Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы»



бет1/18
Дата18.02.2017
өлшемі3,94 Mb.
#10381
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18






Қазақстан Республикасы

Энергетики министрінің

2015 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген
Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер


  1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленген және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдаланудың тәртібін белгілейді.

  2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы және қайта құрылатын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің электр қондырғыларын пайдаланумен, жөндеумен, құрастырумен, қалпына келтірумен және сынаулармен байланысты қызметшілерге қолданылады.

  3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

1) электр станциясы – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу және электр энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;

2) электр желісі – кіші станциялардың, бөлу құрылғыларының және олардың электр энергиясын жеткізу үшін бағытталған электрді беру жүйесін біріктірудің жиынтығы;

3) жылу желiсi – жылу энергиясын жеткізу үшін бағытталған сорғы станцияларының, жылыту пункттерінің, құбырлар мен арматуралардың жиынтығы;

4) қазандық – құрылыс бөлімін қамтитын, жылу энергиясын өндіру үшін арналған энергетикалық объект, энергияны қайта құру үшін жабдық және қажетті қосалқы жабдық;

5) су электрстанциясы – су ағынының энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;

6) жергiлiктi нұсқау –кәсiпорын аясында пайдалану үшiн әзірленген және энергетикалық объектiлердiң басшылығымен бекiтiлетiн нұсқаулық.

7) күрделі жөндеу – жабдықтың кез келген, оған қоса негізгі бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, жөнделген бөлшектерді және тұтас жабдықты тексеру және реттеу, тозған құрылыстар мен желі учаскелерін ауыстыру немесе қалпына келтіру, немесе оларды одан беріктеу және үнемдеулеріне ауыстыру жолымен энергетикалық жабдықтың немесе желінің жарамдылығын және ресурстарын қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылатын жоспарлы жөндеу жұмыстары.

8) ағымдағы жөндеу – жабдықтың (қондарғының) қалыпты пайдаланылуына кедергі келтіретін және оларды жұмыс істеп тұрған жабдықта жою мүмкін емес, анықталған ақауларды жою үшін орындалатын жөндеу жұмыстары;

9) жөндеу – жабдықтың жарамдылығын немесе жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру және оның құрылымдық бөлшектерінің ресурстарын қалпына келтіру жөніндегі операциялар кешені.

2. Пайдалануды ұйымдастыру
Міндеттері мен ұйымдастырушылық құрылым


  1. Электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің негізгі міндеттері электр және жылу энергиясын өндіру, бөлу, тарату және тұтынушыларға босату (бұдан әрі – энергия өндірісі) болып табылады.

  2. Энергия өндірісінің негізгі технологиялық буындары жалпы режимдер және орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқару тұтастығымен байланысты энергия өндіруші ұйымдар (электр станциялары, қазандықтар), энергия жеткізуші ұйымдар (электр және жылу желілері), (бұдан әрі – энергия объектілер) болып табылады.

  3. Сала қызметкерлерінің негізгі функцоналдық міндеттері:

1) тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың келісім шарттарын сақтау;

2) шығарылатын энергияның қалыпты сапасын қолдау – электр тогының стандартты жиілілігі мен кернеуі, жылу тасымалдағышының қысымы мен температурасы;

3) жедел-диспетчерлік тәртіпті сақтау;

4) жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға дайын күйінде ұстау;

5) энергия өндірісінің және үнемділіктің ең жоғары сенімділігін энергияны үнемдеу жөніндегі заңнамаға және осы Қағидаларға толық сәйкестілігімен қамтамасыз ету;

6) жабдықтар мен ғимараттарды пайдалану үдерісінде өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау;

7) қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалардың талаптарын орындау;

8) адамдар мен қоршаған ортаға өндірістің зиянды ықпалын төмендету;



9) ғылыми-техникалық өрлеу жетістіктерін энергетикалық объектілердің үнемділігін, сенімділігін, қауіпсіздігін арттыру және экологиялық жай-күйін жақсарту мақсаттарында пайдалану.

  1. Әрбір энергетикалық объектілерде құрылымдық бөлімшелер арасында жабдықтарға, ғимараттарға, құрылыстар мен коммуникацияға қызмет көрсету бойынша қызметтері бөлінеді.

  2. Саланың әрбір қызметкері өзіне энергия өндірудің ерекшеліктерін нақты білуі, еңбек және техникалық тәртібін, еңбек тәртібінің ережесін қатаң сақтауы, жұмыс орнын таза және тәртіпте күтіп ұстауы қажет.


Электр станциялары мен желілер жұмыстарының

тиімділігін бақылау


  1. Қуаты 10 МВт және одан астам әрбір жылу электр станциясында, қуаты 30 МВт және одан астам су электр станциясында, жылу өнімділігі 50 Гкал/сағ (209,5 ГДж/сағ) және одан астам әрбір аудандық қазандықта электр және жылу жүктемесіне абсолюттік немесе салыстырмалы есептеудегі оның жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тәуелділігін белгілейтін жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы әзірленеді. Бұдан басқа жылу электр станцияларында және аудандық қазандықта шығарылған электр және жылу энергиясы үшін отынның атаулы меншікті шығысының, ал су электр станцияларында шығарылған электр энергиясы үшін нормативтік меншікті шығысының кестесі әзірленеді.


2-1. Жабдық пен құрылыстарды пайдалануға қабылдау


  1. Энергия объектісін (іске қосу кешенін) пайдалануға қабылдау алдында мыналар жүргізілуі тиіс:

  1. негізгі және қосымша жабдықты сынамалы іске қосумен аяқталатын, жабдықты жеке сынаулар және жеке жүйелерді функционалды сынаулар.

  2. жабдықты кешенді сынап көру.

  1. Жабдық пен жеке жүйелерді жеке және функционалды сынаулар осы торап бойынша барлық құрылыс және монтаж жұмыстары аяқталғаннан кейін жобалық сызбалар бойынша тапсырыс берушінің қызметшілерін тарта отырып бас мердігермен жүргізіледі. Жеке және функционалды сынаулар алдында осы Қағидалардың, құрылыс нормалары мен қағидаралдың (ҚНжҚ), мемлекеттік стандарттардың (МЕМСТ), оған қоса еңбек қауіпсіздігі стандарттары жүйесінің (ЕҚСЖ), технологиялық жобалау нормаларының, (қосылды – электр энергетикасы саласында) энергия сақтау заңнамасының нормалары мен талаптарының және экологиялық кодекстің, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің, жарылыс және өрт қауіпсіздігі ережелерінің, өндіруші зауыттардың нұсқауларының, жабдықтың монтажы жөніндегі нұсқаулықтардың орындалуы тексеріледі.

  2. Құрылыс пен монтаж барысыеда келтірілген ақаулар мен аяқталмаған жұмыстар, сондай-ақ жеке және функционалды сынаулар үдерісінде анықталған жабдықтың ақаулары құрылыс, монтаж мекемелерімен және өндіруші зауыттармен сынап көру басталғанға дейін жойылады.

  3. Кешенді сынап көруге дейінгі энергия блоктарын сынамалы іске қосулар тапсырыс берушімен жүргізіледі. Сынамалы іске қосу кезінде жабдық пен технологиялық сызбалардың жұмысұа қабілеттілігі, оларды пайдалану қауіпсіздігі тексеріледі; барлық бақылау және басқару жүйелерін, соның ішінде автоматты реттеушілерді, қорғау және оқшаулау жабдықтарын, сигнал беру жабдықтарын және бақылау-өлшеу аспатарын тексеру және күйге келтіру жүзеге асырылады; кешенді сынап көруге жабдықтың даярлығы тексеріледі.

Сынамалы іске қосу алдында энергия объектісін сенімді және қауіпсіз пайдалану үшін мына жағдайлар даяр болуға тиіс:

пайдаланатын және жөндейтін қызметшілер жинақталуы және оқытылуы (білімдері тексеріліп);

пайдалану нұсқаулықтары, еңбек қауіпсідігі мен қорғау жөніндегі нұсқаулық және жедел сызбалар, есепке алу және есептілік жөніндегі техникалық құжаттама әзірленуі және бекітілуі;

диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары (ДТБҚ) байланыс желілерімен қоса, өрт сигнал беру және өрт өшіру, авариялық жарықтандыру, желдету жүйелері енгізілуі;

бақылау мен басқару жүйелері жөнделуі және күйге келтірілуі;

мемлекеттік қадағалау органдарының энергия объектісін пайдалануға рұқсат алынуға тиіс.



  1. Кешенді сынап көруді тапсырыс беруші жүргізеді.

Оны желіге немесе жүктемеге қосу сәті энергия қондырғысын кешенді сынап көрудің бастамасы болып саналады.

Жобамен қарастырылмаған сызбалар бойынша жабдықты кешенді сынап көруге тыйым салынады.

Күрделі жөндеуден өткен электр станцияларының жабдығы 48 сағат ішінде жүктемемен қабылдау-тапсыру сыналуы тиіс. Шектеулі су ресурстары кезіндегі ең жоғары режимде жұмыс істейтін СЭС үшін жүктеме мен сынаулар сомалық өндірілуі 24 сағатпен бірнеше күнге созылуы мүмкін.

72 сағат ішінде, негізгі отын арқылы номиналды жүктемемен және будың жобалық параметрлерімен (газ турбиналы жабдықтар (ГТЖ) үшін-газ) негізгі жабдықтың қалыпты және үздіксіз жұмысы жағдайы кезінде жабдығын кешенді сынап көру өткізілген деп саналады:

номиналды жүктемемен және будың жобалық параметрлерімен негізгі отында электр станциялары мен қазандықтар үшін;

жылу электр станциялары үшін, судың қысымымен және шығынымен;

су электр станциясы үшін, параметрлер мен іске қосу жиынтығында көзделген және іске қосу кешеніне кіретін барлық қосымша жабдықтың тұрақты немесе кезекпен жұмыс істеуі кезінде.

кіші станциялардың жабдығының – 72 сағат ішінде, ал электр беру желілерінің 24 сағат ішінде жүктемемен қалыпты және үздіксіз жұмыс істеу жағдайы кезінде электр желілерінде кешенді сынап көру жүргізілген деп саналады.

24 сағат ішінде жобамен көзделген номиналды қысыммен жабдықтың жүктемемен қалыпты және үздіксіз жұмыс істеу жағдайы кезінде жылу желілерінде кешенді сынап көру жүргізілген деп саналады.

Бұдан басқа газ-турбиналы қондырғылар үшін (ГТҚ) – 10 іске қосуды табысты жүргізу, ал су электр станцияларының (СЭС) су агрегаттары және су шоғырланушы электр станциялары (СШЭС) үшін 3 автоматты іске қосу кешенді сынап көрудің міндетті талабы болып табылады.

Кешенді сынап көру кезінде жобамен көзделген, режимдік күйге келтіруді талап етпейтін бақылау-өлшеу, оқшаулау аспаптары, сигнал беру және қашықтықтан басқару, қорғау және автоматты реттеу жабдықтары қосылады.

Егер кешенді сынап көруді негізгі отын негізінде жүргізу мүмкін болмаса немесе жылу электр станциясы үшін (ГТЖ үшін - газдың) –номиналды жүктемеге және будың жобалық параметрлеріне, су электр станциясы үшін – қысым мен шығынға немесе кіші станцияда жүктемеге, бірлескен немесе жеке сынап көру кезінде электр беру желілеріне және жылу желілері үшін жылу жеткізуші параметрлеріне іске қосу кешенімен көзделген жұмыстардың орындалмауымен байланысты емес, кез келген себептерге байланысты қол жеткізу мүмкін болмаса, қабылдау комиссиясымен кешенді сынап көруді резервті отын негізінде жүргізу жөніндегі шешім қабылданады және шекті параметрлер мен жүктемелер белгіленеді, және іске қосу кешенін пайдалануға қабылдау актісінде жазылады.



  1. Қабылдау комиссиясымен іске қосу кешендерін, кезектерді немесе тұтас энергия объектісін пайдалануға қабылдау жүргізіледі.

  2. Ақаулары, аяқталмаған жұмыстары бар жабдықты, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдауға рұқсат берілмейді.

Кешенді сынап көруден және анықталған ақаулар жойылып және аяқталмаған жұмыстар толық жүргізілгеннен кейін қабылдау комиссиясы жабдықты, оған қоса оған қатысты ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға қабылдау актісін ресімдейді.

Қабылдау комиссиясы сериялық жабдықты игеру кезеңінің ұзақтығын белгілейді, осы уақыт ішінде қажетті сынаулар, күйге келтіру және енгізуге дейінгі жұмыстар аяқталуы және жобалық көрсеткіштермен жабдықты пайдалану қамтамасыз етілуі. Игеру кезеңінің ұзақтығы қолданыстағы жобалық қуаттылықтарды игеру ұзақтығының нормаларында көрсетілген мерзімдерден аспауы тиіс. Жабдықтың негізгі үлгілері үшін игеру мерзімі осы жабдықты жеткізіп енгізу, күйге келтіру және игеру жөніндегі жұмыстардың үйлестіру жоспарына сәйкес тапсырыс берушімен (инвесторлармен) белгіленеді.



  1. Тапсырыс беруші қолданыстағы ҚНжҚ және салалық қабылдау ережелерінде көзделген көлемде жұмыс комиссиясымен дайындалған құжаттаманы қабылдау комиссиясына ұсынады.

  2. Тәжірибелік (экспериментальды), тәжірибелік-өнеркәсіптік энергиялық-технологиялық қондырғылар, егер олар тәжірибелерді жүргізуге немесе жобамен көзделген өнімді шығаруға дайындалса, қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылдануы тиіс.

  3. Барлық гидротехникалық құрылыстардың (бақылау өлшеу аппаратурасы мен жабдығын салумен қоса), сондай-ақ кеме өткізу және балық өткізу жабдықтарының жеткізуші бөлігі іске қосу кешенінің көлемінде орындалады және оларды су басқанға дейін жұмыс комиссиясымен қабылданады. Энергия объектісін тұтас пайдалануға қабылдау кезінде толық жобалық көлемде оларды түпкілікті қабылдау жүргізіледі. Қазаншұңқырды суға батыруға және өзендердің арнасын тоқтатуға (су электр станциялары үшін) рұқсатты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган береді.

  4. Актіге қабылдау комиссиясы қол қойған күні объектіні пайдалануға енгізу күні болып саналады.



2-2. Қызметкерлер (қосылды)


  1. Арнайы білімі бар немесе атқаратын қызметіне қойылатын талаптардың көлемінде даярлықтан өткен тұлғаларға электр энергетикасы энергия объектілерінде жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

  2. Электр энергетикалық кәсіпорындардағы қызметкерлер үш топқа бөлінеді:

пайдалану жөніндегі қызметкерлер: жүйелер мен энергия қондырғыларының жұмыс режимдерін басқаруды, оларға қызмет көрсетуді, жөндеуді, монтажды, күйге келтіруді қамтамасыз етуді ұйымдастыратын және жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

пайдалануды жүргізбейтін қызметкерлер: «Пайдалану жөніндегі қызметкерлер» анықтамасына жатпайтын қызметкерлер санаты, олардың жұмыс орындары қолданыстағы энергия қондырғыларының аймағында орналаспайды және орналасулары мүмкін емес және энергия жабдығының жұмыс істеуі аймағында жабдыққа қызмет көрсетумен, оны сынаумен, құрастырумен, күйге келтірумен және жөндеумен, құрал-сайманды пайдаланумен, шикізат пен материалдарды сақтаумен және қолданумен байланысты емес. Оған мыналар кіреді:

әкімшілік қызметкерлер;

көмекші қызметкерлер.

инспекторлық қызметкерлер: энергия қондырғыларының техникалық жай-күйін бақылау және оларда жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкерлер санаты.

Пайдалану жөніндегі қызметкерлер құрамы төрт топқа бөлінеді:

- электр-техникалық,

- жылу-техникалық,

- су-техникалық,

- электр-технологиялық мына үш санаттан тұрады:

- басқару қызметкерлері;

- әкімшілік-техникалық қызметкерлер;

- жедел-диспетчерлік қызметкерлер;

- жөндеу жүргізетін қызметкерлер;

- көмекші пайдалану қызметкерлер құрамы.

Электр-техникалық қызметкерлер: электр қондырғыларын құрастыруды, күйге келтіруді, жөндеуді, оған қызмет көрсетуді, олардың жұмыс режимдерін басқаруды ұйымдастыратын және жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

Жылу-техникалық қызметкерлер: жылу-механикалық жабдықтың жұмыс режимін басқаруды, құрастыруды, күйге келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді ұйымдастыратын және жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

Су-техникалық қызметкерлер: су-механикалық жабдықтың жұмыс режимін басқаруды, құрастыруды, күйге келтіруді, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және су-техникалық құрылыстарды пайдалануды ұйымдастыратын және жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

Электр технологиялық қызметкерлер: ол басқаратын технологиялық үдерісте электр энергиясы (мысалы, электр дәнекерлеу, электр имектелген пештер, электролиз және т.б.) негізгі құрамдас болып табылатын, жұмыста қол электр машиналарды, тасымалды электр құрал-саймандар мен шамды пайдаланатын қызметкер және олар үшін лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен еңбекті қорғау талаптарын білу қажеттілігі (электр қауіпсіздігінің II немесе одан жоғары топ талап етілген жерде) белгіленген өзге де қызметкерлер.

Басқару қызметкерлері (БҚ): басқару функцияларын тікелей жүзеге асыратын немесе мекеме қызметін басқаруды техникалық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындайтын қызметкерлер санаты.

Әкімшілік-техникалық қызметкерлер (ӘТҚ): техникалық және жедел қызмет көрсетуді ұйымдастыру, энергия қондырғыларында жөндеу, құрастыру және күйге келтіру жұмыстарын жүргізу бойынша міндеттер жүктелген қызметкерлер санаты.

Жедел-диспетчерлік қызметкерлер (ЖДҚ): басқару органдарына тікелей ықпал ететін немесе энергия жүйелері (энергия объектілері) жұмыстарының режимдерін жедел басқаруды және жүргізуді, немесе ауысымда энергия қондырғыларына қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

Жедел-диспетчерлік қызметкерлерге мына санаттар кіреді:

жедел басшылар;

жедел қызметкерлер;

диспетчерлік қызметкерлер;

жедел-жөндеу қызметкерлері.

Жедел басшылар: оларға бекітілген энергия объектілерінің (электр желілерінің, жылу желілерінің, электр станцияларының және т.б.) және оларға бағынатын қызметкерлердің жұмысыни ауысымда жедел басшылықты жүзеге асыратын жедел-диспетчерлік қызметкерлер санынан қызметкерлер санаты. 

Жедел қызметкерлер: ағымдағы пайдалану тәртібінде, соның ішінде мерзімдік қайталанатын қауіпті жұмыстарды орындау кезінде бекітілген өндірістік нұсқаулықтар бойынша жабдықты жедел басқаруды жүзеге асыратын (ауысым кезінде қарау және қызмет көрсету, жедел қосып ажыратулар, жұмыс орнын дайындау және бұйрықтар мен өкімдер бойынша жұмыс істейтіндерді қадағалау) қызметкерлер.

Диспетчерлік қызметкерлер: жедел қызметкерлерге, жылу және электр энергиясын жеке тұтынушыларға орындау үшін міндетті бұйрықтарды, өкімдерді, рұқсаттарды беру жолымен тұтас энергия жүйесінің энергетикалық режимін, энергия жүйесінің жеке элементтерін, электр және жылу желілерін басқаруды жүзеге асыратын қызметкерлер санаты.

Жедел-жөндеу жүргізетін қызметкерлер: оларға бекітілген энергия қондырғыларына бекітілген көлемде жедел қызмет көрсету үшін арнайы оқытылған және даярланған жөдеу жүргізетін қызметкерлер.

Жөндеу жүргізетін қызметкерлер: энергия қондырғыларына техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, жөндеуді, күйге келтіруді және сынауды қамтамасыз ететін қызметкерлер санаты.



Көмекші-пайдалану жөніндегі қызметкерлер құрамы: қолданыстағы энергия қондырғылары аймағында жұмысты орындайтын (орындай алатын) қосымша мамандықтардың қызметкерлер санаты.

Әкімшілік қызметкерлер: мекеме қызметін әкімшілік (соның ішінде бухгалтерлік, қаржылық, заңгерлік, шаруашылық және т.б.) сүйемелдеуді қамтамасыз ететін қызметкерлер санаты.



Көмекші қызметкерлер: қолданыстағы энергия қондырғылары аймағынан тыс жұмыстарды орындайтын көмекші мамандықтар қызметкерлері санаты.

  1. Оқу орындарының бірінде арнайы дайындық курсынан өткен және тиісті лауазымда жұмыс істеуге құқығын алуға аттестатталған тұлғаларға энергия қондырғыларын басқаруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге немесе жөндеуге рұқсат беріледі.

  2. Энергия қондырғыларын басқаруға, оларға техникалық қызмет көрсетуге немесе жөндеуге рұқсат берілген тұлғалардың жұмысын басқару үшін тағайындалатын қызметкерлер арнайы талаптар көлемінде дайындықтан өтеді.

  3. Кәсіптік функцияларын орындауға қызметкерлердің даярлығын және олардың біліктілігін қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды қызметкерлермен энергия объектілерінде тұрақты жүргізу қажет.

  4. Қызметкерлерді даярлау үшін оқу-өндірістік бөлімшелер техникалвқ оқыту және жаттықтыру техникалық құралдарымен жабдықталуы тиіс. Қызметкерлерді оқытуға жоғары білікті мамандар тартылуы тиіс.

  5. Үлгі ережелерге сәйкес энергия объектілерінде техникалық кітапхана, техникалық кабинет, техникалық және өрт қауіпсіздігі жөніндегі кабинеттер (соңғы екеуін біріктіруге рұқсат етіледі) жұмыс істеулері тиіс.

  6. Осы энергия объектісінің мүлігін басқаруды жүзеге асыратын тұлға энергия объектісінде қызметкерлердің жұмысына басшылықты жүргізеді.

  7. Қызметкерлерді даярлау, қолдау және олардың біліктілігін арттыру үдерісіне басшылықты техникалық басшылар жүзеге асырады, ал оны жүзеге асыруды бақылауды бөлімше басшылары жүзеге асырады.

  8. Қызметкерлердің санатына байланысты қызметкерлермен мына жұмыс түрлері белгіленеді:

жұмыс орнында оқыта отырып (тағылымдама) жаңа лауазым (мамандық) бойынша даярлау;

техникалық пайдалану, еңбек қауіпсіздігі мен қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді, нормаларды және пайдалануды білуін тексеру;

қайталау;

бақылау аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулар;

техника қауіпсіздігі (ТҚ) және өрт қауіпсіздігі (ӨҚ) бойынша нұсқаулықтар: кіріспе, алғашқы (мерзімдік), мақсатты (ағымдағы), кезектен тыс;

арнайы даярлық;

өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар;

біліктілікті арттыру үшін үздіксіз оқыту.



  1. Қызметкерлермен жұмыс энергия объектісінің немесе құрылымдық бөлімшенің техникалық басшысымен бекітілген мына жоспарлар бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі:

- энергия объектілерінде – көпжылдық немесе жылдық;

- энергия объектісінің құрылымдық бөлімшелерінде – тоқсанды немесе айлық жоспарлар бойынша.



  1. Жұмыс жоспарларында мынадай бағыттар қамтылуы тиіс:

жаңа жұмысшыларды оқыту;

жұмысшыларды қайта даярлау және екінші, ұқсас мамандықтарға оқыту;

біліктілікті арттыру;

техникалық кітапханалардың, техникалық кабинеттердің ҚТ және ӨҚ бойынша кабинеттердің, полигондардың, орталықтардың және тренажерлық даярлық орындарының жұмысын ұйымдастыру;

оқу-материалдық базаны жабдықтау;

басшылар мен мамандарды емтихан алдында даярлау;

арнайы даярлық;

білімдерін тексеру;

бақылау аварияларға қарсы және өртке қарсы жаттығуларды өткізу;

ҚТ және ӨҚ бойынша нұсқаулықтарды өткізу;

кәсіптік шеберлік бойынша жарыстарды өткізу;

жұмыс орныдарын тексеруді өткізу;

санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық және оңалту шараларын орындау;

қызметкерлермен ұжымдық жұмыс түрлері.



  1. Өндірістің технологиялық үдерістеріне тікелей қатыспайтын тұлғаларды қоспағанда барлық қызметкерлер техникалық пайдалану, еңбек қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелерді, нормалар мен нұсқаулықтарды білулерін тексеруден өтеді.

Қызметкердің лауазымына байланысты энергия объектілерінің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарыда тұрған басқару органының комиссиялары, сондай-ақ аймақтық комиссиялар және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның орталық емтихан комиссиясы тексеруді жүзеге асырады.

Білімдерін тексеруді өтуден босатылған тұлғалар тізімі, немесе осындай тексеру талап етілмейтін лауазымдар мен мамандықтар тізбесі энергия объектісінің басшысымен бекітіледі.



  1. Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының бақылауындағы объектілерге қызмет көрсететін жұмысшылар мен мамандардың жеке санаттарының білімін тексеру және өздігінен жұмыс істеуге рұқсат беру осы орталық орган қағидаларының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

  2. Жөндеу, күйге келтіру және өзге де мамандандырылған мекемелердің қызметкерлері дайындықтан, білімдерін тексеруден өтеді және өз мекемелеріндегі комиссиялардан өздігінен жұмыс жүргізу құқығын алады.

  3. Қызметкердің білімін тексеру алғашқы, мерзімдік және кезектен тыс болып бөлінеді.

  4. Алғашқы білімін тексеру қызметкерді жаңа лауазым бойынша оқыту немесе даярлаудан кейін оны жұмысқа қабылдау кезінде, басқа жұмыстан (қызметтен) немесе басқа кәсіпорыннан ауысу кезінде жүргізіледі.

Басшылардың және мамандардың алғашқы білімін тексеру оларды лауазымға тағайындау күнінен бір айдан кешіктірмей, өзге санаттардағы қызметкерлердің алғышқы білімін тексеру оларды даярлау бағдарламаларымен және жоспарлармен белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.

  1. Барлық санаттардағы қызметкерлердің білімін мерзімдік тексеру 3 жылда 1 реттен кем емес жүргізіледі.

Жедел басшылар мен жедел-жөндеу қызметкерлерінің басшылары үшін еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды білулерін тексеру мерзімділігі жылына 1 реттен кем емес болуы тиіс.

Барлық санаттардың жұмысшыларының еңбек қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды және төтенше жағдайлар жөніндегі ережелерді білулерін мерзімдік тексеру жылына 1 рет жүргізілуі тиіс.



  1. Мыналар тексерілуге тиіс:

салалық техникалық пайдалану қағидаларын (ТПҚ), қауіпсіздік техника қағидаларын (ҚТҚ) және өрт қауіпсіздігі қағидалары (ӨҚҚ) білуі;

егер жұмысты орындау кезінде ол талап етілетін болса, сала аралық қауіпсіздік қағидаларын және өзге де арнайы қағидаларды білуі;

лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарды, аварияларды жою жоспарларын (нұсқаулықтарын), авариялық режимдерді білуі;

техникалық қауіпсіздік құралдарының, аварияға қарсы қорғау құралдарының құрылымы мен әрекет принциптерін білуі;

жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының және басқару құралдарының құрылымы мен әрекет принциптерін білуі;

энергия өндірудің технологиялық сызбалары мен үдерістерін білуі;

Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі орталық атқарушы органының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік қадағалаудың органдарының бақылауындағы энергия қондырғыларын, объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарын білуі;

қорғау құралдарын пайдалана алу және оқыс жағдайлар кезінде жәбірленген адамдарға алғашқы көмек көрсете білу;

энергия қондырғысын басқаруды білу (тренажерларда және басқа техникалық оқыту құралдарында).

Басшылық және жарғылық құжаттардың тізімін білу қажетті тексеруге жатады, басшылар мен барлық санаттағы мамандар үшін олардың лауазымдық нұсқаулығында анықталған, оны тиісті емтихандық комиссияға жетекшілік ететін энергия нысанының (ұйымның) басшысы бекітеді.



  1. Білімнің қанағатсыз бағасын алған тұлға бір айдың ішінде қайта тексеруден өтуі керек.

Емтиханды екінші рет тапсырмаған маманның лауазымына сәйкестігі туралы мәселені жұмыс беруші еңбек заңнамасы бойынша шешеді.

  1. Қайта қабылданған немесе жұмысында 6 айдан астам үзілісте болған жедел және жедел-жөндеу қызметкер жеке жұмыс істеуге рұқсат беру нұсқаулықтан, сынақтан, білімін тексеруден және қайталаудан өткен соң; жөндеу және реттеу қызметкерін – нұсқаулықтан, сынақтан және білімін тексерген соң ғана жүргізіледі.

Жұмыста 3 аптадан 6 айға дейінгі үзілісі бар қызметкерге рұқсат беру талабын осы үзілістің ұзақтығына байланысты анықталады.

  1. Әр энергия нысанында техникалық қызмет көрсету, жоспарлы жөндеу жұмыстары және құралдарды, ғимараттарды, құрылымдарды және энергия қондырғыларының коммуникацияларын жаңғырту ұйымдастырылуы керек.

  2. Құралдардың,ғимараттардың және құрылымдардың техникалық жай-күйін бақылау; пайдаланудың белгіленген көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін жөндеу жұмыстарының көлемдерін орындау, дайындау жұмыстарын орындаудың толықтығын, жөндеу жұмыстарының жоспарланған көлемдерін уақытылы қосалқы бөліктермен және материалдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының мерзімдері мен сапалары энергия нысандарының басшыларына жүктелуі керек.

  3. Техникалық қызмет көрсетуді және энергия нысандарын жөндеуді басқару құрылымы дайындау және өндіріс жөніндегі тиісті бөлімшелерді ұйымдастыру жолымен міндеттер мен орындаушыларды бөлуді қарастыруы керек.

  4. Техникалық қызмет көрсету мен жоспарлы жөндеу жұмыстарының көлемдері құралдардың, ғимараттардың және құрылымдардың нақты жай-күйі мен нұсқаулықтар мен нормативті-техникалық құжаттардың талаптарын ескере отырып, олардың жөнделген және жұмыс істейтін жай-күйін қолдау қажеттілігімен анықталуы керек.

  5. Негізгі құралдың, ғимараттардың және электр станциялары құрылымдарының, қазандықтардың және желілердің барлық жөндеу жұмыстары түрлеріне перспективалы және жылдық жоспарлар жасалуы керек.

Қазақстанның желілік операторының жедел басқаруындағы және иелігіндегі құралдар мен құрылымдарды жөндеу кестелерін өздері бекітуі керек. Қосымша құралдарға энергия нысанының техникалық басшысы бекіткен жылдық және айлық жөндеу жұмыстарының кестелері жасалады.

  1. Жөндеудің барлық түрлерінің кезеңділігі мен ұзақтығы аталған құрал түріне арналған нұсқаулықтарда және қағидаларда және нормативті-техникалық құжаттарда белгіленеді.

  2. Күрделі және орташа жөндеу жұмыстарынан өткен кернеуі 35 кВ және одан жоғары электр станциялары, қосалқы станциялардың құралы 48 сағат ішінде, жылу желілерінің құралдары – 24 сағат ішінде жүктемеде қабылдау-тапсыру сынамаларына жатады.

  3. Күрделі (орташа) жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыты:

Көлденең байланыстары, гидроагрегаттар мен трансформаторы бар жылу электр станцияларының бу турбиналары, энергия блоктары үшін – генераторды (трансформаторды) желіге қосу уақыты;

Көлденең байланыстары бар ЖЭС бу қазандықтары үшін – қазандықты жаңа будың станциялық құбырына қосу уақытысы;

Екі корпусты қазандықтары бар энергия блоктар үшін (дубль - блок)- энергия блогын қазандықтың бір корпусының жүктемесімен қосу уақытысы; егер жөндеуде кешігу жөндеу кестесінде қарастырылмаса, мұнда қазандықтың екінші корпусын жағу және қосу энергия блогының жүктелу кестесіне сәйкес жүргізілуі керек.

Жылу желілеріне үшін – желіні қосу және онда желілік судың айналымын орнату;

Электр желілері үшін – егер қосу кезінде кернеу себебінен тоқтап қалу орын алмаса, желіге қосылу сәті;

Кернеуді түсірмей жөндеу жұмыстары кезінде – жұмыс жүргізетін басшының кезекші диспетчерге олардың аяқталуы туралы хабарлау сәті.

Егер қабылдау-тапсыру сынамалары ішінде атаулы жүктемесі бар құралдың жұмысына кедергі келтіретін, тез арада тоқтауды қажет ететін ақаулықтар анықталса, онда жөндеу осы ақаулықтар жойылғанға және қайтадан қабылдау-тапсыру сынамаларын жүргізгенге дейін аяқталмаған деп саналады.

Қабылдау-тапсыру сынамалары үдерісінде туындаған қалыпты жұмысты бұзатын құралдың жекелеген құрама бөліктерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзушылықта тез арада тоқтау қажет етілмесе, қабылдау-тапсыру сынамаларын жалғастыру мәселесі бұзылудың сипатына байланысты энергия нысанының техникалық басшысы жөндеуді орындаушының келісімі бойынша жүргізеді. Мұнда анықталған ақаулықтарды жөндеуді орындаушы энергия нысанымен келісілген мерзімде жояды.

Егер жүктемеде тұрған құралдың қабылдау-тапсыру сынамалары ақаулықтарды жою үшін тоқтаса, онда жөндеу аяқталған уақыты болып жүктемеде тұрған құралды соңғы сынамасының уақыты саналады.


  1. Энергия нысандары жөндеудің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне және құралдардың, ғимараттар мен құрылымдардың техникалық қызмет көрсетуін жүйелі есепке алуды жүргізуі керек.

  2. Энергия блоктарында құралдың техникалық жарамды жай-күйін қолдауға қажетті жөндеу-пайдалану базалары жабдықталуы керек.

  3. Энергия нысандарының құралдарына стационарлық және түгендеу жүк көтеретін машиналар және жөндеу тетікті құралдары бас корпуста, қосымша ғимараттарда және құрылымдарда қызмет көрсетуі керек.

  4. Уақытылы және сапалы жұмыс жүргізу үшін энергия нысандары, жөндеу және жөндеу –реттеу ұйымдары жөндеу құжаттамасымен, құралдармен және жөндеу жұмыстарына арналған құралдармен жабдықталуы керек.

  5. Энергия нысандарында жоспарланған жөндеудің көлемдерін уақытылы қамтамасыз ету үшін тораптар мен жабдықтардың қосалқы бөліктердің пайдалану (авариялық) қорлары, материалдар және ауысу қоры болуы керек.

Қоймаға келетін кіретін бақылау ұйымдастырылуы керек және қоймадағы, цехтағы немесе энергия нысанының учаскелеріндегі барлық қосалқы бөлшектерді есепке алу; олардың жай-күйі мен сақталу жағдайлары әр кезең сайын тексерілуі керек.

Қосалқы бөліктерді және жабдықтарды сақтау базаларында олардың сақталуы мен жүйелі толығуы қамтамасыз етілуі керек. Сыртқы атмосфералық жағдайлар әсерінен бұзылатын жабдық, қосалқы бөліктер, тораптар мен материалдар жабық қоймаларда сақталуы керек.

Энергетикалық сипаттамада осы Қағидалардың талаптарын орындауда игерілген жабдық жұмысының нақты қол жетімді үнемділігі берілуі тиіс.

Жылу желілеріндегі энергетикалық сипаттамалар мынадай көрсеткіштер бойынша құрылады: жылу шығындары, жылу энергиясын жеткізуде жұмсалатын электр энергиясының меншікті шығысы, жүйелік судың орташа сағаттық меншікті шығысы, беру және кері құбырларындағы температуралардың айырмашылығы, жүйелік судың ағуы. Кері құбырдағы жүйелік су температурасының көрсеткіші бойынша энергетикалық сипаттаманы әзірлеуге рұқсат беріледі.

Электр желісі үшін нормаланған көрсеткіш оны жеткізуге арналған электр энергиясының технологиялық шығысы болып табылады.

Энергетикалық сипаттама көлем, нысан және құрылым бойынша қолданыстағы нормативтік және әдістемелік құжаттардың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Жабдықтардың энергетикалық сипаттамасы мен шығарылған электр энергиясы мен жылуы үшін отын және судың есеп айырысу меншікті шығынының кестесі электр станциясы жабдықтарының әрбір топтары бойынша 5 жылда 1 рет қаралады. Сондай-ақ қайта құру жылу электр станцияларын техникалық қайта жабдықтау және қайта құру себебінен жанатын отынның түрі немесе маркасының өзгертілуі, отынның нақты меншікті шығыны электр энергиясы мен жылуды шығару сәйкесінше 2 және 1 % өзгертіледі.

Электр станцияларында, қазандықтардағы, электр және жылу желілерінде жұмыстың түпкі нәтижесін жақсарту мақсатында:

1) энергетикалық тасымалдағыштар мен технологиялық параметрлер шығындарын өлшеудің талап етілетін дәлдігі;

2) жабдықтардың жұмыс көрсеткіштерін бақылау-өлшеу құралдары мен ақпараттық-өлшеу жүйелерінің көрсеткіштеріне негізделген белгіленген нысандары бойынша (ауысымды, тәуліктік, айлық, жылдық) есепке алу;

3) жабдықтың жай-күйін, оның жұмыс режимдерін, отын үнемділігінің резервін, жүргізілген ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау;

4) жабдық жұмысының сенімділігі және үнемділігін арттыру, отын-энергетикалық ресурстардың шығындары мен залалдарын азайту мақсатында іс-шараларды әзірлеу мен орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет