Электрожарақат



Дата08.02.2022
өлшемі337,2 Kb.
#119114
Байланысты:
электрожарақат















Электрожарақат
Электрожарақат дегеніміз • адам организмінің электр тогымен зақымдануы нәтижесінде мүшелер мен жүйелерде терең функционалды бұзылыстардың дамуы, ең бірінші – ОЖЖ, қан айналым және тыныс алу мүшелерінде. Электрожарақатты электр тоғының көзімен тікелей жанасқанда ғана емес, кездейсоқ кернеу астындағы қалған заттармен жанасқанда да алуға болады.

Локализациясына қарай электрожарақаттың 2 категориясын ажыратады • жергілікті электрожарақат – шектелген аймақтың болуымен сипатталады, мысалы, электро күйіктер • жалпы электрожарақат - ағзаның екі немесе одан да көп бөліктерінің зақымдалуы, мысалы, найзағай соғу
Электрожарақаттың ауырлығының 4 дәрежесін ажыратады: • І дәрежеде - науқас есін жоғалтпайды, бұлшық еттері құрысып жиырылады. • II дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады. • III дәрежеде - науқас есін жоғалтады, бұлшық еттері құрысып жиырылады және жүрек пен өкпенің қызметтері бұзылады. • IV дәрежеде - клиникалық өлімнің белгілері байқалады.
• Жеңіл дәрежесінде (І-ІІ) пайда болған өзгерістер 1 -2 аптада жойылады. Ауыр дәрежесінде жүрек-қан тамыр жуйесінде тұрақты өзгерістер дамиды, кейде миокардтың инфаркты болуы мүмкін. • Тіндердегі жергілікті өзгерістер электрокүйік белгілерімен сипатталады. Олар электр энергиясының жылу энергиясына ауысуының нәтижесінде болатын, тоқ кірген және шыққан жерлерде байқалады.
Жарақаттың тереңдігіне байланысты электро күйіктің 4 дәрежесін ажыратады: • 1. Эпидермистің зақымдалуы. • 2. Эпидермис ажырап, көпіршіктердің түзілуі. • 3. Терінің барлық қабаттарының коагуляциясы. • 4. Тері мен терең орналасқан тіндердің зақымдалуы.
Клиникасы • науқас есін жоғалтады(бас миы зақымдалған кезде) • күйіктер: тереңдігі әр түрлі болады • ток белгісі – дақтар(оваль тәрізді, күлгін түсті) • бұлшықеттер құрысып жиырылады (бұлщықет, тамыр, байламдардың жыртылуы, сынықтар) • жүректің және тыныс бұлшықеттерінің салдануы

Алғашқы көмек: • науқасты дереу токтан ажырату керек. Құтқарып жатқан адам өзі токқа түсіп қалмау үшін, ток өткізбейтін заттарды (құрғақ таяқ, арқан немесе қатты кағазды) пайдаланып, токтан ажырату қажет. Құтқарушыны жерден аластату үшін, аяғының астына құрғақ тақтай немесе резеңкеден жасалған зат қойылады. 2 -4 дәрежелі электрожарақаттарда токтан ажыратып алғаннан соң, науқасқа бірден реанимациялық шаралар жүргізілуі тиіс: ӨЖР, жүректің тікелей емес массажы; егер 3 -5 минуттың ішінде нәтиже болмаса, дефибрилляторды пайдаланады және науқасқа интубация жасалады. Жүргізілетін шаралардың ұзақтығы бірнеше сағатқа созылады. Тірілтуді, тек өлімнің биологиялық белгілері пайда болғанда ғана гоқтатады (мәйіттік дақтар, дененің қатуы).

• Пульсін, тыныс алуын тексеру • комаға түскен жағдайда науқасты ішімен жатқызу • есін білген жағдайда көп сұйықтық ішкізу • күйік болғанда асептикалық таңғыш салу • Зардап шегуші құса бастаған кезде оның басы мен иығын құсықтық массаны шығару үшін солға бұрады • сынық болған кезде иммобилизация жасау, қанды тоқтату • егер науқас есін білсе, аспирин және седативті препарат беруге болады (корвалолдың 50 -100 тамшысын)
Ескерту: • Зардап шеккен топырақ себуге рұқсат етілмейді, себебі бұл оған тек зиян келтіреді және оны құтқаруға жұмсалатын алтын минуттардың өтуіне әкеп соғады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет