Электр қондырғылары – өртқауіпті фактор
Электр қондырғылары өрт көзі ретінде екі түрлі көзқарастан қарастырылуы қажет. Біріншіден, өрт электр техникалық құрылғысының ішінде орын алуы мүмкін, соның ішінде тұйықталып сыртқа таралмайды. Екіншіден, өрт сыртқы қоршаған заттарға, қондырғыларға және нысанның конструктивтік элементтеріне таралуы мүмкін. Бірінші жағдайда материалдық залал істен шыққан бұйымдарды жөндеу құнымен шектеледі немесе тіпті оның орын алмауыда мүмкін (мысалы, электрлік қондырғының ішінде жинақталған көмір шаңының жануы). Екінші жағдайда электр қондырғысы өрттің шығу көзі рөлін атқарады. Мұндағы материалдық шығындар көп болуы мүмкін, тіпті адам өлімі мен ғимараттардың қирауы орын алуы мүмкін.
Электротехникалық бұйымдардың өртенуіне алып келетін негізгі фактор, ашық оттың пайда болуы, яғни басқарылмайтын электрлік доға (бұл факторды А индексі деп белгілейік), немесе жекелеген детальдардың электр тогымен аса қызуы (Б индексі деп белгілейміз). Электрлік оқшаулауыштың зақымдануынан туындаған түрлі тұйықталулар электрлік доға болып табылады, ал токпен аса қызу механикалық зақымдану немесе түйісудің қанағаттанарлықсыз кезінде болады.
Доға жанғыш оқшаулауыш материалдарды тұтандырады; ол электротехникалық бұйымның металл қаңқасын бұзуы мүмкін, және де осыдан кейін қоршаған заттарға жалынның таралуы орын алуы мүмкін. Кернеу тогының қызуы электрлік оқшаулауыштың зақымдануына алып келеді және сәйкесінше салдарымен электрлік доға пайда болады.
Электр қондырғылары өндіру зауыттарында сынау кешенінен өтеді, сондықтан қалыпты шарттарда эксплуатациялау кезінде өрт көзі болмайтынына кепілдік береді, жоғарыда аталған өрт туындататын шарттардың болуын нақты ақаулармен байланыстырған жөн, олар электр қондырғыларын монтаждау және эксплуатациялау кезінде туындауы мүмкін.
Ток өткізгіш бөліктердің қызуынан болатын ақаулар немесе тұйықталулардың негізгі түрлері:
1. Беттік ылғалданудан, беттік ластанудан немесе көлемдік ылғалданудан болатын электрлік оқшаулауыш күйі сапасының нашарлауы (А факторының орын алуына алып келеді).
2. Монтаждау дефектілерінен, дірілден, коррозиядан, түрлі температуралық деформациялардан түйісу қосылыстарының механикалық әлсіреуі (Б факторының орын алуына алып келеді). Қысқа тұйықталу салдары болып табылатын динамикалық ауыртпалық, кезеңімен қызу және салқындау нәтижесіндегі детальдар өлшемдерінің циклдық өзгеруі, кернеуді сөндіру, жылулық үрдістерден кейінгі оқшаулауыш панелі қалыңдығының өзгеруі (жұқаруы) түйісу қосылыстарының әлсіреу себептері бола алады.
3. Қорғаудың электрлік берілістері мен аппаратураларындағы механикалық ақаулар (Б факторының орын алуына алып келеді): подшипниктердің істен шығуы, беріліс механизмдерінің ақаулығы және т.б.
Электр қондырғыларының ақаулығынан туындайтын өртқауіпті жағдайлардың 70% жуығы жерге бір фазалық тұйықталу кезінде орын алады. Өртқауіпті жағдайлардан қорғау – оқшаулауышты бақылау, электрқондырғыларын және беріліс механизмдерін дұрыс техникалық күтім жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |