КӘсіби қазақ тілі пәнінің барлық техникалық мамандықтар бойынша кешкі бөлімде оқитын студенттерге арналған силлабусы



Дата28.06.2017
өлшемі321,45 Kb.
#20300
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
РМК «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті»
Қазақстан тарихы және жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН


Оқу ісі жөніндегі проректор

Жаксыбаева Г.Ш.__________

«___» _____________2016 ж.


КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ
пәнінің

барлық техникалық мамандықтар бойынша

кешкі бөлімде оқитын студенттерге арналған
СИЛЛАБУСЫ

Теміртау, 2016 ж.



КЕЛІСІЛГЕН:

ҚжМФ деканы

___________________ Жабалова Г.Г

«____»_____________ 2016 ж.

МТжАФ деканы

___________________Мусин Д.К.

«____»_____________ 2016 ж.
ОӘБ бастығы

___________________Чалая О.В.

«____»_____________ 2016 ж.




ҚҰРАСТЫРҒАН:

ҚТжЖБбП кафедрасының

доценті
____________ Абдикарим Н.


«ҚТжЖБбП» кафедра мәжілісінде қаралды.

Хаттама №_________

«____» ____________ 2016 ж.
Каф. меңг. м.а.__________Хамитов С.Б.


1 Оқытушы жөніндегі мәліметтер

Оқытушының аты-жөні – Абдикарим Нурзия Абдикаримовна

Ғылыми дәрежесі мен лауазымы – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Кафедраның мекен-жайы: 1014000, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30. ҚМИУ, Жаңа корпусы № 408 кабинет.

Консультация жүргізілетін орын: № 400дәрісхана.

Байланыс телефондары: жұмыс тел. (7213) 911659 (ҚОжШТ секциясы);

үй тел. (7213) 983352; ұялы тел. +77009765606.

Е-mail: kgiu@mail.ru; www.kgiu.kz;

Оқытушының электрондық поштасы: nursana@yandex.ru
2 Пререквизиттер
ЖОО-ның жалпы базалық қазақ тілі курсы болып табылады.
3 Постреквизиттер
Болашақ кәсібі аясында қолдана алады.

4 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Курс аясында студенттердің лингвистикалық дағдысын қоғамдық қарым-қатынаста және кәсіби қызметінде қолдануы көзделеді. Меңгерілген білім мен біліктілігін кез келген жағдайда пайдалана алуы және тілді мәдениеттің бір көрінісі ретінде құрметтеуі тіл үйренушілердің лингво-мәдени құзыретінің деңгейін көрсетеді. Сондай-ақ студенттер қазақ тілінің функциональдық стиль түрлерімен, әсіресе, ауызша сөйлеу және ғылыми стиль түрлерімен танысып, БАҚ материалдарын, Интернет ақпараттарын, ғылыми әдебиеттер мәтінін қамтитын түрлі тапсырмалар, лексика-грамматикалық жаттығуларды орындау арқылы мемлекеттік тілде жан-жақты біліктілігі бар тілдік тұлға ретінде қалыптасуына басымдық беріледі.

Пәнді оқытудың мақсаты:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін болашақ кәсіби ортасында қолданыла білу құзыретін қалыптастыру.


Пәнді оқытудың міндеттері:

- фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, орфоэпиялық нормаларды сақтай отырып, мәтіндер әңгімелеу (сөйлеу) дағдысын игерту;

- өз ойын ойын жүйелі түрде жеткізге білуге баулу;

- ресми-іскерлік, ауызекі сөйлеу тілінің және кәсіби, ғылыми-публицистикалық лексемаларды меңгерту;

- адамгершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және лингвомәдени құзыретін қалыптастыру;


  • тілдік қызметтің барлық түрлерін, оқу мен жазуды, өзара байланыста қабылдау әрекеттеріне (сөйлесу) және медитацияға (арнайы мәтіндердің аударылуына) дағдыландыру;

  • ғылыми мәтіннің құрылымына талдау жасау, ғылыми мәтіндер құрастыру, жалпы қолданыстағы клишелерді қолдана білу.


Студент біледі:

- қазақ әдеби тілінің және оның стилистикалық нормаларын;

- мәтіннен және мәнмәтіннен негізгі ақпаратты бөліп алуды;

- ауызша сөйлеу стилінің түрлері мен нормаларын;

- жариялы түрде сөйлеу, пікір талас түрлерін (ойтолғау, сөзталас, дебат, ойкөкпар және т.б.), оларға қойылатын талаптарды;

- болашақ мамандығына байланысты кәсіби және ғылыми терминдерді;

- жазбаша тілге немесе қазақ тілінің ғылыми стиліне (сыни пікір, аңдатпа, баяндама, мақала жазу және т.б.) қойылатын талаптар мен нормаларды;

- ауызша тілге (диалог, монолог, полилог, сұхбат құру т.б.) қойылатын талаптар мен шарттарды;

- аударма жасау тәсілдерін;

- қазақ және орыс тілдерінің құрылымдық ерекшеліктерін;

- мәтін бойынша жоспар құруды;

- мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосу міндеттерін;

- халықтардың, адамзаттың құндылығын, тарихи категорияларды.
Студент дағдыланады:

- тілдік ережелерді сақтай отырып, дұрыс әрі сауатты сөйлеп, жазуға;

- ұсынылған мәтінге талдау жасауға, ой қорытуға, өз пікірін білдіруге;

- грамматикалық, орфографиялық және орфоэпиялық нормаларды сөйлеу, жазу барысында қолдана білуге;

- түрлі лексемалар мен клишелерді жағдайлық тапсырмалар барысында пайдалана білуге;

- жағдаяттарға талдау жасап, сыни тұрғыдан ойлауға;

- мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюіне үлес қосуға;

- тіл фактілерін мәдениет құндылығы ретінде бағалауға және құрметтеуге.


Оқу жоспарынан үзінді:


Пәннің атауы

Кредит саны

Сабақ түрлеріне бөлінген сағат сандары

Дәрісбаян

Практ.

сабақ


СОӨЖ

СӨЖ

Емтихан

Кәсіби қазақ тілі

2

-

16

12

62

2


5 Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары




Тақырып атаулары

Практикалық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар тізімі

Сағаты

Әдебиеттер

1

Тілдің өмір сүру формалары.

Тілдесім және сөйлеу мәдениеті.



Тілдің атқаратын қызметі: қарым-қатынас жасау, хабарлау, ақпарат беру, әсер ету, мәдени

құндылықтарды сақтау.



6

[1] стр. 45-96,

[9] стр. 23-97,

[4] 15-28 б.,

[21] 5-8 б.



Вербальдық және бейвербальдық тілдесім. Сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетінің негізгі аспектілері: коммуникативтік, этикалық, нормативтік. Қазақ тілінің ауызекі сөйлеу тілінің этикеттік үлгілері.

2

Қазақ тілінің функциональдық стильдері және оның ерекшеліктері

Стиль түрлері: ауызекі сөйлеу стилі, публицистикалық стиль (пікірсайыс (полемика), пікір-талас, пікір алмасу (дискуссия), ой талқы (диспут), ойкөкпар (дебат), ресми-іскерлік стиль (ақпараттық-анықтамалық құжаттар: өмірбаян, түйіндеме, өтініш), көркем әдебиет стилі (Абайдың қара сөздері).

4

[1] стр. 98-132,

[10]


27- 64 б., [5] 5-8 б.,

[13] 5-8 б.



Ауызша сөйлеу стилі (сөзталас, айтыс) және оның ерекшеліктері. Монолог, диалог, полилог. Көріктеуіш құралдар (метонимия, синекдоха, метафора, градация табу, эпитет, эвфемизм, дисфемизм, кокаизм т.б.) Техникалық бағыттағы мамандардың кәсіби сөздері мен коммуникациясы. Жариялы түрде сөйлеуге төселу және тиімсіз коммуникацияны болдырмау жолдары.

3

Ғылыми дискурс және оның ерекшеліктері.

Ғылым тілі: түрлері, лексикасы, синтаксисі. Жақсыз сөйлемдер. Ырықсыз етіс формалары.

Термин сөздердің ерекшелігі. Қазақ тілінде термин жасалу жолдары. Терминдік сөздіктермен жұмыс.



2

[6]

35-146 б.,

[14]13-25б.,


Ғылыми мәтін және оның құрылымы, түрлері, ерекшеліктері.

Ғылыми баяндама, тезис, сыни пікір (рецензия), пікір (отзыв), аңдатпа жазу (аннотация) ерекшеліктері және дайын клишелер.



4

[13] стр. 31-36 б.,

[20] 4-9 б.,

[6] 15-18 б.,


Барлығы:

16





6 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар




Тапсырмалар тізбесі

Тапсыру формасы

Жоғарғы ұпай

Тапсыру мерзімі

Ұсынылатын әдебиттер

1

Мақта қыз ертегісінің желісі бойынша жаңа заман келбетіне сәйкес рөлдік ойын дайындау

Рөлдік ойын



10

3 апта

[4] 11-30 б.,

[9]


121-165 б.

2

Қазіргі кездегі ең таңдаулы әрі нарықта сұранысқа ие мамандықтар

Пікір-талас

10

5 апта

[5] 16-38 б.

3

Термин сөздердің әр түрлі стильдегі көрінісі

Слайд презентация

10

6 апта




4

Металлургия. Машинажасау.

Құрылыс. Автоматтандыру

және басқару. Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру.

Көлік, көлік технологиясы және техникасы. Материалтану және жаңа материалдар

технологиясы.

Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.

Материалдарды қысыммен

өңдеу. Жылу энергетикасы.

Электроэнергетика. Технологиялық машиналар және жабдықтар. Органикалық

заттардың химиялық

технологиясы. Стандарттау,

метрология және сертификаттау.



Терминдік сөздік (мамандықтарына байланысты) жасау

20

8 апта

[20] 235-316 б

5

Қазақстан өнеркәсібі және ірі кәсіпорындар.

Қазақстанның пайдалы қазба байлықтары.



Сөзжұмбақ

10

9 апта

[12] стр.252-256

7

Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ФИИР) саясаты (салалары бойынша)

Баяндама

15

11 апта

[21] стр. 89-112

8

Мамандыққа байланысты мәтіндер, оқулықтар,

сөздіктердің ерекшеліктері.



Аңдатпа, тезис

10

12 апта

[21] стр. 34-46, [22]123-157 б.

9

«Менің болашақ

мамандығымның қыр-сыры»



Эссе және слайд-презентация

15

13 апта

[20] 228-264 б.

Барлығы:




7 Материалдардың игерілуін бақылау


Шептік бақылау реті

Шептік бақылауға енгізілген тақырыптар

Шептік бақылау түрлері

Берілетін ұпай

І бақылау жұмысы



Тілдің негізгі қызметтері. Сөйлеу мәдениетінің нормативтік аспектілері. Қазақ тілінің функциональдық стильдері. Сөйлеу этикеттерінің үлгілері.

  • жариялы түрде баяндама жасау;

  • сұрақ-жауап;

  • сөздік (этикет формалары бойынша) диктант;

  • тест;

  • аралас тапсырма.

25≤50

ІІ бақылау жұмысы

Ғылым тілі, оның ерекшелігі. Ғылыми мәтін лексикасы мен синтаксисі. Мамандық бойынша термин сөздер. Ғылыми мәтіндер және олардың түрлері, негізгі ерекшеліктері.

  • ғылыми мәтінге талдау жасау;

  • сұрақ-жауап;

  • аңдатпа, тезис жазу;

  • тест (терминологиялық минимум);

  • аралас тапсырма.

25≤50

Барлығы:

50 100



8 Баға қою саясаты
Студенттер ағымдағы бақылаулар барысында ұпай жинайды. Ол үшін баға қоюдың төмендегі қағидаттары басшылыққа алынады:

  1. білімнің төмендігін көрсететін төменгі ұпай – «қанағаттанарлықсыз минус» – 6-ға сәйкес (қорытынды ұпай 60-70);

  2. білімнің орташадан төмендігін көрсететін төменгі ұпай –«қанағаттанарлық» - 7-ге сәйкес (қорытынды ұпай 70 – 80);

  3. білімнің орташа болатындығын көрсететін ұпай –«жақсы минус» – 8-ге сәйкес (қорытынды ұпай 80 – 90);

  4. білімнің орташадан жоғары екендігін көрсететін ұпай – «жақсы минус» – 9-ға сәйкес (қорытынды ұпай 90 – 95);

  5. білімнің жоғары болатындығын көрсететін ұпай –«үздік» – 10-ға сәйкес (қорытынды ұпай 96 – 100), бұл ең жоғарғы ұпай саны болып табылады.


Бағалау өлшеуіштері:




Ұпай саны

Өлшеуіштер

1

10 ұпай

Сөйлеу дағдысы:

- студент дайындаған мәтінін ешбір қатесіз, дұрыс дыбыстап, бір қалыпты ырғақпен, дұрыс интонациямен әңгімелеп береді;

- сөйлеу мәнерін жағдайға сай дұрыс таңдай алу керек;

- қойылған сұраққа қысқа әрі толық жауап береді.



Жазба жұмыстар бойынша:

- берілген тапсырмаларды дұрыс, қатесіз, нормаларға сәйкес орындайды;

- сөйлемдердің тұлғалану ерекшеліктерін, деректемелердің орналасу тәртібін талаптарға сай қолдана білуі.


2

9 ұпай

Сөйлеу дағдысы:

- студент дайындаған мәтінін ешбір қатесіз, дұрыс дыбыстап, бір қалыпты ырғақпен, бірақ үзік интонациямен әңгімелеп береді;

- сөйлеу мәнерін жағдайға сай таңдауда қате жіберуі мүмкін;

- қойылған сұраққа қысқа әрі толық жауап береді.



Жазба жұмыстар бойынша:

- берілген тапсырмаларды дұрыс, 1-2 қатемен, нормаларға сәйкес орындайды;

- сөйлемдердің тұлғалану ерекшеліктерін, деректемелердің орналасу тәртібінде кейбір талаптардан қателесуі мүмкін.


3

8 ұпай

Сөйлеу дағдысы:

- студент дайындаған мәтінін аз-кем қатемен, дұрыс дыбыстап, үзік ырғақпен, дұрыс интонациямен әңгімелеп береді;

- сөйлеу мәнерін жағдайға сай дұрыс таңдай алуы керек;

- қойылған сұраққа толымсыз жауап береді.



Жазба жұмыстар бойынша:

- берілген тапсырмаларды орындау барысында орфографиялық қате жібергенімен, нормаларға сәйкес орындайды;

- сөйлемдердің тұлғалану ерекшеліктерін, деректемелердің орналасу тәртібін талаптарға сай қолдана біледі.


4

7 ұпай

Сөйлеу дағдысы:

- студент дайындаған мәтінін дыбыстау барысында және сөйлемнің ырғағын сақтауда қателесуі мүмкін;

- сөйлеу мәнерін жағдайға сай дұрыс таңдай алу керек;

- қойылған сұраққа қысқа, толымсыз жауап береді.



Жазба жұмыстар бойынша:

- берілген тапсырмаларды орындау барысында орфографиялық және пунктуациялық қате жібергенімен, бірақ нормаларға сәйкес орындайды;

- сөйлемдердің тұлғалану ерекшеліктерін, деректемелердің орналасу тәртібінінен қателесуі мүмкін.


5

6 ұпай

Сөйлеу дағдысы:

- студент дайындаған мәтінін дыбыстау барысында қателіктер жіберіп, ырғағын сақтап, әңгімелеп береді;

- сөйлеу мәнерін жағдайға сай дұрыс таңдауда қателіктер жібереді;

- қойылған сұраққа жалпылама жауап береді.



Жазба жұмыстар бойынша:

- берілген тапсырмаларды орфографиялық, пунктауциялық қатемен орындап, дұрыс жауап бергенімен, толық орындалмауы мүмкін;

- сөйлемдердің тұлғалану ерекшеліктерін сақтауда қателік жібергенімен, деректемелердің орналасу тәртібін талаптарға сай қолдана білуі.

Қарастырылып отырған пәннің бағдарламасына сәйкес студенттің әрбір жұмысы 100 ұпай көлемінде бағаланады. Студенттердің рейтинг бағасы төмендегі жолмен жинаған білімдерінің орташа арифметикалық есебінен анықталады:



  • практикалық сабақта алған бағалары;

  • СӨЖ тапсырмаларды орындау және тапсыру кезіндегі бағалары;

  • өтілген материалдар бойынша бақылау жұмысын жазбаша орындау және оны жазбаша қорғау бағасы.

Студенттің семестр бойындағы қорытынды бағасы оқу семестрінің соңғы аптасында қойылады. Студент жинаған ұпай санының қорытындысы төмендегідей есептеледі:

Бірінші рейтинг бағасы: R1 ═ 1/3 (Д111)

Екінші рейтинг бағасы: R2 ═ 1/3 (Д2+Т2+П2)

Рұқсат-рейтинг бағасы: OR ═ R1 + R2

Рейтинг ұпайы: БR ═ ОR×0,6

Мұндағы Д – СӨЖ үшін қойылған баға;

Т – өтілген материалдар бойынша тестілеуден алған бағасы;

П – практикалық сабақта алған бағалары.
Қорытынды бақылауға (емтиханға) СӨЖ-дің барлық тапсырмаларын, практикалық және екі аралық бақылау бойынша 25-тен 50 ұпай жинаған студент жіберіледі. Егер студенттің тапсырылмаған тақырыптарды болса, ол үшін «0» деген ұпай алады. Бұл ұпай аралық бағаның арифметикалық орташа сомасын есептегенде қосылады және бағаның төмендеуіне әкеліп соғатын кері әсері бар.

Емтихан материалдары үш деңгейден тұрады:



    1. «А» деңгейі (емтихан бағасының 50 %): тест сұрақтарының саны – 20, әрбір дұрыс жауап үшін студент 1 ұпай алады; осылайша бұл деңгейдегі ең жоғарғы ұпай саны 20 болады: (100×0,5) ×0,4═ 20.

    2. «В» деңгейі (емтихан бағасының 25 %): өтілген грамматикалық және лексикалық тақырыптар материалдары бойынша жазбаша тапсырмалар орындау. Әрбір дұрыс жауап үшін студент 5 ұпай алады; осылайша бұл деңгейдегі ең жоғарғы ұпай саны 10 болады: (100×0,25) ×0,4═ 10.

    3. «С» деңгейі (емтихан бағасының 25 %): СӨЖ құрамына енгізілген және СОӨЖ барысында талқыланған тақырыптардың бірін ауызша қазақ тілінде әңгімелеу және емтихан қабылдаушылар тарапынан қойылуы мүмкін сұрақтарға жауап беру. Бұл деңгейдегі ең жоғарғы ұпай саны 10 болады: (100×0,25) ×0,4═ 10. Мәтіндегі сөйлемнің ең жоғарғы шегі – 30.

Студенттің емтиханнан алатын ең жоғарғы ұпайы – 40 ұпайды (100×0,4) ═ 40, ал ең төменгі шегі – 20 ұпайды (50×0,4) ═ 20 құрайды.

Қорытынды нәтижелік ұпай (ИО) сессияға жолдама алатын рейтинг ұпай (30≤60) (БR) мен емтиханда жинаған ұпай (БЭ) (20≤40) сандарының қосындысынан құралады:


ИО ═ БR + БЭ.
Осылайша студенттің семестр соңындағы нәтижелік бағасы емтихан тапсырғаннан кейін ағымдық және нәтижелік бақылаулардың ұпай саны есепке алынып, 1-ші кесте көрсетілген шкала бойынша қойылады:


Әріптік жүйемен бағалау

Сандық эквиваленті

Пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі бағалау жүйесі бойынша

А

4,0

95 – 100 ұпай

Үздік


А-

3,67

90 – 94 ұпай

В+

3,33

85 – 89 ұпай

Жақсы


В

3,0

80 – 84 ұпай

В-

2,67

75 – 79 ұпай

С+

2,33

70 – 74 ұпай

Қанағаттанарлық



С

2,0

65 – 69 ұпай

С-

1,67

60 – 64 ұпай

D+

1,33

56 – 59 ұпай

D

1,0

50 – 54 ұпай

F

0

0 – 49 ұпай

Қанағаттанарлықсыз




  1. Курс саясаты

Курсты оқитын студенттерге қойылатын талаптар университеттің ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес келеді. Студентке академиялық сабақ барысында төмендегідей талаптар қойылады:



  • студент үй тапсырмасын міндетті түрде орындап келуі қажет;

  • студент сабақ барысында өз ойын еркін және сауатты жеткізе білуі керек;

  • жағдайларға байланысты (ситуативтік) тасырмаларды көрсетілген шарттар бойынша (диалог, сұхбат, монолог, іскерлік ойын, теле-ойын т.б.) орындауға тиісті;

  • жазба жұмыстарының барлық түрлері дәптерде орындалады;

  • студент өзімен оқу құрал-жабдықтарын және орысша-қазақша немесе қазақша-орысша сөздік алып келуі қажет;

  • сабақ барысында белгілі бір көлемдегі ұпай жинау үшін белсене қатысуға міндетті;

  • берілген тапсырмалардың тақырыбын жан-жақты ашып, талдау, сабақ мазмұнын меңгеріп, жоғары деңгейге қол жеткізуге тырысу;

  • оқу үдерісіне кедергі жасамау (ұялы телефонды өршіріп қою, қатты сөйлемеу т.б.);

  • оқытушымен шынайы және іскерлік байланыста болу;

  • студент сабақтан кешікпеуге және босатпауға тиісті; сабақты босатқан жағдайда:

а) егер ауырған болса, анықтама қағазын;

ә) егер деканаттан сұранған болса, өтінішін;

б) егер қоғамдық жұмыс үшін босатылған болса, университет әкімшілігінің өкімін әкелуі тиіс.

- босатылған сабақтарды оқытушының белгілеген мерзімінде тапсыру.



Студенттердің сабаққа жалпы ынтасы мен жауапкершілігін объективті түрде бағалау үшін олардың жинаған ұпайының пайыздық үлесі мөлшерінде айыппұл және көтермелеу ұпайлары белгіленеді.

Айыппұл ұпайлары:

  • сабақты себепсіз босатқаны үшін – 10%

  • берілген тапсырмаларды уақытында орындамау - 10%

  • сабаққа кешігу – 10%

  • жауап беруден бірнеше рет бас тарту – 10%

  • сабақ үстіндегі тәртіпсіз қылығы үшін – 10% ұпай шегеріледі.

Көтермелеу ұпайлары:

  • белсенді жұмысы үшін – 10%

  • сабақты босатпағаны, кешікпегені үшін – 5 %

  • әрдайым толыққанды жауап бергені үшін – 10%

  • тапсырмаларды алдын ала орындап, тапсырғаны үшін – 5 % ұпай



  1. Әдебиеттер тізімі




    1. Негізгі әдебиеттер




    1. Сыздықова Р. Сөз құдыреті. – Алматы: Атамұра, 2005. – 272 б.

    2. Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы: оқу құралы. – Алматы: Санат, 1997. – 256 б.

    3. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Мектеп, 1966. – 340 б.

    4. Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 616 б.

    5. Демесинова Н.Х. Сопоставительная грамматика русского казахского языков. Синтаксис. – Алма-Ата., 1966. – 258 с.

    6. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу – Алматы: Ана тілі, 2001. – 208 бет.

    7. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізу үлгілері). 5-басылым, толықтырылған /Құрастырушылары: В.И. Скала, Б.В. Скала, Н.В. Скала – Алматы: «LEM баспасы» ЖШС, 2007. – 336 бет.

    8. Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты: Құжаттар жинағы. – Астана: Елорда, 1999. – 216 бет.

    9. Введенская Л.А., Павлова Л.Г., Кашаева Е.Ю. Русский язык и культура речи: Учебное пособие для вузов. 8-е изд., испр. и доп. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2003. – 544 с.

    10. Игенбаева Б.Қ. “Мен – Адаммын” (жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал). Алматы, 2000.

    11. Ковальчук А.С. Основы имиджелогии и делового общения: Учебное пособие для студентов вузов. 2-е изд., перераб. и доп. – Ростов н/Д: изд-во «Феникс», 2003. – 224 с.

    12. Қазақ тілі. Ресми қарым-қатынас, іс қағаздары тілі. Оқу құралы/ Алдашева А., Ахметжанова З. және т.б. – Алматы: Рауан, 2000 – 176 б.

    13. Исаев С.М., Исмагулова Б.Х. Сборник упражнений по сопоставительной типологии русского языка. Алматы, 1994.

    14. Амиров Р. Особенности синтаксиса разговорной речи казахского языка. – Алматы: Ғылым, 1972. – 168 с.

    15. Қайдар Ә. Халық даналығы. Алматы, 2004.

    16. Құдайбергенов Р. Техникалық терминдер сөздігі. Алматы: Таймас, 2009. – 612 б.




    1. Қосымша әдебиеттер




    1. Осик Ю.И., Улаков С.Н. Іскерлік этикет: Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2009. – 246 б.

    2. Аллан Пиз, Барбара Пиз. Язык телодвижений. [пер.с англ. Т.О. Новиковой]. – М.: Эксмо, 2012. – 448 с. :ил.

    3. Әбілқасымов Б. Орысша – қазақша сөйлеу сөздігі. Алматы, 1987.

    4. Синонимдер сөздігі. /Құраст.: Болғанбайұлы Ә., Бизақов С., Дәулетқұлов Ш. – Алматы, 2001. – 312 б.

    5. Словарь сочетаемости слов русского языка. / под ред. Денисова П.Н., Морковкина В.В. – 2-е изд., испр. – М.: Рус. Яз., 1983. – 688 с.

    6. Ишмухамедов Н.К. Черная металлургия Казахстана. – Алматы: НИЦ «Ғылым», 2002. – 136 с.

    7. Муканов Д. Металлургия Казахстана: состояние, инновационный потенциал, тренд развития. – Алматы, 2005. – 288.

    8. Найзабеков А.Б. и др. Русско-казахский толковый словарь терминов по металловедению и обработке металлов давл.-ем. – Темиртау, 2002.–442 с.

    9. Воскобойников В.Г. и др. Общая металлургия: учеб. для вузов. – М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 768 с: ил.

    10. Бәкенов Б.Б. Құрылыс атауларының орысша-қазақша сөздігі.

    11. Научно-технический журнал «Промышленность Казахстана» (периодичность – 6 номеров в год; издается с 2000 года).

    12. Электротехнический справочник: в 3 т. / под ред Орлова И.Н. – 7-Ее изд., – М.: Энергоавтоматиздат, 1988. – 880 с.: ил.

    13. Лариков Н.Н. Общая теплотехника. М.: Стройиздат, 1975. – 560 с.

    14. Теория автоматического управления: учеб. для вузов/ Душин С.Е., Зотов Н.С., Имаев Д.Х и др. – М.: Высш. Шк., 2005. – 567 с.: ил.

    15. Периодический журнал «Современные технологии автоматизации» –Москва: Ста-пресс.



  1. Емтихан тапсырмаларының үлгілері


І деңгей тапсырмалары (А деңгейі).
1. Бірнеше адам қатысатын сөйлеу түрі –

А) диалог

В) монолог

С) полилог

Д) лекция

2. Ғылыми мәтіндегі мысалдар не үшін қолданылады?

А) мақалаға баға беру үшін

В) дәйекті дәлелдерді келтіру үшін

С) академиялық шешендік үшін

Д) ғылыми мәтіннің көлемін ұлғайту үшін

3. Көлемі бойынша ірі жанрға жататын ғылыми мәтіндерді көрсетіңіз.

А) мақала,реферат, тезис, сыни пікір

В) диссертация, мақала

С) диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы

Д) конспект, дәрісбаян, пікір

4. Хамит, хат, қате – сөздері қандай принцип (қағидат) бойынша жазылғанын анықтаңыз.

А) дәстүрлі қағидат

В) морфологиялық қағидат

С) фонетикалық қағидат

Д) ешқандай

5. Танысу этикетіне жатпайтын фразаны белгілеңіз.

А) Танысқаныма қуаныштымын.

В) Денсаулығыңыз мықты болсын!

С) Сізбен танысуға рұқсат етіңіз.

Д) Біздер таныс сияқтымыз.

6. Оқы, тоқы, жібі, есті сөздеріне –й+ды (-ді) жалғанғанда, былай жазылады:

А) Оқыйды, тоқыйды, жібійді, естійді

В) Оқиды, тоқиды, жібиды, естиды

С Оқиді, тоқиді, жібиді, естиді

Д) Оқиды, тоқиды, жібиді, естиді

7. Даусұн күштү әрі анығету үшүн – дұрыс жазылған қатарды белгілеңіз.

А) Дауысын күшті әрі анығету үшін

В) Даусын күшті әрі анықету үшін

С) Дауысан күшті әрі анығету үшүн

Д) Даусын күшті әрі анық ету үшін

8. Ғылыми мәтінде қолданылатын баяндауыштың қатарын анықтаңыз.

А) қорытындыға келдім, көрсетті, анықтадым, дәлелдегенмін 

В) қорытындыға келдік, көрсетіледі, анықталған, дәлелденген 

С) қорытындыға келейік, көрсетейік, анықталған, дәлелденген 

Д) қорытындыға келеді, көрсетіледі, анықталып жатыр, дәлелдедім 

9. Мен сіздің ұсынысыңызға қарсымын! – бұл:

А) возражение

В) поздравление

С) согласие

Д) восхищение

10. Дұрыс жазу нормалары мен ережелерін ... белгілейді.

А) пунктуация

В) орфоэпия

С) орфография

Д) стилистика

11. Сабаққа кешігіп келсеңіз не дейсіз?

А) Кешіріңіз, шығуға бола ма?

В) Кешіріңіз, сабақ басталып кетті ме?

С) Кешіріңіз, сағат қанша болды?

Д) Кешіріңіз, кіруге бола ма?

12. Көмек сұрау үшін қолданылатын фраза:

А) Жәрдемдесіңізші.

В) Сәл тоқтаңызшы!

С) Сәл күтіңізші

Д) Қандай өкінішті!

13. Дұрыс жазу, дұрыс дыбыстау сөйлеу мәдениетінің ... аспектісіне жатады.

А) нормативтік

В) коммуникативтік

С) этикалық

Д) когнитивтік

14. Ғылыми оқу мәтіндерінің қатарын көрсетіңіз.

А) оқулық, оқу құралдары, әдістемеліктер, дәрісбаян, конспект

В) реферат, аңдатпа, түсінікхат

С) сыни-пікір, пікір, сараптама қорытындысы

Д) нұсқау, әдістемеліктер, бағдарлама, ұсыныстар

15. Аударыңыз: Я вам сочуствую.

А) Жаман күйініп отырмын.

В) Мен бұған өкінемін.

С) Мен қатты күйзелдім.

Д) Менің сізге жаным ашиды.

16. Тілдің танымдық қызметі қалай аталады?

А) коммуникативтік қызметі

В) аккумлятивтік қызметі

С) эстетикалық қызметі

Д) когнитивтік қызметі

17. Қожанасыр неге жеңіне: «Же, шапаным, же» деп айтты?

А) киімін көрсетпек болды

В) үстінде жаман киімі болған соң

С) үстінде тәуір киімі болған соң

Д) үй иесі киіміне қарап қабылдамаған соң

18. «Ассалаумағалейкум» деген сәлемге қалай жауап береді?

А) Амансыз ба?

В) Сәлеметсіз бе?

С) Уағалейкумассалам!

Д) Сәлеміңізді алдық!

19. Көмектесуге қалай шақырасыз?

А) Көмектескеніңіз қандай жақсы болды!

В) Сіздің көмегіңіз тиді.

С) Көмегіңізге рахмет, өзім істеймін.

Д) Көмекке келіңізші.

20. «Үбірлі-шүбірлі бол, айналайын!» деген тілек қашан айтылады?

А) жолға шығарда

В) келіні сәлем бергенде

С) тұсау кесер тойында

Д) туған күн кешінде

21. Аңдатпаның көлемін анықтаңыз.

А) орта есеппен 500 баспа белгі көлемінде (3-5 сөйлем) болады

В) орта есеппен 800 баспа белгі көлемінде (5-7 сөйлем) болады

С) орта есеппен 1000 баспа белгі көлемінде (6-8 сөйлем) болады

Д) орта есеппен 1200 баспа белгі көлемінде (7-10 сөйлем) болады

22. Стильдер арасындағы айырмашылықты тілдің ... айқындайды.

А) сөз табы

В) лексикалық құрамы

С) сөйлем құрылысы

Д) дыбыстары

23. Ым-ишара, дене, аяқ-қол қозғалысы арқылы тілдесу қалай аталады?

А) сөзбен тілдесу

В) сөйлемдер арқылы тілдесу

С) вербальдық тілдесу

Д) бейвербальдық тілдесу

24. Дұрыс дыбысталған сөздер қатарын көрсетіңіз.

А) сәнқой, жүз қырық бес, Досжан

В) сәңқой, жүс қырық бес, Дошшан

С) сәңғой, жүсқырық пес, Дошшан

Д) сәнқой, жүсқырық бес, Досжан

25. Қонағүй, тәуүр, қыйқым, омбір – дұрыс жазылған қатарды белгілеңіз.

А) Қонақ үй, тәуір, қиқым, омбір

В) Қонақ үй, тәуір, қиқым, он бір

С) Қонағүй, тәуүр, қыйқым, ом бір

Д) Қонағүй, тәуүр, қиқым, омбір

26. Гауһар, хат, қазір – сөздері қандай принцип бойынша жазылған?

А) фонетикалық қағидат бойынша

В) морфологиялық қағидат бойынша

С) жаңа қағидат бойынша

Д) дәстүрлі қағидат бойынша

27. Көп адам қатысқан сөйлеу стилі – бұл:

А) монолог

В) полилог

С) диалог

Д) шешендік сөздер

28. Академиялық оқу құралдары қандай стильмен жазылады?

А) публицистикалық

В) ғылыми

С) ресми-іскерлік

Д) ауызекі сөйлеу тілі

28. Той, ұлғай, сарғай – сөздеріне -а+ды жұрнағы жалғанса, былай жазылады:

А) Тойады, ұлғайады, сарғайады

В) Тояды, ұлғайады, сарғайады

С) Тояады, ұлғаяады, сарғаяады

Д) Тояды, ұлғаяды, сарғаяды

29. Әдеби тіл ... тығыз байланысты.

А) үндестік заңымен

В) дыбыстау заңымен

С) фонетикалық заңдылықпен

Д) сөйлеу мәдениетімен

30. Мақұлдау, келісім беру этикеттерін анықтаңыз.

А) Ренжи көрмеңіз, қапаланбаңыз, айыпқа бұйырмаңыз.

В) Өте өкінішті, амал жоқ, қап, әттеген-ай!

С) Мақұл, мен қарсы емеспін, сіздікі дұрыс.

Д) Сіздікі дұрыс емес, мен келіспеймін.

31. Әңгімелесу – сөзінің синонимін белгілеңіз.

А) сәлемдесу, амандасу

В) салқын қабақ таныту

С) жылы шырай таныту

Д) шүйіркелесу, дидарласу

32. Сөйлеу жағдаятын білу тілдің ... аспектісіне жатады.

А) нормативтік

В) коммуникативтік

С) этикалық

Д) когнитивтік

33. Дискурс дегеніміз, бұл ...

А) сөйлеу жағдаяты

В) сөйлеушінің көңіл-күйі

С) сөйлеу әрекетінің көрінісі

Д) сөйлеу мен оған ілеспе элементтердің бірлігі

34. Сәке, құлыным, халайық, Майраш – сөздері ... этикалық аспектісіне жатады.

А) орыс халқының

В) түрік халқының

С) түркі халықтарының

Д) қазақ халқының

35. Ғылыми стильде қолданылатын сөйлемнің түрін белгілеңіз.

А) бір құрамды сөйлемдер

В) атаулы сөйлемдер

С) жақсыз сөйлемдер

Д) жақты сөйлемдер

36. Ғылыми-бағалау мәтіндерінің қатарын анықтаңыз.

А) реферат, курстық жұмыс

В) түйін, тұжырым

С) пікір, сыни-пікір,түсініктеме

Д) жоспар,тезис

37. Нақтылық, дәлдік, анықтық сипатқа ие стиль:

А) сөйлеу тілі

В) көркем әдебиет стилі

С) публицистикалық стиль

Д) ғылыми стиль

38. Салалық терминдер мол қолданылатын стиль түрін белгілеңіз.

А) ғылым стиль

В) көркем әдебиет стилі

С) ресми құжаттар стилі

Д) сөйлеу стилі

39. Ғылыми мәтіннің сыртқы элементтерін анықтаңыз.

А) эскурс,аталуы, түйін

В) бап, қорытынды, тақырыптық шегініс

С) бап,қорытынды, авторлық бағалау

Д) кіріспе,тарау, түйін,қорытынды

40. Публицистикалық стильді ғылыми стильге жақындастыратын тәсілді көрсетіңіз.

А) фактіні толық және жүйелі баяндау

В) образды сөзді мол қолдану

С) сандық көрсеткішті мол пайдалану

Д) баяндау еркіндігі

ІІ деңгей (В деңгейі) тапсырмалары.

2.1 Ұсынылған ғылыми мақалаға аңдатпа жазыңыз.



2.2 Ұсынылған материалдар бойынша түйін сөздерді (кілт сөздерді) жазыңыз.

ІІІ (С деңгейі) деңгей тапсырмасы.

«Мамандығым – мақтанышым» тақырыбы бойынша әңгімелеңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет