Машиналар салқындату (суыту) тәсіліне байланысты жіктеледі:
-табиғи салқындату (айналмалы бөлшектердің желдету әсері арқылы);
- еріксіз салқындату ( арнаулы қондырғы арқылы)
Машиналарды суыту үшін ауа, сутегі, май, су қолданылады.
Өндірісте статоры мен роторы диск түрінде жасалған шеттік машиналар да қолданылады. Бұл машиналарда магнит өрісінің энергиясы осы дискілердің арасына шоғырланады.
Конструкциясы жағынан индукторлық машиналар айтарлықтай әртүрлі болып келеді. Екі роторы және екі статоры бар индукторлық машиналар көп қолданады.
Төменгі кернеу кезінде өте үлкен ток (100 000 А дейін) алу үшін униполярлы машиналар қолданылады. Оларда коллектор болмайды, бірақ міндетті түрде сырғымалы түйіспе (контакт) болады.)
Төменгі кернеу кезінде өте үлкен ток (100 000 А дейін) алу үшін униполярлы машиналар қолданылады. Оларда коллектор болмайды, бірақ міндетті түрде сырғымалы түйіспе (контакт) болады.)
Қысқаша тұйықталу тогын шектеу үшін реакторлар (болат өзекшесі бар индуктивтілік орама ) қолданылады.
Біз тек электр машиналарының негізгі түрлерін және негізгі құрылымын қарастырдық. Оларды толық түрде арнаулы курстарда қарастырады.
Электромеханиканың заңдары
Электромеханика физиканың бір тарауы болып табылады. Онда энергияның электромеханикалық түрленуі қарастырылады.