Қазақстан Республикасының электр жеткізу желілері кернеуі 0,4-1150 кВ электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің жиынтығынан тұрады.
Қазақстанда жүйелерді топтастырушы торап қызметін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады, республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерінің арасында электр байланысын, сондай-ақ көтерме тұтынушыларға электр станцияларымен электр энергиясын беру мен жеткізуді қамтамасыз етеді. Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ теңгеріміне кіреді.