Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар


Зертханалық қондырғы және өлшеу әдісі



бет26/26
Дата28.01.2018
өлшемі2,73 Mb.
#34339
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Зертханалық қондырғы және өлшеу әдісі
Жұмыста трансформатор майының диэлектрлік өтімділігін анықтау үшін, осы маймен толтырылған екі бірдей параллель жалғанған С және N жазық батареяның электр сыйымдылығын өлшеу қажет.

Диэлектрлік өтімділік (6) өрнекке сәйкес келесі өрнекпен анықталады



(7)
Конденсатор батареясының сыйымдылығын анықтау үшін 3-суретте келтірілген сұлба бойынша электр тізбегін құрады.

Жұмыста электр сыйымдылығын анықтау әдісі берілген U кернеуде зерттелетін конденсаторлардың жинақтаған Q электр мөлшерін өлшеуге негізделген. Электр мөлшерін гальванометрдің жарық тілшесінің максималды ауытқуы бойынша, егер оны алдын-ала сыйымдылықтарының эталонды жиынтығының көмегімен градуирлеп, және градуирленген (дәл бөліктелген) график құрылса, бағалауға болады.



Q-ды біле отырып, диэлектрик толтырылған жазық конденсаторлар батареясының С қоспасын келесі өрнек бойынша анықтайды

(8)
мұнда U – конденсатор батареясындағы кернеу.

(8) өрнекті (7)-өрнекке қойып, зерттеліп отырған диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін есептеу өрнегін алады


(9)
Қойылған есептің шешімі екі кезеңнен тұрады:

    1. Баллистикалық гальванометрді градуирлеу (дәл бөліктеу);

    2. Зерттелетін диэлектриктің диэлектрлік өтімділігін анықтау.


PG – баллистикалық гальванометр. Ол рамканың өздік тербеліс периодымен салыстырғанда аз уақыт аралығында оның рамкасы арқылы өтетін заряд мөлшерін өлшеуге қолданылады. Баллистикалық гальванометрдің кәдімгі магнит-электрлік жүйедегі гальванометрден ерекшелігі: қозғалмалы бөлігі ауыр, инерция моменті және өздік тербеліс периоды үлкен. Егер мұндай гальванометр арқылы қысқа импульсті ток (мысалы, конденсатор разряды) өтсе, онда гальванометрдің қозғалмалы жүйесімен байланысқан жарық тілшесінің максималды ауытқуы токқа емес, керісінше гальванометр арқылы өткен Q-зарядқа пропорционал болады.

С – зерттелетін конденсатор батареясы;

Сэ – сыйымдылықтардың эталонды жиынтығы;

GB – тұрақты ток көзі;

RP – потенциометр;

PV – вольтметр;

а1 б – сыйымдылықтың эталоны Сэ жиынтығы немесе зерттелетін конденсатор С батареясы жалғанатын қысқыштар;

SA – сол жақтағы қалыпта тұрған кезде ток көзінен конденсатордлың зарядталуын, ал оң жақтағы қалыпта конденсатордың PG гальванометр арқылы разрядталуын қамтамасыз ететін ауыстырып-қосқыш.


Жұмысты орындау тәртібі:

  1. сұлба бойынша (34.3 сурет) электрттізбегін тексеру;

  2. электр өлшеуіш аспаптардың өлшеу шектерін орнатып, шкалалардың бөлік құнын анықтау;

  3. а,б қысқыштарына (клеммаларына) Сэ сыйымдылықтардың эталонды жиынтығын жалғау (34.3 сурет). Эталонды конденсатордың сыйымдылығын 1-кестеге жазу;

  4. RP потенциометрмен (0,5-1,5) В кернеу орнатып, оны 1-кестеге жазу;

  5. Сэ эталдонды конденсаторды зарядтау (ауыстырып -қосқыш оң қалпында Р);

  6. Сэ эталдонды конденсаторды гальванометр арқылы разрядтау (ауыстырып - қосқыш оң қалпында Р), гальванометрдің жарық

тілшесінің максималды ауытқуын белгілеп, оны 1-кестеге енгізу;
1 кесте



Сэт

мкФ


U, B

Q = Cэ·U

мкКл


n

1

2

3



.

.

10


















  1. гальванометрдің бүкіл шкаласы үшін жарық тілшесінің ауытқуын алуға болатындай, кернеуді немесе сыйымдылықты 8-10 рет өзгертіп, өлшеуді қайталау;

  2. әрбір жүргізілген өлшеу үшін келесі формула бойынша гальванометр арқылы өткен заряд шамасын есептеу;



Q=CэUэ (10)
2 кесте

Өлшем бірлігі

α=0,95 t(3) = 4,30

Ux, B

nx

Qx,

мкКл


ε

<ε>-εi

(<ε>-εi)2

Δε

Δε/<ε>


1

2

3



























Орташ.


























Бақылау сұрақтары





  1. Диэлектрлік өтімділіктің физикалық мағынасы.

  2. Диэлектриктің үйектелуі? Үйектелу түрлері.

  3. Конденсатордың құрылысы. Конденсаторлардың түрлері.

  4. Жазық конденсатордың сыйымдылығы.

  5. Жұмыс формуласын қорытып шағарыңыз.


Әдебиет




  1. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. учебное пособие для втузов /А.А. Детлаф., Б.М. Яворский. – М.: Высшая школа, 1989. – 607 с.

  2. Евграфова А.Г., Коган В.Л. Руководство к лабораторным работам по физике. – М. : 1970. – 350 с.

  3. Иверонова В.И. Физический практикум. Механика и молекулярная физика.– 2-е изд. – М. : 1967. – 280 с.

  4. Кортнев А.В. и др. Практикум по физике. учебное пособие для втузов.– М. : 1965. – 509 с.

  5. Майсова Н.Н. Практикум по курсу общей физики. учебное пособие для студентов заоч. втузов и факультетов. –2-е изд., перераб. и доп. – М. : 1970. – 447 с.

  6. Савельев И.В. Курс общей физики. – М. : 1989. – 350 с.

  7. Трофимова Т.И. Курс физики. учебное пособие для вузов. –7-е изд.: – М. : 2003. – 542 с.



Мазмұны




Кіріспе.......................................................................................................3

1 Электрөлшеуіш құралдар........................................................................4

2 Электростатикалық өрісті зерттеу........................................................10

3 Уитстон көпірі арқылы кедергіні..........................................................15

4 Ток көзінің электр қозғаушы күшін өлшеу.........................................21

5 Баллистикалық гальванометр көмегімен сұйық

диэлектриктердің диэлектрлік өтімдімділігін өлшеу........................25

Әдебиет...................................................................................................33















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет