Түйін – үш немесе одан да көп тармақтардың қосылу нүктесі. Бір түйінде қосылған тармақтар паралель деп аталады.
Бес тармақтан және үш түйіннен тұратын электрлік схеманың мысалы 1.10 суретінде келтірілген.
Бірнеше тармақтан өтетін кез-келген тұйық жол контур деп аталады. Тәуелсіз контур кем дегенде бір жаңа тармаққа ие және ол тармақ басқа контурларға кірмейді.
Әдебиеттер: [1, 2,3, 4, 5,6]
2.Дәріс тақырыбы:Электр тізбегі теориясының негізгі заңдары. Электр тізбектеріндегі энергетикалық тепе-теңдік. Сызықты электр схемаларын түрлендіру.
№ 2 дәріс тезистері: Ом заңы а) тізбек бөлігі үшін: кез-келген кедергіде ток кернеуге тура пропорционал және кедергіге кері пропорционал
,
мұндағы − өткізгіштік, См (Симменс);
б) бір ЭҚК көзі бар тізбек үшін ( 2.1 сурет): ЭҚК арқылы өтетін ток ЭҚК шамасына тура пропорционал және тізбектің баламалы кедергісіне кері пропорционал
2.1 Сурет
в) бір ток көзі бар тізбек үшін ( 2.2 сурет): ток көзінің кернеуі тізбектің баламалы кедергісі мен токтың көбейтіндісіне тура пропорционал