Кабельдік желілердегі өрт қауіптілігі
Ток өткізгіш кабельдік желілерді оқшаулау және сыртқы шлангалық қаптамалар әдетте жанғыш материалдардан дайындалады, сондықтан нысандардағы кабель қаптамалары өзбетінше жанғыш материалдар қоймасы секілді, сонымен қатар бақыланбайтын және өрт сөндіру немесе дабылымен жабдықталған қойма секілді. Кабельдік желілердегі өрттер тек ғана кабельдің зақымдануына емес, сонымен қатар оған қосылған электр қондырғыларының, тізбектегі қондырғылардың және құрылыстық конструкциялардың зақымдануына алып келеді; олар бүкіл нысанның істен шығуына алып келуі мүмкін.
Жанғыш заттардың маңызды жылутехникалық сипаттамасы жану жылуы (жылубөлу қабілеті, яғни масса немесе көлем бірлігінің жануы кезіндегі бөлінетін жылу (кесте 1)) болып табылады. Кабельдік желілердегі өрттерге аталған көрсеткіштер қолданбалы, негізінде бөлінетін жылудың жалпы мөлшері мен өрттің жану температурасын анықтайды.
Кесте келтірілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, өрт жағынан қарағанда қауіптісі пластмасса; себебі 1 кг оқшаулауыш резеңкенің жануы кезінде бөлінетін жылу ағашпенен (2500 ккал/кг) салыстырғанда 1,6 есе көп, ал полиэтиленді оқшаулауыш үшін бұл көрсеткіш 4,6 тең. Полиэтиленді оқшаулауыш антрацит (7500 ккал/кг) секілді жанғыш материалдан 1,6 есе тиімдірек
Кабельдердің өзге нормаланған сипаттамалары болып келесілер табылады: жанудың өздігінен таралмауы, отқа төзімділігі, жану кезіндегі түтін түзілуінің оптикалық тығыздығы және газдың бөліну өнімдерінің уыттылығы.
Кесте 1. Электротехникалық материалдардың жылубөлу қабілеттері
Наиритті резеңке ШН-40
Оқшаулауыш резеңке
|
4573
4027
|
Оқшаулауыш полиэтилен
|
11491
|
Оқшаулауыш поливинилхлорид
|
5949
|
Шлангалы поливинилхлорид
|
6158
|
Кабельді қағаз
|
3799
|
Прорезеңкелі миткаль
|
3004
|
Шынымата
|
2165
|
Алюминий
|
7860
|
Достарыңызбен бөлісу: |