бет 14/17 Дата 16.12.2021 өлшемі 0,57 Mb. #101880 түрі Нұсқаулар
Жұмысты орындау тәртібі:
құрылғымен танысу;
кедергіні («а»«в» клеммаларын) көпірдің П1 П2 қысқыштарына жалғау ;
көпірді жұмысқа дайындау: «ПП» қорек қосқышын «36» қалыпына; сүлбінің «ПС» қосқышын «ГВ» қалыпына (орнатылған гальванометр); құралды ~220В ток желісіне қосып «СЕТЬ» қосқышын «ВКЛ» қалыпына қоямыз , сигнал шамы жану керек;
қатынастар иығының тумблерлерінде «№=1» көбейткішін қосу ;
«ГРУБО» пернесі басылып тұрғанда декадалық тумблерлерді бұрау арқылы гальванометр тілшесін нөлге келтіреміз; дәл осыны «ТОЧНО» пернесі басылып тұрғанда орындаймыз ;
«ТОЧНО» және «ГРУБО» пернелерін жіберу;
тумблерлердің көрсеткіштері бойынша R шамасын жазып алу ; мысалы, R=2х1+3х0,1+8х0,01+8х0,001=2,388;
белгісіз Rx кедергінің шамасын формуласымен есептеп кестеге еңгізу;
көбейткішті №=1:4 қойып 4.5- 4.8 өлшеулерін өткізу ;
дәл соны №=10 үшін орындау;
екінші кедергіні («в» «с» клеммалары) П1 және П2 қысқыштарына қосып өлшеу нәтижелерін кестеге еңгізу;
кедергілерді тізбектей («а» «с» клеммалары) жалғап, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу ;
кедергілерді параллель («ас» «в» клеммалары) қосып, 4.5- 4.10 өлшеулерін өткізу. Нәтижелерін кестеге еңгізу;
қателігін Стьюдент коэффициентін ескеріп өлшеп жатқан шаманың орташа мәнінің жеке өлшеулерден ауытқуы бойынша есептеу ;
жұмыстың нәтижесін 4 жағдай үшін түрінде жазу.
Достарыңызбен бөлісу: