Электромагниттік өріс және электромагниттік толқындар Электр өрісі



бет3/5
Дата24.11.2022
өлшемі0,66 Mb.
#159646
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бизнес психологиясы

Электромагниттік өріс дегеніміз-көптеге техникалық және физикалық қондырғылар да энергияны және сигналдарды түрлендіру және алысқа берудің негізгі физикалық көзі электромагниттік өріспен байланысты процесстерге тән қасиет электромагниттік өрісті уақыт және кеңістікке байланысты сипаттауды қажет етеді.Бұл қажеттілік электромагниттік өріс теориясының әдістерін жетілдіруді талап етеді. Электромагниттік өрістің белгілі бір ерекшеліктері байқалатын қондырғыларды электр тізбегінің элементтері есебінде пайдалана отырып , онан да гөрі күрделі приборлардың және қондырғылардың электрлік тізбегінің теориясын жасауға пайдалануға болады.


Электромагниттік құбылыстарды сипаттау үшін,механикалық құбылыстарды сипаттағанда пайдаланылған масса ұзындық және уақыт ұғымынан басқа жаңа ұғымдар енгізу керек. Бұл,облысты келешекте “бостық”деп белгілейміз. Кей жағдайларда “бостық”деген ұғымды ұқсас жағдайда пайдалану үшін “ваккум”деген ұғым енгізіледі.
Электромагниттік өріс

Электромагниттік өрістің зарядталған бөлшектерге күштің әсерінің векторлық сипаты бар және бөлшектердің қозғалыс жылдамдығына және электрлік зарядына байланысты.Осыған байланысты мынадай анықтама беруге болады: Электромагниттік өріс дегеніміз - оның екі жағынан сипаттайтын “Электрлік және магнит өрісі деп аталатын” екі векторлық шамамен анықталынатын зарядталған бөлшектерге олардың жылдамдығына және зарядына байланысты болатын күштік әсер жасайтын материяның ерекше түрі.


Элементар электр заряды дегеніміз – электронның және протонның меншікті электр өрісімен өзара байланысын сипаттайтын, электрон мен протон үшін абсолют жағынан тең, таңбалары қарама-қарсы сан мәндерімен анықталынатын ерекше қасиеті бар бөлшек. Кез-келген электромагниттік құбылыс толығымен алғанда бір-бірімен тығыз байланысты магниттік және электрлік жағынан сипатталады. Электромагниттік өріс екі бір-бірімен байланысқан электр және магнит өрісінен тұрады. Зарядталған қозғалмайтын өткізгіш денелер маңайында тек электр өрісі болады, осыған ұқсас, кеңістіктің қозғалмайтын тұрақты магнитті қоршаған бөлігінде тек магнит өрісі болады,осыған ұқсас, кеңістіктің қозғалмайтын тұрақты магнитті қоршаған бөлігінде тек магнит өрісі болады.
Дегенмен бұл жағдайда құбылысты толығымен қарастырсақ, оның электрлік және магниттік жақтарын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет