ЭҚКкөзі – сыртқы тізбекке берілетін токтың шамасы қыспақтардың арасындағы кернеуден тәуелсіз болатын элемент. ЭҚК идеалды көзінің ішкі кедергісі нөлге тең. Тоқ көзі – тоғы қоректендіретін тізбектің параметрлерінен тәуелді болмайтын элемент. Тоқ көзінің ішкі кедергісі шексіз үлкен болады. Тоқ көзінің сыртқы сипаттамасы 1.5 суретінде, ал ЭҚК көзінің сыртқы сипаттамасы 1.6 суретінде көрсетілген.
1.4 Сурет − Тоқ көзін ЭҚК көзіне баламалы ауыстыру
Қорек көзі болмайтын нақты құрылғылардың қасиеттерін көрсету үшін пассивті идеалды элементтерді енгізеді: электрлік энергияның жылулық энергияға қайтымсыз түрленуін ескеретін резистивті R, магнит өрісінде жиналатын энергияны ескеретін индуктивті L, электрлік өрісте жиналатын энергияны ескеретін сыйымдылықты С.
Тармақ – бір немесе бірнеше бірізді жалғанған тізбек элементтерінен (кедергілер, ЭҚК немесе тоқ көзі) тұратын схеманың бөлігі.
Тек қана ЭҚК тұратын тармақтың кедергісі нөлге тең.
Достарыңызбен бөлісу: |