Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісі магниттік индукция векторымен (В) сипатталады. В-ның мәні магнит моменті бар қозғалыстағы электр зарядына және денелерге өрістің берілген нүктесінде әсер етуші күшті анықтайды.
Электр өрісі–қозғалмайтын нүктелік зарядтар айналасында болса,ал магнит өрісі-қозғалыстағы зарядтар айналасында болады.
Электрлік және магниттік құбылыстардың өзара байланысын бірінші рет 1820 жылы дат физигі Эрстед ашқан болатын.
Яғни тогы бар өткізгішке магнит стрелкасын жақындатқанда,стрелканың ток бағытына қарай бағытын біршама өзгерткендігін байқаған.Ал бұл магнит өрісінің бар екендігін дәлелдейді.Магнит өрісін өткізгіштен өтетін электр зарядтары туғызады.
Магнит өрісі
Өрістің кез келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің (магнит индукция векторының) бағытымен сәйкес келетін көрнекті сызықтар. Магнит өрісінің күш сызықтарын бақылау үшін келесі тәжірибені қолдануға болады. Қағаздың бетіне темір үгінділерін төгіп, оның ортасына өткізгіш қоямыз. Өткізгіштің бойында тоқ жоқ кезде ешқандай өзгеріс балқалмайды, ал өткізгіш бойынан ток өткенде темір үгінділері шеңбер бойымен реттеліп орналасады. Себебі ток туғызған магнит өрісінде темір үгінділері магниттеледі де бір-біріне тартылады. Магнит өрісінде кішкентай магнит тілшелерінің осьтерін бойлай орналасқан сызықтар магнит өрісінің күш сызықтары деп аталады.
Магнит өрісінің күш сызықтары
Атауы
Анықтамасы
Формуласы
Өлшембірлігі
Магнит индукциясы
Магнит өрісінің қасиеттері сипаттайтын физ.шама
В= Fmax / IƖ
Тесла
Ампер күші
Магнит өрісінде тұрған тогы бар өткізгішке әрекет ететін күш
FA = IƖB sin a
Ньютон
Лоренц күші
Магнит өрісінде өозғалатын зарядталған бөлшекке әрекет ететін күш
F=qʋB
Ньютон
Магнит өтімділігі
Заттағы магнит өрісінің сандық түрде көрсететін физ.шама