Көп шекті құралдар Өлшенетін шаманың шектерін өзгерту үшін электр сұлбасын ауыстырып –қосуға болатын құралдар көп шекті құралдар деп аталады. Мысалы, амперметрдің шегін өзгерту үшін Rш шунттар қолданылады. Шунттар құралға параллель қосылады. Ал вольтметр үшін қосымша Rқос кедергі қосылады. Ол құралға тізбектей қосылады.