шымтезектің) және мұнай өнімдерінің бүрку ластануының алдын алу қамтамасыз етілуі тиіс.
225. Электр станцияларда жеткізілетін отын сапасы техникалық талаптарға сәйкес болуы тиіс.
226. Энергия объектісіне отынның жеткізілуі кезінде барлық отынның қатал есептілігі, технологиялық қажеттіліктерді есептеуге, сондай-ақ энергия үнемдеу жөніндегі заңнамаға сәйкес қоймаларда сақтау ұйымдастырылады.
227. Мемлекеттік қадағалау мен бақылауға жататын, отынды есептеу үшін пайдаланылатын ӨЖ (таразы, зертханалық құралдар мен басқа да өлшеу құралдары) осы Қағидалардың 53-тармағында белгіленген мерзімде тексеріледі.
Отынды есептеу үшін қолданылатын және тексеруге жатпайтын ӨЖ энергетикалық объектінің техникалық басшысының бекіткен кестесіне сәйкес калибрлеуге жатады.

Қатты отын


228. Қатты отын шаруашылығын пайдалану отынды жеткізуді пайдалану жөніндегі өндірістік нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.
229. Отынды, әсіресе үсіген отынды түсіру және теміржол вагондарын тазалау жұмысын жеңілдету үшін энергия кәсіпорындарының арнайы мұз еріткіш құрылғылары, механикалық қопсытқыштары, вагондық дірілдеткіштер және басқа да тетіктері болуы қажет. Отынның ірі кесектерін және қатып қалған отын кесектерін ұсақтау үдерістері, сондай-ақ жартылай вагондардың люктерін жабу жұмысы уату-фрезерлік машиналарды, диск тәрізді тісі бар уатқыштарды, люк көтергіштерді және басқа да тетіктерді пайдалана отырып, механикаландыру қажет.
230. Вагон аударғыштарды, мұз еріткіш құрылғыларды, қазу қондырғылары мен басқа да құрылғыларды пайдалану кезіндегі жұмысы теміржол вагондарының сақталуына қойылатын талаптарға сәйкес сенімді болуы қажет. Мұз еріткіш құрылғылар режимдік картаға сәйкес пайдаланылады.
231. Қоймада отынның сақталуы отын жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
232. Отын қоймасының механизмдері мен жабдықтары олардың техникалық өнімділігін қамтамасыз етілетіндей күйде болуы тиіс.
233. Жүк көтергіш крандардың, көпірлік тиегіштердің жұмысына металл конструкциялардағы шытынаулар, жарамсыз тежеуіштер болған кезде, айдап кетуге қарсы құрылғылар болмағанда, соңғы ажыратқыштар мен шектегіштерде шытынаулар болған кезде тыйым салынады.
234. Резервтік мезанизмдер мен жабдықтар (вагон аударғыштар, конвейерлер жүйелерінің тармақтары, уатқыштар) техникалық басшының бекіткен кестесіне сәйкес кезекпен жұмыс істейді.
Жылу беру жүйелерінің жұмыс тармағы жобалау өнімділігі кезінде пайдаланылады және қазандық агрегаттарының көмірді өте көп пайдалануының кем дегенде 110 % құрайды.
235. Отынды жеткізу тетіктері автоматты түрде немесе отынды жеткізу жүйесін басқарудың орталық қақпасынан қашықтықтан басқарылады.
Пайдалану кезінде отынды жеткізу жүйелерінің (ленталар шулануы кезінде конвейерлердің тоқтауы, ағындылардың лықылдауы, схеманы дұрыс таңдамауы, тетіктің тоқтауы кезінде) үздіксіз, сенімді және қауіпсіз жұмысы үшін блоктаудың, қорғаныс құрылғыларының, дабыл мен авариялық тоқталыстың сенімді жұмысымен қамтамасыз етілуі тиіс.
236. Сигнализация, қажетті шектеуші және тежегіш қондырғылары жоқ болған кезде немесе жарамсыз болған кезде отынды жеткізу жабдықтары мен қондырғыларының жұмысына жол берілмейді.
237. Галереяларда және ленталық конвейерлердің эстакадаларында, басты тракт пен қоймадан отынды жеткізу трактының ауысу тораптарында және жүк түсіретін құрылғылардың жер астындағы бөлігінде ауа температурасы жылдың суық мезгілінде 10оС төмен емес, ал уату құрылғыларының ғимараттары үй-жайында 15оС төмен болмайды.
Жүк түсіру құрылғыларының (вагон аударғыш ғимараттарды мен вагондардың толассыз қозғалысы бар басқа құрылғыларды қоспағанда) жер үстіндегі бөліктерінің ауа температурасы 5оС төмен болмайды.
Жылыту құрылғылары жоқ қоймаға отынды жеткізу конвейерлерінде аязға төзімді лента қолданылады.
238. Көмір мен тақтатастың барлық түрлері 25 мм дейінгі мөлшерлі кесектерге ұсақталуы қажет. Бұл ретте елеуіштегі 25 мм қалдықтар 5 % аспауы тиіс. Жоба бойынша ұсақталған тастың ірілігінің басқа да көрсеткіштері көзделуі мүмкін. Ұсақтаудың талап етілген сапасына қол жеткізу үшін білікті ұсақтау құралының біліктерінің, шой тақта мен балғалардың, балға түріндегі ұсақтағыштардың діңгегі мен бекіткішінің арасындағы саңылаулар өндірістік нұсқаулыққа сәйкес мерзімді бақылауға алынады және реттеледі.
239. Ұсақтағыш пен диірменге отынды жеткізер алдында ол жерден металл, жоңқа және басқа да нәрселерді механикалық жою арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс конвейерінде металл ұстаушылар мен жоңқа ұстаушылар әрдайым қосулы болады және онымен одақтасады.
Отын беру трактісін ұсақтаушы желдеткіштері, орташа жүрісті және балға диірмендермен тозаң дайындау жүйесі бар энергетикалық объектілерде металл жою жүйесі жұмыс істемеген жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
Ұсталған басқа да нәрселерді механикалық жою жүйесі әрдайым пайдалануда болуы тиіс.
240. Отынды жеткізу трактісін пайдалану кезінде ені бойынша конвейерлерге келетін отын, құм електер, ұнтақтағыштар, жоңқы және тамыр ұстаушылармен қамтамасыз етіледі, құм електер мен ұнтақтағыштарды (жылыту, діріл, ұсақ қалдықтары) сұйық отынмен майлауды шектейтін шаралар қолданылады.
241. Отынның бункерлер мен ағымдарда тұрып қалуын жоятын құрылғылар (қабырға жылыту құрылғылары, ауа және бу бұзғыштар, дірілдеткіштер) іске қосулы болуы немесе жұмыс істеуге даяр күйде болуы тиіс.
242. Себу тораптарының, уатқыштардың және отын беретін трактының басқа да механизмдерінің, конвейерлердің барабандары мен таспаларын тазалайтын құрылғылардың, соқа тәріздес түсіргіштердің жұмыс жасайтын элементтерінің, сондай-ақ аспирациялық құрылғылар мен тозаңды басушы құралдардың (ауа, гидро және көбікті тозаң басу) жарамды күйде болуы тиіс, аптасына бір реттен кем емес тексеріліп тұрады. Қажет болған жағдайда нығыздауларға, ауа-, гидро- және көбікті тозаң басу құрылғыларының бүркігіштеріне реттеу немесе ауыстыру жүргізіледі.
243. Қазандыққа түсетін отын сынамаларын сұрыптау және өңдеу автоматты сынама сұрыптауыш және сынама өңдеуіш машиналарды қолданумен жүзеге асырылады.
Отын сынамаларын сұрыптау және өңдеу жөніндегі құрылғыларды сынау жабдықтың конструкциясына өзгертулерді енгізу кезінде әрбір жағдайда өткізіледі.
Сонымен қатар жылына кемінде 1 рет уатылатын көмір порцияларының салмағы тексеріледі.
244. Ғимарат конструкцияларында, үй-жай ішінде және отынды жеткізу жүйесінің жабдықтарында тозаңның жиналып қалуына жол берілмейді. Отынды жеткізу тетіктері тығыздалады және үй-жайдағы ауаның тазалығын қамтамасыз етуші құрылғылармен жабдықталады. Отынды жеткізу жүйесінің үй-жайларында ауаның тозаңдануы мен қажет болған кезде газдалуы (СО құрамымен) техникалық басшының бекіткен кестесі бойынша бақыланады.
Аспирациялық құрылғылардың жұмысы кезінде тазалау нормасына сәйкес ауаның тозаңнан тазартылуы қамтамасыз етіледі.
Үй-жайлар мен жабдықтарды тазалау бекітілген кесте бойынша жүргізіледі және механикаландырылған (сумен шаю немесе тозаңсорғышпен) болуы тиіс.
Үй-жайлардағы температура 5оС төмен болған кезде, сондай-ақ герметикалық өңдеу барысында ішкі үй-жайдың қаптамалары мен тігістері сөгілген жағдайда үй-жайларда сулы жинауға жол берілмейді.
245. Конвейер ленталарын қосуда және жөндеуде металл бөлшектерін қолданылуға жол берілмейді.
246. Электр қозғалтқыштармен қоса, отынды жеткізу трактісі бойынша белгіленетін барлық электр жабдықтары сулы жинау талаптарына сай және тозаң ылғал қорғаныстық орындау болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет