Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар



бет4/26
Дата28.01.2018
өлшемі2,73 Mb.
#34339
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
артықшылықтары: тұрақты және айнымалы токты өлшей алады; жасалуы қарапайым; механикалық берік төзімді; артық жүктеулерге төзімді; кемшіліктері: шкаласы бірқалыпты емес; магнит-электрлік жүйедегі құралдармен салыстырғанда дәлдігі төмен; өлшеудің көрсетулері сыртқы магнит өрістеріне тәуелді.

Электр – динамикалық жүйедегі құралдар.

Электр-динамикалық жүйедегі құралдардың жұмысы: орамалардан өтетін токтардың өзара әсерлесуіне негізделген. Орамалардың біреуі қозғалмайды, ал екіншісі оның ортасында еркін бұрыла алады. Екінші орамаға тілше бекітілген. Өлшенетін ток екі орамадан да өтеді. Орамалардың магнит өрістерінің өзара әсерлесуінің нәтижесінде М1 айналдырушы момент пайда болады. Қозғалмалы орама орамдарының жазықтығы қозғалмайтын ораманың орамдар жазықтығына параллель болатындай бұрылуға тырысады. Бұған М2 момент тудыратын серіппе кері әсер етеді. ; , , Яғни, шкала бірқалыпты емес. Құралдың қолданылуына байланысты орамаларды тізбектей немесе параллель қосады. Параллель қосқанда құрал амперметр ретінде қолданылады.

Электр-динамикалық жүйедегі құралдар тұрақты және айнымалы ток тізбектерінде қолданылады (электр-динамикалық ваттметр).



Құралдардың артықшылықтары: 1) айнымалы және тұрақты токта өлшей алады; 2) өлшеу дәлдігі жеткілікті. кемшіліктері: 1) шкаласы бірқалыпсыз; 2) сыртқы магнит өрістеріне және артық жүктеулерге тәуелді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет