Электр зертханалық жұмыстарды орындауға методикалық нұсқаулар


Конденсатордың электр сыйымдылығы



бет25/26
Дата28.01.2018
өлшемі2,73 Mb.
#34339
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

Конденсатордың электр сыйымдылығы
Өткізгіштің электр сыйымдылығы С деп, сан жағынан оның потенциалының шамасын бірлікке өзгерту үшін қажет жіберілетін зарядқа тең физикалық шаманы айтады
(3)
Жекеленген өткізгіштің С электр сыйымдылығы оның сыртқы беттерінен, өлшемдерінен, сонымен қатар, қоршаған ортаның диэлектрлік қасиеттеріне тәуелді болады. С электр сыйымдылықтың не өткізгіш зарядына, не оның потенциалына, не оның затына (материалына) тәуелді болмайтынын есте сақтау керек. БХ жүйесінде (СИ) электр сыйымдылық фарадпен өлшенеді.
1 фарад=1кулон/1вольт.
Екі өткізгіштің өзара сыйымдылығы – сан жағынан өткізгіштер арасындағы потенциалдар айырмасын бірлікке өзгерту үшін қажетті, өткізгіштің біреуінен екіншісіне тасымалданатын, зарядқа тең физикалық шама. Өзара электр сыйымдылығы өткізгіштердің формулаларына, өлшемдеріне, өзара орналасуларына және ортаның қасиеттеріне тәуелді болады.

Практикада екі әр аттас зарядталған өткізгіштердің, олармен қоздырылатын электр өрісі тек солардың арасында ғана болатындай формада жасалынып, сәйкесінше орналастырылуы маңызды. Екі өткізгіштің мұндай жүйесі конденсатор деп, ал өткізгіштердің өздері оның астарлары деп аталады. Астарларының формасына байланысты конденсаторлар – жазық, сфералық және цилиндрлік болып бөлінеді. Келесі қатынасты қолданып кез келген конденсатордың электр сыйымдылығының өрнегін қорытып шығаруға болады


(4)
Жазық конденсатор үшін
(5)
Параллель жалғанған бірдей конденсаторлардың батареясының сыйымдылығы

(6)
мұнда S – конденсатордың бір астарының ауданы, м2;

dастарлардың ара қашықтығы, м;

- электр тұрақтысы, =8,85 10-12 Ф/м.

- диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі;

N - параллель қосылған конденсаторлар саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет