«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған


Жұмысшы кернеудің ажыратылған кезіндегі өлшеулер



бет28/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
Жұмысшы кернеудің ажыратылған кезіндегі өлшеулер

Ажыратылған жұмысшы кернеу кезінде тұрақты кернеуді қою әдісі қолданылады. Өлшеуіш аспап – тасымалдамалы немесе қаңқалы мегаомметр И – тұрақты кернеу көзінен Е және миллиамперметрден А тұрады (сурет 9).


Сурет 9. Жұмысшы кернеу ажыратылған кездегі өлшеу

Аспаптың бір полюсі (әдетте оң) ток өткізгіш бөлікке қосылады (мысалы, 1 клеммаға), ал екінші полюс – тексерілетін электртехникалық бұйымның қаңқасына.

Орнатылған тәртіпте С1 және С2 сыйымдылықтарын зарядтағаннан кейін қаңқаға салыстырмалы ток Іизм – 1 полюсте таралана түседі: оның бір бөлігі I’изм R1 оқшаулауыштың 1 полюсінің эквивалентті кедергісі арқылы өтеді, ал келесі бөлігі I"изм – RH кедергісінің кернеуі арқылы және R2 оқшаулауышының эквивалентті кедергісі 2 полюсі арқылы өтеді. Ары қарай ток қаңқа бойынша өтеді және миллиамперметр А тізбегінде жинақталады.
Сурет 10. Тұрақты ток желісі оқшаулауышының кедергісін теңестірілген көпір әдісімен өлшеу
Іс жүзінде айнымалы ток көзінен қоректенетін тасымалдамалы мегаомметрлер (М127) қолданылады немесе автономды көзді (М4100). Соңғысы ретінде индуктивті қолмен берілісті генератор қолданылады (бұраманың айналым жылдамдығы 2 айн/с). Бұраманың айналу жылдамдығының тұрақсыздығынан өлшеу қателігін азайту үшін, мұндай мегаомметрлерде өлшеуіш аспап ретінде миллиамперметр емес, логометр қолданылады, оның бір рамкасы кернеу көзіне қосылған, ал екіншісі өлшеуіш тізбегіне қосылған.

Өлшеудің шынайылығын арттыру үшін өлшеу кернеуін бақыланатын тізбектің жұмысшы кернеуне жақын мәнде таңдайды. Кернеуі 100 – 400 В аралығындағы электр қондырғылары үшін кернеуі 500 В мегаомметрлер қолданылады. Өлшеудің қауіпсіздігіне өлшенетін желідегі ток күшін 1 мА шамасына қосымша кедергісін R = 0,5 МОм дейін шектеу есебінен қол жеткізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет